Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРСодержание книги
Поиск на нашем сайте Дәріс жоспары 1. Аусылдың патоморфологиясы 2. Сүтқоректілер шешегінің патоморфологиясы Негізгі және қосымша әдебиет: 1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 471-481 бет. 2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 439-447 бет. 3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 362-370 бет. 4. Боль К.Г., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961,445-459 бет. 5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 327-332 бет. 6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993,186-188бет. Дәрістің мазмұны Эпителиотроптық вирустық аурулар дегеніміз негізінен теріні және тері тектес кілегейлі қабықтарды зақымдайтын инфекциялар. Аусыл - ящур, Afhtae epizooticae- аша тұяқтылардың терісі мен тері тектес кілегейлі қабықтарында ерекше күлдіреуіктердің пайда болуымен, жүрек еті мен қаңқа бұлшық еттерінің альтеративтік қабынуымен сипатталатын, жіті өтетін, өте жұғымтал вирустық ауру. Аусылға ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, бұғы, елік және т.б. аша тұяқтылар бейім. Қоздырушысы - пикорновирустар тұқымдастығына, риновирустар туыстығына жататын афтовирус. Ауру дененің қызуының көтерілуімен, жүрек кызметінің нашарлауымен, сілекейдің ағуымен, кілегейлі қабықтарда, теріде ерекше көпіршіктердің афталардың пайда болуымен сипатталады. Ауру зақымдалған тері, кілегейлі қабықтар арқылы жұғады. Аусыл екі сатыда өтеді: 1) алғашқы афталар сатысы; 2) аурудың генерализациясы, яғни денеге жайылу сатысы. Алғашқы афталар сатысы — ауыздың кілегейлі қабығында, тұяктардың арасында, желінде афталар пайда болады. Клиникалық тұрғыдан белгісі болмайды. Екінші сатысы вирустың қанға өтуімен сипатталады. Қан арқылы бүкіл мүшелер мен ұлпаларға жайылып, екінші кезекті афталар тудырады (ауыз куысында, мес қарында, тұяқтар арасында, шошқаның тұмсығында т.б.). Процесстің генерализациясы дененің қызуын көтереді. Афта - сарысулы қабынудың буллезді түрі. Оның көлемі өте майда, көрінер көрінбестен тауықтың ірі жұмыртқасындай болады. Афтаның (көпіршіктің) күмбезі, түбі, сұйығы бар. Күмбезі көп қабатты эпителидың мүйізді, жылтыр, қылтанақты, түйіршікті қабаттарынан тұрады. Түбі - камбиалды қабатынан тұрады. Сұйығы - сарысулы экссудат. Сарысулы экссудат жиналған сайын афта өседі, кабырғасы жұқарып, жарылады. Сұйығы сыртқа шығьш орнында эрозия қалады, оның түбі алкызыл түсті, шеттері біртегіс емес. Кейіннен эрозия қабыршықтанып, эпителидің регенерация салдарынан жазылады (5 — 14 тәулік аралығында). Екінші кезекті микрофлорамен асқынғанда іріңді қабыну дамиды да ойылымдар пайда болады. Бұлар ұзақ уақытта жазылып, орнында тыртық қалады. Аусыл өтуі бойынша екі түрде кездеседі: 1) қатерсіз; 2) қатерлі. Қатерсіз түрі афталардың пайда болуымен сипатталады. Қатерлі түрінде жүрек еті, қанқа бұлшық еттері зақымданады. Вирус миотроптық қасиет көрсетеді. Жүрек еті қабынады альтеративтік миокардит өрбиді. Жүрек етінің талшықтары майлану, түйірлі дистрофияға, некрозға ұшырайды. Түсі ақшыл-сары, ала-құла болады. «Жолбарыс терісіне ұқсас жүрек» деп атайды. Ауру өліммен аяқталады. Шешек (күл, оспа, Variolla) - жіті өтетін жұғымтал, тері мен кілегейлі қабықтарда папулезды-пустулезді бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын ауру. Сүтқоректілердің барлығы, оның ішінде адам да ауырады. Қоздырушысы — поксвирус. Ауру аэрогенді, алиментарлы, жолмен ауырған мал арқылы жұғады. Вирус тері мен кілегейлі қабық эпителиінде көбейеді. Ошақты қабыну - алғашқы аффект дамиды. Ол жерден вирус аумақтық лимфалық түйіндерге өтіп, қан арқьлы вирус тері мен кілегейлі қабықтарға жетіп шешекке тән өзгерістер - бөртпелер тудырады. Бұлардың дамуында сатылар бар. 1. Қызару ошақтары пайда болады - розеола. 2. Эпителидің пролиферациясы салдарынан 1-3 күнде түйіншек - папула пайда болады. 3. Экссудация, эпителий торшаларының вакуолизациясы салдарынан - везикула дамиды. 4. Везикула ішінде лейкоциттер саны көбейіп, іріңді экссудатқа айналады — пустула пайда болады. 5. Пустула жарылып, кеуіп, струп - қабыршық пайда болады. Оның астында эпителийдің жазылуы өтеді. Шешек сатылары ірі қара мал, жылқы, шошқа, түйе, қоянда болады. Торай мен қоянда кейде геморрагияпық немесе қара шешек болады. Папула мен везикула ішінде геморрагиялық экссудат жиналады. Ақыры сәтсіз болады. Сүткоректілер шешегінде эпителий торшаларының цитоплазмасында қосымша-денешіктер — Гварньери денешіктері пайда болады. Бақылау сұрақтары: 1. Аусылдық афтаның гистогенезі және орналасуы 2. Аусылда афтадан басқа қандай өзгерістер болады? 3. Аусылдың өту түрлері 4. Шешектік экзантема дегеніміз; не, оның даму сатылары, ақыры 5. Гварньери денешіктері дегеніміз не, олар қай жерде орналасады?
