Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырыбы: "Эпителиотроптық вирустық аурулардың патологиялық морфологиясы"Содержание книги
Поиск на нашем сайте Дәріс жоспары 1. Туберкулез. Қабыну реакцияларының сипаттамасы 2. Туберкул гистогенезі 3. Біріншілік туберкулездің патоморфологиясы 4. Екіншілік туберкулездің патоморфологиясы Негізгі және қосымша әдебиет: 1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 440-450 бет. 2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 372-380 бет. 3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 295-304 бет. 4. Боль КХ., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961,348-378 бет. 5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 293-298 бет. 6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,204-213бет. Дәрістің мазмұны Туберкулез- адам мен жануардың созылмалы ерекше қабынумен сипатталатын инфекциялық ауруы. Қоздырушысы: Tuberkulosis тұқымдастығына жататын микобактериялар. Олардың түрлері: бұканың (М. t. bovis), адамның (M.t. humanus), құстың (M.t. avium), салқын қандылардың (М. t. piscium). Қышқылға төзімді, жіңішке, Циль-Нильсен әдісімен қызыл түске боялатын микроб. Дерттенуі. Ауру негізінен алиментарлы, аэрогенді, плацента, кейде жарақаттанған тері арқылы да жұғуы мүмкін. Қабыну реакциясы альтератавтік, продуктивтік немесе экссудатавтік түрлерінде байқалады. Альтеративтік туберкулез осы ауруға қарсы иммунитеті жоқ жануарда, жас малда болады. Бұл қабынудьщ ерекшелігі - тез дамитын некроз. Экссудативтік туберкулез ошақты және диффузды болуы мүмкін. Қабынудың бұл түрінде қан тамырлары қызметінің өзгерістері басым болады, ұлпаға сарысулы-фибринді экссудат шөгеді. Продуктивтік қабыну 2 түрде өтеді: 1) ошақты; 2) диффузды. Ошақты - инфекциялық гранулеманың пайда болуымен сипатталады (туберкул). Диффузды - мүшелердің циррозымен, склерозымен аяқталады. Туберкулездегі организмнің алуан түрлі реакциясы қоздырушының санына, сапасына, уыттылығына, малдың төзімділігіне, жасына, түріне, конституциясына, иммундық жай-күйіне, т.б. байланысты. Туберкулездік процестің ерекше бір белгісі: қабынудьщ қай-қайсысы да казеозды некрозбен аяқталады. Кейінірек казеозды масса: 1) әктенеді; 2) қалыптасады; 3) қалталанады; 4) балқиды (ферменттер әсерінен). Туберкул микобактериялардың тіршілік әрекетінің және ыдырау өнімдерінің әсерінен дамитын қабынуға байланысты пайда болады. Қабыну ошағында лейкоциттер саны көбейеді, олар микобактерияларды қарпиді, қорытады да өздері өледі. Бірте-бірте қабыну ошағында моноциттер, гистиоциттер көбейе бастайды. Бұлар да микобактерийлерді карпып, қорытып, кейбіреуі өледі, ал кейбіреуі эпителиоидты торшаларға айналады. Эпителиоидты торшалардан алып торшалары түзіледі. Осылардың айналасында лимфоидты торшалар орналасады. Уақыт өте келе туберкулдың ортасы өледі, некрозданады, казеозды (лат. caseus - сүзбе) масса түзіледі, онда кальций тұздары шөгуі мүмкін. Туберкул сұрғылт түсті, домалақ, көлемі көзбен көрер көрінбестей (субмилиарлық), тары дәніндей - милиарлық (milium - тары), 1см және одан үлкен (солитарлы) болады. Нығыз