Тақырыбы: Микоплазмоздар патоморфологиясы: ірі қара малдың жұғымтал плевропневмониясы, құстардың респираторлы микоплазмозы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: Микоплазмоздар патоморфологиясы: ірі қара малдың жұғымтал плевропневмониясы, құстардың респираторлы микоплазмозы

Поиск

№ 7 практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты- ірі қара малдың перипневмониясына, ешкінің плевропневмониясына және құстардың респираторлы микоплазмозына тән макро- және микроскопиялық өзгерістерді анықтау.

Құрал-жабдыктар:плакаттар, макропрепараттар.

Тапсырманы орындауга арналған әдістемелік нұсқаулар

Ірі қара малдың (сиыр, қодас, енеке) жұғымтал плевропневмониясы (алаөкпе) - жұғымтал ауру. Ол өкпенің және плевраның фибринді қабынуымен, кейінірек өкпеде некроз ошақтарының пайда болып, олардыц секвестрленуімен сипатталады. Қоздыруышысы-Mycoplasma mycoides. Ауру ауа жолымен жұғады, өте жіті (2-8 күн), жиі (14-28 күн), жітілеу және ұзақка созылып өтеді. Бронхит, перибронхит, бөлікшеаралық дәнекер ұлпаның сарысулы-фибринді қабынуымен басталып, процесс көп кешікпей крупозды пневмонияға ұласады. Зақымданған өкпе бөлігінің тілік беті түрлі-түсті болады (ала өкпе). Лимфа және қан тамырларының тромбозға ұшырауына байланысты өкпеде некроз ошақтары пайда болады.

Макропрепарат. Жүгымтал плевротевмониядан өлген сиыр өкпесі. Өкпенің тілік беті турлі- түсті (ала); мүше бөлікшелері қызарып және сұрланып нығыздалған (қатайған), олардың араларындағы дәнекер ұлпа сарысулы-фибринді экссудатгъщ сіңуіне және лимфа тамырларының кеңеюіне байланысты ісініп қалыңдаған.

Макропрепарат. Жұгымтал плевропневмониядан өлген сиыр өкпесі. Препаратта бөлікшелер аралығындағы дәнекер ұлпа өзінің акшыл-сұрғылт түсімен бірден көзге түседі. Ол шамадан тыс қалыңдаған.

Макропрепарат. Жугымтал плевропневмониямен (алаөкпемен) ауырган сиыр өкпееіндегі секвестр. Секвестрлену, яғни некрозданған жердің тірі ұлпадан бөлініп, некрозбен тірі ұлпаның арасында саңлаудың пайда болуы ала өкпеге тән құбылыс.Препаратта некрозданған жер сұрғылт, көмескі, нығыз, әдеттегі өкпеге тән көріністен айырылған. Ол айналасындағы тірі ұлпадан саңлау арқылы бөлінген.

Ешкінің жұгымтал плевропневмониясы (кебенек)- өкпенің крупозды қабынуымен, плевраның сарысулы-фибринді кабьгауымен сипатталатын ешкінің жұқпалы ауруы. Қоздырушысы-Myeoplasma mycoides var carpi. Өкпенің зақымданған жерлері қатаяды, тіліп қарағанда қызыл немесе сұр түсті, кейде түрлі түсті болады. Көкірек қуысындағы лимфалық түйіндер гиперплазияға ұшырайды, көк бауырда, бауырда, бүйректе бірен-саран қанталау нүктелері болады. А.И. Кокуричевтің атласындағы 161 суретгі (84 бет) альбомыңызға көшіріп салыңыз.. Онынң тақырыбы «Ешкінің инфекциялық плевропневмониясы» (кебенек). Өкпенің фибринді қабынуы (тілік беті) деп жазыңыз. Мүшенің қай жері салданып, қай жері қызарып нығызданғанын көрсетіңіз.

Бақылау сұрақтары:

1. Жұғымтал плевропневмониямен ауырған сиыр өкпесінің сыртқы

нысаны.

2. Жұғымтал плевропневмониямен ауырған сиыр өкпесіндегі гистологиялық өзгерістер.

3. Кебенекпен қандай мал түрі ауырады, зақымданған мүшедегі морфологиялық өзгерістер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 80; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.009 с.)