Тақырыбы: полицеллюляротроптык вирустық аурулар патоморфологиясы: шошқа меи щм обасы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: полицеллюляротроптык вирустық аурулар патоморфологиясы: шошқа меи щм обасы

Поиск

№ 8 практикалық сабақ

Тақырыбы: Полицеллюляротроптык вирустық аурулар патоморфологиясы: шошқа меи ЩМ обасы

Сабақтың мақсаты - өту формаларына байланысты  шошқа және ІҚМ обасының морфологиялық көрінісін анықтау.

Құрал-жабдыкгар:плакаттар, макропрепараттар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұскаулар

Шошқа обасы - жіті, жітілеу жэне созылмалы турде өтетін вирустык ауру. Ол торайда сальмонеллезбен, ал ересек шошқада пастереллезбен асқынады. Аурудың жіті түрі жіті сепстистік процеске тән өзгерістердін пайда болуымен сипатталады: теріде, сірлі және кілегейлі қабықтарда көптеген қаңталау нүктелері мен дақтары көрінеді, лимфалық түйіндер қаңталап кабынады, соған байланысты олардың тілік беті шұбар болады («мэрмэрлену»).

Макропрепарат. Обамен ауырган шошцаныц лимфапыц түйіні. Лимфалық түйін үлкейген, кара-қошқыл түсті, оның тілік беті шұбар (түрлі - түсті мэрмэр тасқа ұқсайды: бозғылт коңыр түсті жерлер қызыл-қоңыр түсті жерлермен кезектесіп отырады. Лимфалық түйіндегі өзгерістер геморрагиялық қабыну салдары. Лимфалық түйіңді тіліп қарағандағы көріністердің суретін салыңыз.

Макропрепарат. Обамен ауырган шошқаның көк бауыры. Көк бауыр үлкеймеген, оның жиектерінде көптеген геморрагиялық инфарктер көрініп тұр. Олар қара-қошқыл түсті, мүше бетінен біраз көтеріңкі, тіліп көргенде сынаға ұқсайды. Инфарктерді көрсете отырып талақтың суретін салыңыз.

Макропрепарат. Обамен ауырган шошқаның ішкі мүшелері.  Қабырға плеврасы, көмей, қуықтың кілегейлі қабықтары нүктелі, дақты қанталаған. Бүйрек солғын түсті, оның үстіңгі және астыңғы қабаттарында, бүйрек астаушасында көптеген қаңталау нүктелері мен дақтары бар. Қарын мен ішекгің кілегейлі қабықтары ісінген, қызарған, нүктелі қанталаған, (жігі қатарлы қабыну). Өкпенің тілік бетінің тусі біркелкі емес: қызыл-қоңыр түсті бөлікшелер сұрғылт бөлікшелермен алмасып отырады (крупозды пневмония). Бүйректің суретін салыңыз.

Макропрепарат. Шошқа обасына тән “бутондар Бүйеннің кілегейлі қабығында ішек түтігіне қарай көтеріліп шығып тұрған, сұрғылт түсті көп кабатты диаметрі 0,5-1 см-ше жететін ошақты кұрылымдар көрініп тұр. Олар ошақты дифтериялық қабынудан пайда болған. “Бутондар” (түймелер) торай обасы сальмонеллезбен асқындаған кезде пайда болады. Бутондарды көрсетіп ішектің бір бөлігінің суретін салыңыз.

Бақылау сұрақтары:

1. Шошқа обасы туралы жалпы түсінік. Сепсистік обаның патологиялық морфологиясы.

2. Сальмонеллезбен, пастереллезбен асқынған шошқа обасының патоморфологиясы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.006 с.)