консистенциялы, кескен кезде ет майы секілді, біраз уақыт өткен соң көмескіленеді, кұрғайды, түсі сарғыш тартады. Айналасында дәнекер ұлпалы қабық түзіледі. Біріншілік туберкулез организмнің қоздырушымен бірінші рет жанасқанда дамитын патологиялық процесс. Микобактериялар саны өте көп және жоғары вирулентті болса алғашқы патологиялық өзгерістер инфекция қақпасында дамиды. Ауру алиментарлы жолмен жұққанда - жұтқыншақта немесе аш ішекте, аэорогенді жолмен жұкқанда - өкпеде, құрсақ арқылы жұқканда - бауырда болады. Біріншілік туберкулездің кезеңдері: алғашқы кешен; алғашқы гекерализация. Алғашқы кешеннің түрлері: толық, толық емес, күрделі. Алғашқы ошақтан микобактериялар қан мен лимфаға өтіп, бүкіл организмге барлық жолдар арқылы тарайды: гематогенді, лимфогенді, интраканаликулярлы. Мүшелерде субмилиарлы, милиарлы, ірі ошақты туберкулдер дамиды да, әдетте ауру өліммен аяқталады. Екіншілік туберкулез - біріншілік туберкулез басылғаннан соң, қолайсыз жағдайлар әсерінен оның қайта белсеңдеуі (ашығу, стресс, элсіреу т.б.). Эндогенді реинфекция (лат. ге - қайталау, infectio - жұқтыру) байқалады. Екіншілік туберкулез жаңадан енген микобактериялар әсерінен де туындауы мүмкін (экзогенді реинфекция). Екіншілік туберкулез кезендері: екіншілік генерализация (алғашқы кешен болмайды); жеке мүшелердің зақымдануы. Өкпенің зақымдануы өте жиі кездеседі (грек. phthysis - солу). Өкпенің анатомиялық кұрылымына байланысты қабынудың түрлері: ацинозды, ацинозды-нодозды, лобулярлы, лобарлы, каверналық. Сірлі қабықтар туберкулезі - «інжу маржан» күйісті малда көптеген маржан тасқа ұқсас түйіншектер пайда болады. «Інжу маржанның» әр қайсысы бірнеше туберкулдерден тұрады, сырты жылтыр, ақшыл-сұрғылт болады. Күйісті малдың сірлі қабықтарында лимфалық тамырлар өте жақсы дамыған. Басқа малда казеозды плеврит, перитонит, перикардит түрінде өтеді. Лимфалық түйіндер туберкулезінің түрлері: түйіншектік, диффузды, казеозды лимфаденит, ірі торшалы гиперплазия. Желін туберкулезінің түрлері - милиарлы, ірі ошақты, лобулярлы, казеозды мастит. Сүйек туберкулезі — адамнан басқа сүтқоректілерде сирек кездеседі. Омыртқалар казеозды некрозға ұшырап, бүлінеді. Бел омыртка қисаяды. Паренхималық мүшелерде туберкулез ұсақ немесе ірі ошақты туберкулдердің пайда болуымен сипатталады. Қанқа бұлшық еттердің туберкулезі өте сирек кездеседі. Бақылау сұрақтары: 1. Туберкулезде болатын кабыну реакцияларының түрлері 2. Туберкул гистогенезі 3. Біріншілік туберкулездің патоморфологиясы 4. Екіншілік туберкулездің патоморфологиясы
7 дәріс Тақырыбы: "Вирустық (нейротроптық) аурулардың патологиялықморфологиясы" Мақсаты мен міндеттері:жалпы вирустық, олардың ішінде нейротроптық ауруларға тән ерекшелікгерді үйреніп, жақсы білу. Дәріс жоспары 1. Вирустық инфекциялық аурулардың патологиялық морфологиясының ерекшеліктері. 2. Жіті іріңсіз лимфоцитарлық энцефаломиелиттің сипаттамасы 3. Құтырықтың патологиялық морфологиясы 4. Жылқы делбесінің патологиялық морфологиясы 5. Ауески ауруы Негізгі және қосымша әдебиет: 1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 483-489 бет. 2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 271- 276,429-432 бет. 3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 205-207,349-351 бет. 4. Боль К.