9 дәріс Тақырыбы: "Полицеллюляротроптық вирустық аурулардың патоморфологиясы" Мақсаты мен міндеттері:шошқа обасының өту ерекшеліктерін игеру. Дәріс жоспары 1. Шошқа обасы - анықтамасы, патогенезі 2. Сойып зерттегендегі өзгерістер 3. Басқа аурулардан ажырату Негізгі және қосымша әдебиет: 1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялык анатомия. Алматы, 2010, 505-511 бег. 2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 405-411 бет. 3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 1973, 324-331 бет. 4. Боль КТ., Боль Б JC. Основы патологической анатомии с/х животных. М.,1961, 416-431 бет. 5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 309-313 бет. 6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993, 199-201 бет. Дәрістің мазмұны Шошқа обасы (Pestis suum) - аса жұғымтал, вирустық, септицемияға тән өзгерістермен, өкпе мен тоқ ішектің фибринді қабынуымен сипатталатын ауру. Қоздырушысы - тогавирустар тұқымдастығына, пестивирус туыстығына жататын, РНҚ—лы вирус. Ауру негізінен ас қорыту, тыныс алу мүшелері арқылы жұғады. Шошқа жасына қарамай ауырады. Вирус негізінен қан тамырлардың эндотелиінде және лимфалық түйіндерде, көк бауырда, сүйек кемігінде көбейеді. Осыған байланысты эндотелий торшалары некрозға ұшырап, қан тамырларының қабырғасы мукоидты және фибриноидты ісінуге, фибриноидты некрозға, гиалинозға шалдығады. Негізінен ұсақ қан тамырлары зақымданады. Дистрофиялық өзгерістер нәтижесінде қан тамырлар қабырғасының өткізгіштігі артады да кілегейлі, сірлі қабықтарда, теріде, паренхималық мүшелерде көптеген қанталаулар, көк бауырда инфарктілер, лимфалық түйіндерде, өкпеде, ас қорыту мүшелерінде қабыну дамиды. Иммундық мүшелерде некроз ошақтары пайда болады. Организмде анемия, лейкопения дамиды, вирусқа қарсы тұратын қорғаныс механизмдері әлсірейді, осыған байланысты оба ауруы екінші кезектегі инфекциялармен - сальмонеллезбен, пастереллезбен және т.б. асқынады. Шошқа обасының мынадай клиникалық-анатомиялық түрлерін ажыратады: 1) сепсистік; 2) пастереллезбен асқынған; 3) сальмонеллезбен асқынған; 4) аралас; 5) атиптік. Сепсистік түрі жіті 7-10 күнде өтеді, шошқаның қоңдылығы жақсы, көздің, ауыз, мұрын қуыстарынын кілегейлі қабықтары бозғылт, көз бұрыштарында қатып қалған қоңыр кабыршықтар болады. Бұл іріңді-катарлы конъюнктивитті айқындайды. Кілегейлі, сірлі қабықтарда, паренхималық мүшелерде, теріде көптеген қанталаулар бар. Теріде нүктелі және дақты қанталаулар әдетте құлақ, жота, құрсақ, жамбастың іш жағы, аяқтар аймағында орналасады. Обаға тән морфологиялық өзгерістер иммундық мүшелерде - лимфалық түйіндерде, көк бауырда, сүйек кемігінде болады. Лимфалық түйіндердің барлығы зақымданады. Олар екі-үш есе үлкейеді, қара-қошқыл түсті, тілік бетінің суреті мәрмәр тас секілді ала-құла болып келеді. Көк бауырдың көлемі әдеттегідей немесе аздап үлкейген, тілік беті ірі түйірлі, борпылдақ, қырындысы болмайды. 