Тақырып: "Нейротроптық вирустық аурулар патоморфологиясы: құтырық. Ауески ауруы" 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырып: "Нейротроптық вирустық аурулар патоморфологиясы: құтырық. Ауески ауруы"

Поиск

№7 зертханалық жұмыс

Тақырып: "Нейротроптық вирустық аурулар патоморфологиясы: құтырық. Ауески ауруы"

Жұмыстың мақсаты - құтырықта, Ауески ауруында мүшелердегі патоморфологиялық өзгерістерді, олардың диагностикалық маңызын анықтау.

Жұмысқа керекті кұрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар.

2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: құтырық өлген ит қарнының кілегейлі қабығындағы қанталаулар, құтырып өлген ит қарнындағы бөгде заттар, Ауески ауруынан өлген бір күндік торайдың бауыры мен көк бауырындагы субмилиарлық некроздар.

3. Гистоколлекциялық микропрепараттар: шашыраңқы іріңсіз лимфоцитарлы энцефалит (№74а), Ауески ауруынан өлген торайдың көк бауыры (№79а).

Жұмысты орындау әдістемесі

1 тапсырма

Құтырық - адам мен малдың жіті, өте ауыр өтетін, жүйке жүйесін зақымдайтын вирустық ауруы.

Құтырық өлген  итті сойып зерттегенде қоңдылықтың ете төмендегені тері асты шелі, құрсақ және көкірек куыстары сірлі қабығының кұрғақтанғаны (ангидремия), қарында қоректік заттың жоқ екені немесе әдетте ит жемейтін бөгде заттар, кілегейлі қабықта қанталау дақтары, эрозиялар анықталады. Құрсақ қуысындағы мүшелер (бауыр, бүйрек) қанмен толған. Мидың жұмсақ қабығы домбыкқан, ми затында қаңталау нүктелері болуы мүмкін. Микроскоп арқылы миды, негізінен сопақша ми мен аммон мүйізін, зақымдайтын шашыраңқы іріңсіз энцефалитке тән өзгерістерді, нейрондарда, цитоплазмаялық Бабеш-Негри қосымша дәнешіктерін көреміз.

Макропрепарат. Құтырып өлген ит қарнының кілегейлі қабыгындагы қанталаулар. Кілейгейлі қабыққа қара түсті қаңталау дақтары бар.

Макропрепарат. Құтырып өлген ит қарнындағы бөгде заттар. Қарын сабанмен толған.

№74а Гистопрепарат. Шашыраңқы іріңсіз лимфоцитарлы энцефалит. Препарат Ниссль әдісі бойынша толуидин көгімен боялған, құырып өлген иттің сопақша миынан жасалған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен зерттей отырып, қан тамырларындағы өзгерістерге назар аударыңыз: оларды қан кернеген, кейбір қан тамырларының айналасындағы лимфоциттер, гистиоциттер шоғырлары орналасқан (периваскулярлық торшалық муфта), басқа біреулерінің айналасында эритроциттер шоғырлары бар (диапедездік канталау). Нейрондарды тауып оларды микроскоптың орта (об.40) үлкейткішімен зерттеңіз. Әуелі қалыпты нейрондарды табыңыз: олардың ядросы мен ядрошықгары айқын көрінеді, цитоплазмасында көптеген сопақша келген хроматофилді зат (Ниссль түйіршіктері) бар. Зақымданған нейрондарда мынадай өзгерістерді көресіз:

1.  Ниссль түйіршектері ұсақталған (хроматофилді заттың ыдырауы);

2. Хроматофилді зат толық жойылған (хроматолиз);

3. Нейрон цитоплазмасы вакуолденген (сулану дистрофиясы);

4.  Нейронның цитоплазмасы да, ядросы да өте солғын боялған, (цитолиз «көлеңке торша»);

5. Нейрон кішірейіп, қара көк түске боялған, ядросы айқын көрінбейді (нейронның бүрісуі, нейронның склерозы).

Енді нейроглияға көңіл бөліңіз. Препаратты қозғай отырып, кей жерлерде олардың санының көбейгеніне, соған байланысты шоғырлана орналасқанына көз жеткізесіз. Сонымен шашыраңқы ірінсіз лимфоцитарлы энцефаломиелитте (энцефалит-мидың қабынуы, миелит-жұлынның қабынуы) нейрондар, нейроглия және қантамырлары өзгерістерге ұшырайды. Ми мен жұлынның мұндай зақымдануы көптеген вирустық ауруларға, әсіресе нейротропты (негізінен жүйке жүйесін зақымдайтын) ауруларға тән.

Сурет салыңыз: нейрондар, нейроглия, қантамырлар өзгерістерін көрсетіңіз.

№74 б гистопрепарат. Құтырыққа тән Бабеш-Негри денешіктері Аммон мүйізі нейрондарында. Туревич әдісімен боялған. Бабеш-Негри қосымша дәнешіктері-ганглиозды торшаларының цитоплазмасында пайда болатын ерекше құрылымдар. Олар дөңгелек, сопақша кейде ұшбұрышты болып келеді, көлемі 1-27 мкм шамасында. Торшадағы саны біреу, бірнешеуі болуы мүмкін. Үлкен көлемді Бабеш-Негри денешіктерінің құрылымы күрделі: біркелкі қышқыл бояумен боялған, негізгі затта базофилді, түрлі пішінді түйіршіктер болады. Бабеш-Негри қосынды денешіктері табиғи жағдайда құтырып өлген иттердің 95%-де, ал басқа жануарлардың 75%-де табылады. Олар көбінесе аммон мүйізі, сопақша ми, мишық, ми қыртысы торшаларында кездеседі. Бабеш-Негри қосымша-денешіктері бар нейрондардың суретін салыңыз. Ол үшін түрлі-түсті плакатты пайдаланыңыз.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 85; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)