Г., Боль Б.С. Основы пагологической анатомии с/х животных. М., 1961,287-290,459-463 бет. 5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 321-323 бет. 6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия, Алматы, Ана тілі, 1993, 188-189бет. Дәрістің мазмұны Вирустар торшаішілік паразиттер, протеиннен, ДНҚ немесе РНҚ молекуласынан тұрады. Олар белгілі бір ұлпада, торшада орналасып көбейеді. Вирустардың мұндай қасиетін талғампаздылық (тропизм) деп атайды. Вирустық аурулардың топтары: нейтроптық (кұтырық, жылқы делбесі, балалар полимиелиті, ірі қара малдың вирустық энцефалиті, қойдың, етқоректілердің вирустық энцефалиті), эпителиотроптыц (шешек, құстың шешек-дифтериті, аусыл, қойдын жұғымтал эктимасы, құстың инфекциялық ларинготрахеиті), пневмотроптық (шошқа тұмауы, адам тұмауы, шошқаның вирустық пневмониясы, ірі қара малдың ринотрахеиті, кұстың инфекциялық бронхиті), пантроптық (жылқының инфекциялық анемиясы, шошқа обасы, Ньюкасл ауруы, шошқаның африкалық обасы, Ауески ауруы, ит обасы, ірі қара мал обасы). Көптеген вирустық ауруларда торшада (цитоплазмада, ядрода) қосынды-денешіктер пайда болады. Қосынды- денешіктердің көлемі 1-27 микрон. Олардың диагностикадағы маңызы зор. Көптеген нейротроптық жәие басқа инфекциялық ауруларда оларға тән өзгерістермен қатар, орталық жүйке жүйесінің зақымдануы байқалады. Бұл зақымдану жіті іріңсіз лимфоцитарлық қабынумен сипатталады. Сойып зерттегенде ми заты босаңсыған, қатпарлары аздап біркелкіленген, жұмсақ қабығы қанталаған, домбыққан. Макроскопиялық көрінісі бойынша мидың бұл қабынуын анықтап білу мүмкін емес. Микроскопиялық өзгерістер мидың үш құрылымдық элементінде дамиды (нейрондарда, нейроглияда, қан тамырларында). Нейрондардағы өзгерістер олардың цитоплазмасындағы хроматофилді заттың (Ниссль түйіршіктері) өзгеруімен сипатталады. Ісінуге, хроматолизге, вакуолденуге, дистрофиялық, некробиоздық өзгерістерге байланысты Ниссль түйіршіктері ыдырайды, цитоплазма көпіршіктенеді және нейрон бүріседі (пикноз). Көлеңке торшалар пайда болады. Глиядағы өзгерістер. Нейроглия тірек, корғаныс, қоректік функциялар атқарады. Глия торшалары көбейіп, олардың ішінде дистрофияға ұшыраған түрлері көбейеді. Пролифераттар нейрондардың айналасында, кан тамырларының айналасында глиалды түйіндер құрайды. Нейронофагия - глия торшаларының нейрондар айналасында көбеюі. Нағыз нейронофагия - глия торшаларының зақымдалған нейрондардың айналасына көбеюі. Бұл торшалар нейрондарға еніп, торшаны қорытады, біраз уақыт өткен соң нейронның орнында глия түйіншегі ғана қалады. Жалған нейронофагия — глия торшаларының зақымдалмаған нейрондардың айналасында көбеюі. Қан тамырларында, дәнекер ұлпада болатын өзгерістер. Периваскулярлы торшалық инфильтраттар пайда болады. Олар лимфоидты торшалардан, гистиоциттерден, моноцитгерден тұрады. Бұлардан басқа көзге көрінетін өзгерістер: іркілмелі гиперемия, қан тамырлардың