Жұмысты орындау әдістемесі 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жұмысты орындау әдістемесі

Поиск

2 тапсырма

Ауески ауруы — жіті өтетін вирустық ауру. Негізгі клиникалык сипаты: ауру малдың терісі кышып, осыған орай тырналып жарақаттанады. Бұл көрініс тек шошқада болмайды.

Жасы 2 аптаға толмаған торайды сойып зерттегенде геморрагиялық диатез, бауыр мен көк бауырда-субмилиарлы некроздар, ал 2-3 айлық торайда, ересек шошқада-фибринді ларингит, фарингит, жіті өтетін катарлы пневмония, жіті өтетін гастроэнтерит анықталады. Гистологиялық жолмен мидың барлық бөліктерінде іріңсіз энцефалитке тән өзгерістер көрінеді.

Макропрепарат. Ауески ауруынан өлген бір күндік торайдың бауыры мен кек бауырындагы субмилиарлық некроздар. Мұқият қарасаңыздар бауыр мен көк бауырда өте ұсак, домалақ пішінді, сұрғылт түсті некроз ошақтарын көресіздер.

№79а гистопрепарат. Ауески ауруынан өлген торайдың көк бауыры.

Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, пішіні әртүрлі көкшіл боялған некроз ошақтарын іздеп табыңыз. Микроскоптың орташа объективі арқылы қарағанда бұл ошақтарда мүшенің әдеттегі кұрылымы өзгеріп біркелкіленгенін, көлемі мен пішіні әртүрлі хроматин кесекшелерін көресіз (кариорексис, кариопикноз).

Сурет салыңыз: некроз ошақтарын, олардағы ядро сынықтарын, некрозды қоршаған қалыпты жағдайдағы талақ құрылымын көрсетіңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Шашыраңқы іріңсіз лимфоцитарлы энцефаломиелитке

тән макро- және микроөзгерістер.

2. Құтырып өлген итті сойып зерттегенде көрінетін

өзгерістер.

3. Бабеш-Негри денешіктері туралы түсінік, олардың

морфологиясы.

4. Ауески ауруынан өлген торай мен ересек шошқадағы

патологиялық морфологиялық өзгерістер.

 

№8 зертханалық жұмыс

 

Тақырыбы: "Эпителиотроптық вирустық аурулар патоморфологиясы аусыл, шешек”

Жұмыстың мақсаты - Эпителиотропты вирустық инфекциялардың (аусыл, шешек) морфологиялық көрінісін анықтау.

Жұмысқа керекті кұрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар.

2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: аусылдан өлген зубробизон мес қарынның  кілегейлі қабығындағы ойылымдар, аусылмен ауырған сиыр тілінің кілегейлі қабығындағы эрозиялар, қатерлі аусылдан өлген сиыр жүрегі, шошқа құлағындағы шешектік бөртпелер, шешекпен ауырып өлген екі апталық торай қарнындағы шешектік бөртпелер.

3. Гистоколлекциялық микропрепараттар: аусылға тән альтерациялық миокардит (94).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)