Тақырыбы: Листериоз бен лептоспироздын патоморфологиясы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: Листериоз бен лептоспироздын патоморфологиясы

Поиск

№ 4 практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты — листериоз бен лептоспироздың морфологиялық көрінуін зерттеу.

Құрал-жабдықтар:плакаттар, макропрепараттар.

Листериоз— орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, сепсиспен, іш тастаумен және желінсаумен сипатталатын сүтқоректілер мен құстың жіті инфекциялық ауруы. Қоздырушысы - Listeria monocytogenes. Ауылшаруашылық малдың барлық түрі, оның ішінде құстар, жабайы аңдар және адам ауырады. Жас және буаз жануарлар ауруға сезімтал келеді.

Листериозға белгілі бір аймақта орын тебу және табиғи ошақтылық тән. Ауру көбінесе қыс пен көктемде кездеседі. Листериоздың ең қауіпті таратушылары және негізгі табиғи қорламасы - тышқан тектес кемірушілер. Олардың бөлінділерімен жайылым, жемшөп, су мен топырақ ластанып, одан барып басқа жануарларға жұғады.

Табиғи жағдайда ауру мұрын мен ауыздың кілегейлі қабығы, конъюнктива, ас қорыту жолдары, зақымданған тері арқылы жұғады. Қан сорғыш жәндіктер: кене, бүрге, бит, т.б. қатысуымен трансмиссивтік жолмен жұғуы да мүмкін. Организмге еніп, көбейген листериялар бүкіл организмге нейрогеңді, гематогенді және лимфогенді жолдар арқьлы тарайды. Ересек малдың негізінен орталық жүйке жүйесі, ал буаз малдың жыныс мүшелері зақымданады, төлде - сепсистік өзгерістер дамиды.

Ауру жіті немесе жітілеу түрде өтеді де клиникалық белгілері бойынша: жүйкелік, сепсистік, гениталдық, аралас, субклиникалық және жасырын. Үй жануарлары патологиясында ең маңыздысы - жүйкелік түрі.

Жүйкелік түрі қой мен ірі қарада өте жиі кездеседі. Менингит және энцефалит дамиды. Ауырған мал денесін дұрыс меңгере алмай, қозғалғанда тәлтіректеп, бір орында айнала береді. Тепе-теңдігін сақтай алмай, тұла бойы тырысып, бұлшық еттері сіресіп, мойыны қисаяды. Аурудың соңғы сатысында тұла бойы мен аяқ бұлшық еттері салданған жануар орнынан тұра алмай жатып қалады. 10 тәулікке созылған ауру өліммен аяқталады. Ми қабықтары мен заты домбығады, тамырлары қанға толады, нүктелі, дақты қанталаулар көреміз. Мидың артқы бөлігінде кейде жұмсарған ошақтар табылады.

Аурудың сепсистік түрінде (кұстарда, торайларда, қозыларда мен лақтарда) кілегейлі және сірлі қабықтарда, лимфалық тұйіндерде, көк бауырда қанталаулар мен қанның іркілуі, паренхималық мүшелер дистрофиясы, жіті катарлы немесе геморрагиялық гастроэнтерит, торайларда кейде катарлы бронхопневмония байқалады. Листериоздық септицемияға тән ерекшелік - бауырда, көк бауырда, бүйректе және миокардта некроз ошақтарының пайда болуы.

Гениталды түрінде эндометрит, іш тастау немесе төлдің шалажансар туылуы байқалады.

Макропрепарат. Листериозбен ауырған 14-күндік бұзау бауыры мен өкпесіндегі некроз ошақтары. Ошақтар домалақ келген, сұрғылт-сарғыш түсті, біркелкі, шеттері айқын.

Макропрепарат. Қой листериозындагы эпикард асты қанталаулар. Эпикард астында көптеген нүктелі қанталаулар көрінеді.

Лептоспироз- созылмалы өтетін, сарғаю мен септицемиялык өзгерістермен сипатталатын зооантропоноз.

Қоздырушысы - лептоспира. Ірі қара мал, жылқы, шошқа, ит, мысық, жабайы аңдар ауырады. Негізінен ауру алиментарлы жолмен жұғады, зақымданған тері және құрсақ арқылы да жұғуы мүмкін. Құрсақ арқылы жұққанда іш тастайды, төл өлі туады немесе туылғаннан кейін тез арада өледі. Ауру созылмалы түрде өткенде сарғаюдың болмауы мүмкін, анемия, мүшелердің атрофиясы, интерстициялық гепатит және нефрит, терінің терең некроздары болады. Итте лептоспироздың 2 түрі болады: сарғаю (иктерогемоглобинурия) және сарғаюсыз (штутгарт ауруы).

Саргаю түрінде өзгерістер жоғарыда айтылғандай.

 Штутгарт ауруында — ойылымды стоматит пайда болады. Ернінде, жағында, қызыл етінде, тілдің астында эрозиялар мен ойылымдар сұр түсті некроздалған массамен жамылған. Қарын мен ішектің куысындағы сұйық қара-қошқыл түсті. Аш ішектің инвагинадиясы, геморрагиялық гастроэнтерит. Жүректе — ойлымды эндокардит. Жұтқыншақта, кеңірдектің жоғарғы жағында жуан қатпарлар, кейде әктелген ұсақ төмпешіктер болады. Өкпе гиперемия, домбығу күйінде, апьвеолаарлық ұлпаның әктенуіне байланысты тығыздыгы ағашқа ұқсайды. Әктенген ошақтар плевра мен қабырға арасында да табылады. Бауыр ұлғаяды, сарғыш дақтары болады (майлану дистрофиясы). Бүйректе - созылмалы интерстициялык нефрит. Уремия - жағымсыз иісті несептің ыдырауымен байқалады. Гистологиялық зерттеуде - бауыр мен бүйректе Леватиди тәсілімен күмістеу арқылы  лептоспираларды көруге болады.

Макропрепарат. Лептоспирозбен ауырган ит бүйрегі. Бүйректер ұлғайған, тығыздығы болбыр, қыртысты және милы қабаттарында көптеген қанталаулар бар.

Бақылау сұрақтары:

1. Листериоз: анықтамасы, жалпы сипаттамасы.

2. Аурудын негізгі клиникалық-анатомиялық түрлері.

3. Лептоспирозда болатын өзгерістер



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 79; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)