кеңеюі, аймақтық стаздар, тромбоздар, перицеллюлярлы, периваскулярлы домбығулар, геморрагиялар. Құтырық (бешенство, Rabies, Lyssa, судан қорқу) - жіті өтетін, орталық жүйке жүйесінің қабынып, қызметінің бұзылуымен сипатталатын вирустық ауру. Ауруға адам мен жылықанды жануардың барлық түрі, әсіресе жабайы аңдар бейім. Этиологиясы мен дерттенуі. Қоздырушысы: Rabdoviridae тұкымдасына жататын нейротропты вирус. Ауру құтырған мал тістеген жаралар неғұрлым басқа жақын болса, соғұрлым аурудың жасырын кезеңі қысқа болады. Вирус нерв талшықтары арқылы тарап миға жетіп, онда көбейеді. Орталық жүйке жүйесінде вирустың әсерінен дистрофиялык, некробиоздық және қабыну процестері дамиды. Сойып зерттеуде тек құтырыққа ғана тән өзгерістер бола қоймайды, алайда клиникалық белгілерді ескере отырып болжамды балау қоюға болады: мал жүдейді, сірлі қабықтар, тері асты шелі құрғақ (ангидремия), жұтқыншақ нервтері салданады, қарын бос немесе онда бөгде заттар болады (қағаз, тас, агаш т.с.с.), кілегейлі қабығында дақты қанталаулар қабық деңгейінен көтеріліп тұрады (геморрагиялық инфаркт), құрсақ қуысы мүшелерінде (бауыр, бүйрек және т.б.) іркілмелі гиперемия, канның түсі қара-қошқыл, нашар ұйыған, біраз қоюланған. Гистологиялық зерттеу арқылы ауруды анықтау. Мида, әсіресе сопақша мида, варолий көпірінде іріңсіз лимфоцитарлы энцефалит дамиды. Мидың бағаналық бөлігінде және жоғары мойын түйінінде құтырық түйіншектері кездеседі. Ауруға балау қоюда Бабеш-Негри денешіктерінің маңызы зор, олар Туревич тәсілімен бояғанда қызыл түсті, дөңгелек, алмұрт, үшбұрышты, көлемі 1-27мкм. Көбінесе аммон мүйізінде, мишықта, ми қыртысында, сопақша мида ганглиозды торшалардың цитоплазмасында кездеседі. Бабеш- Негри денешіктері өлген иттердің 95%, басқа жануарлардың 75% табылады. Жылқының инфекциялық энцефаломиелиті немесе делбесі (ИЭМ) - жіті ететін, орталық жүйке жүйесінің, бауырдың зақымдануымен, ішек-қарынның атониясымен, сарғаюымен сипатталатын вирустық ауру. Этиологиясы мен патогенезі. Қоздырушысы: тоговирустар тұқымдастығына жататын арбовирус. Табиғи жағдайда жылқы ауырады. Аурудың өте жіті түрі (18 - 24сағ), жіті түрі (2-8 күн) кейде 6-7 күнге созылады. Ауру маса, кене, т.б. қан сорғыш жәндіктер арқылы жұғады. Жылдың жылы мезгілінде кездеседі. Қан арқылы енген вирус бауырдың, орталық жүйке жүйесінін, көк бауырдың мононуклеарлық-макрофагалдық жүйе торшаларымен қарпылады. Аталған торшалардың көбісі ыдырап, бүлінеді. Осы себептен жоғарыда айтылған мүшелерде өзгерістер туындайды: шашыраңды іріңсіз энцефалит пен миелит, альтеративтік гепатит. Сойып зерттегендегі көріністер: өлексенің сіресуі нашар білінеді, сарғаю, бастың, аяқтардың, құрсақ қабырғасының тері асты шелінде сарысулы, сары-геморрагиялық инфильтраттар жиі кездеседі, геморрагиялық диатез, альтеративтік гепатит. Бауырдағы өзгерістер екі түрлі болады. Бауыр кішірейеді (атрофия), шеттері сүйірленеді, тығыздығы қатты, резинаға ұқсайды, сыртқы беті және тілік беті қара-қошқыл реңді қоңыр түсті, бауыр бөліктерінің ортасы аздап төменге түскен. Формалин ерітіндісіне салынған кесінді қара-қошқып-сары