Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Поиск

№ 5 практикалық сабақ

Тақырыбы: Құстың инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: Ньюкасл ауруы, шешек-дифтерит, инфекциялық ларинготрахеит, тиф-

пуллороз

Сабақтың  мақсаты - Құстың кейбір инфекциялық ауруларының (Ньюкасл ауруы, шешек-дифтерит, инфекциялық ларинготрахеит, тиф- пуллороз) морфологиялық өзгерістерін анықтау.

Құрал-жабдықтар:плакаттар, макропрепараттар.

Ньюкасл ауруы. Тауық тұкымдас кұстардың жіті өтетін жұкпалы ауруы. Қоздырушысы -парамиксовирустар тобына жататын РН-қышқылды вирус. Инфекция көбінесе өте жіті (1-5 күн), кейде 10-15 күнге дейін созылады, ас қорыту, тыныс алу жүйелерінің зақымдануымен сипатталады.

Макропрепарат. Ньюкасл ауруымен өлген тауык, ішегіндегі дифтериялық қабыну ошақтары. Ішектің кілегейлі қабығында дөңгелек пішінді сұрғылт түсті, диаметрі 0,5-1,0 см шамасьшда фибриндік қабыну ошақтары бар. Мұндай қабыну ошақтары көтеріңкі, олардың шекарасы айқын көрініп тұр. Сонымен қатар, ішектің кілегейлі қабығында фибринді- некрозды қойырпақгың сыпырылып тусуіне байланысты пайда болған ойылымдар да бар.

Макропрепарат. Ньюкасл ауруынан өлген тауыңтың безді қарыны. Кілегейлі қабықтың бездерін қоршай және безді қарынмен етті қарынның шекарасында орналасқан қанталауды көресіз.

Макропрепарат. Ньюкасл ауруымен ауырган тауықтың безді қарыны, ішегі, жүрегі. Безді қарында, дақты қанталау ошақтары көрініп түр. Ішек қабырғасы қалыңдаған, кілегейлі қабығы ісінген, кей жерлерін ақшып-сұр түсті шөгінділер басқан, олар қанталаған. Эпикардта нүктелі қанталаулар бар.

Тауықтың шешек-дифтериті. Ауру теріге, негізінен айдарға, сырғаларға, сакалға, шешек экзантемасының шығуымен, ауыз бен көмей кілегейлі қабықтарынын дифтериялық зақымдануымен сипатталады.

Ауру үш түрде: шешек (теріде), дифтерия (кілегейлі қабықта) және аралас түрде өтеді.

Макропрепарат. Шешек-дифтеритпен ауырган тауық басының тері туындыларының зақымдануы. Тұмсық түбінде, айдарда, сақалда, сырғаларда сұрғылт түсті, сүйелге үқсаған, кедір-бұдырлі төмпешіктер, яғни шешек экзантемалары көрініп түр. Айдардағы шешек экзантемасының орны қонырқай түсті, құрғап қабыршақтанған.

Тауықтың тиф-пуллорозы — тауық пен күрке тауықтың бактериялық ауруы. Қоздырушысы Salmonella pullorum-gallinarum. Ауру біржетілік балапандарда өте жіті түрде өтеді, екі-үш жетілік балапандарда 15-20 күнге дейін созылып, ішектіқ, бауырдың, талақтың, жүректің, өкпенің зақымдануымен сипатталады.

Макропрепарат. Пуллорозбен ауырган тауық балапанының мүшелеры. Талақ ұлғайған, оның тілік бетінде ақшыл-сұр түсті, гиперплазияға ұшыраған фолликулдер айқын көрініп түр. Өкпеде көптеген тарының дәніндей ақшыл- сұр түсті некроз ошақтары бар.

Ішектегі ақшыл-сұр түсті, бұршақтың көлеміндей ошақты құрылымдар гиперплазияланған лимфоидты фолликулдер.

Бақылау сұрақтары:

1. Ньюкасл ауруынан өлген тауықгы сойып зерттегендегі көрінетін өзгерістер.

2. Ньюкасл ауруынан өлген тауықтың асқорьпу мүшелеріндегі өзгерістер.

3. Құс шешек-дифтеритінің негізгі түрлері, олардың морфологиялық сипаты.

4. Боллингер денешіктері жөнінде түсінік.

5. Тауықтың пуллороз-тифіне тән морфологиялық өзгерістер.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.)