түске боялады. Бауыр баска түрде өзгергенде майлану дистрофиясы басым болады. Мүшенің көлемі үлкейеді, түсі қызыл балшықка ұксайды, тілік беті қара-қошқыл, қызыл- қоңыр, ашық-сары түсті аралықтар мен жолақтар араласып жатқандыктан мозаикалық суретке ұқсайды. Көк бауыр семіп, пигментінен айырылады, қара-қошқыл, немесе ақшыл-қызғылт реңдер басым болады, трабекулалар жақсы көрініп тұрады. Қарын жіті катарлы қабынады, тоқ ішек, қарын атония күйінде: кеңейген, ішіндегі заттар қатып қалған, құрғақ. Ауески ауруы (жалған кұтырық) - жіті өтетін, қызуланумен, ми мен жұлынның, ми кабықтарының қабынуымен, жүйке жүйесі қызметінің бұзылуымен (еліру, жабырқау, салдану, терісінің қышынуы)көрінетін вирустық ауру. Ауырған шошканың, кұндыздың терісі қышымайды. Сүтқоректілердің көптеген түрі ауырады. Жиі ауыратындар шошқа, ит, мысық. Төлге, әсіресе торайға ауру тез жұғады. Ауруды таратуда кемірушілердің ролі зор. Этиологиясы мен патогенезі. Герпесвирида тұкымдастығына жататын, кұрамында ДНҚ бар вирус. Аурудың дамуы қоздырушының ену жолдарына, жануардың жасына, түріне байланысты. Инфекция кақпасы көмекей, жұтқыншақ кілегейлі қабығы, өкпе. Осы жерлерде вирус көбейіп, лимфа арқылы миға өтеді, осы себптен ми мен оның қабықтары қабынады. Вирус тері арқылы енгенде, көбеюі теріде болады, сонан соң қан, лимфа арқылы тарайды. Аусыл септицемия дамиды, организмнің әр жеріне қан кұйылады, домбығу өрбиді. Сойып зерттегендегі көрініс: іш тастаған шошқа мен екі апталық торайда жіті сепсистік-токсикалық процесс дамиды. Бауырда, талақта, миндалинде, кейде өкпеде, бүйректе, лимфалық түйіндерде милиарлық, субмилиарлық, сұрғылт, сұрғылт-сарғыш түсті, шектелген некроз ошақтары пайда болады. Өкпе іркілмелі гиперемия күйінде, домбығады, кейде қабынады (катарлы бронхопневмония). Көмей, жұтқыншақ катарлы немесе дифтерияық қабынады, онда ұсақ некроз ошақтары пайда болады. Кеңірдектің кілегейлі қабығы, плевра, эпикард қанталайды. Қарын, ішек катарлы кабынады. 3-4 апталық жастан 1,5-2 айға дейінгі торайларда патологиялық өзгерістер негізінде жоғарыда көрсетілгендей, бірақ милиарлык некроздар бола қоймайды. Ересек шошқада жұтқыншақтың, көмекейдің крупозды- дифтериялық, ойылымды-некроздық зақымданулары жиі болып тұрады. Миндалинде некроз ошақтары, ойылымдар болып тұрады. Ірі қара малда, итте, мысықта т.б. ауруда жиі кездесетін белгі - терінің қышыған жерлері тырналады, әсіресе бас терісі зақымдалады, жыртылған жаралар пайда болады; жаралардың астындағы бұлшық ет қабынып, сарысулы-геморрагиялық экссудат жиналады. Бақылау сұрақтары: 1. Вирустық ауруларға тән ерекшеліктер 2. Жіті іріңсіз лимфоцитарлық энцефаломиелиттің морфологиясы 3. Құтырықта организмде болатын өзгерістер 4. Қандай гистологиялық өзгерістер бойынша кұтырыққа диагноз қойылады? 5. Жылқының инфекциялык энцефаломиелитінің патологиялық анатомиялық диагностикасы неге негізделеді? 6. Ауески ауруына балау қалай қойылады, өзгерістерді атаңыз?
8 дәріс Мақсаты мен міндеттері: инфекциялық экзантема, аусылдық афта болмысын игеру.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.012 с.) |