40-50% жағдайда көк бауырдың шетінде геморрагиялық инфарктілер болады. Олар тығыз, күрең-қызыл, мүшенің бетінде шығып тұрады. Пішіні негізінен сына тәрізді немесе әртүрлі болып келеді. Инфарктің ортасы ашық-сарғыш түсті болады, ал айналасы - күрең-қызыл. Сүйек кемігінде - қан тамырлар гиперемиясы, қанталаулар, қан түзейтін ұлпаның домбығуы байқалады. Көмекей, кеңірдектің кілегейлі қабықтарында қанталаулар, өкпеде - жіті веналық гиперемия, ошақты сарысулы, катарлы немесе крупозды пневмония, плевра сарысулы-фибринді қабынған. Миокард, бауыр, бүйрек түйірлі дистофия күйінде. Бауыр солғын түсті, бүйрек сұрғылт немесе бозғылт - коңыр түсті, көптеген қанталау ошақтары бар. Қарында, ішекте жіті катарлы қабыну, кілегейлі қабықта нүктелі, дақты қанталаулар бар. Пейер бляшықтарымен солитарлы фолликулдер гиперплазия күйінде. Кейде бұл жерде геморрагиялық немесе крупозды-геморрашялық қабыну жүреді. Орталық жүйке жүйесін гистологиялық зерттегенде шашыраңқы іріңсіз лимфоцитарлық энцефаломиелитті анықтайды. Сонымен шошқа обасының жіті түріне геморрагиялық өзгерістер тән. Пастерелезбен асқынған обамен негізінен ересек шошқа ауырады, ауру жітілеу (14-20 күн) өтеді. Сепсистік түріне тән өзгерістерден басқа крупозды-геморрагиялық, некроздық пневмония, сарысулы-фибринді немесе сарысулы-геморрагиялық плеврит және перикардит болады. Лобарлы пневмония, негізінен алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерді зақымдайды. Экссудатта эритроциттер мол, аралық ұлпа сарысулы немесе геморрагиялық домбығуға ұшырайды. Өкпе паренхимасы некрозданады. Сальмонеллезбен асқынған обамен 2-6 айлық торайлар ауырады. Ауру созылмалы өтеді (20-30 күн). Торайлардың дамуы тежеледі, олар анемияға, кахексияға шалдығады. Геморрагиялық өзгерістер болмайды немесе олар әлсіз болады. Ауруға тән өзгерістер тоқ ішекте, қарында, ашы ішекте және ауыз қуысында болады. Олар кілегейлі қабықтың ошақты немесе жайылмалы дифтериялық қабынуымен сипатталады. Соқыр ішек пен бүйеннің солитарлы фолликулдары дифтериялық қабынуға ұшырап, кейіннен түйме тәрізді сарғыш-қоңыр түсті, диаметрі 0,5-4см некроз ошақтарына айналады. Некроз ошақтары көп қабатты қабыршықтардан тұрады («бутондар»), Қабыршықтар ішек қабырғасынан бөлініп түсіп қалуы мүмкін, орнында ойылымдар қалады. Кейде ішекте диффузды дифтериялық қабыну дамиды. Кілегейлі қабық кедір-бұдырлы, қыртысты, ақшыл-сұрғылт өлі массамен жамылған. Катарлы бронхопневмония сарысулы-фибринді плевритке, перикардитке ұласады. Торайлардың терісінде шешекке тән бөрітпелер немесе некроз ошақтарын көруге болады. Аралас түрі пастереллезбен және сальмонеллезбен асқынған обаға тән өзгерістермен, яғни крупозды-геморрагиялық, некроздық пневмония мен тоқ ішектің дифтериялық қабынуымен байқалады. Атиптік обамен 2-3 айға дейінгі жастағы торайлар ауырады. Сойып зерттеудегі өзгерістер онша айқын болмайды. Аурудың бұл түрі негізінен анемия, жіті катарлы гастроэнтерит, бронхопневмония, іріңсіз лимфоцитарлы энцефалитпен көрінеді. Шошқа обасына патологиялық анатомиялык диагноз қою үшін бірнеше шошқа өлексесін сою қажет. Түпкілікті тұжырым індеттанулық, клиникалық, зертханалық зерттеулер нәтижелерін ескере отырып жасалынады. Шошқа обасын африкалық обадан, пастереллезден, сальмонеллезден, балантидитоздан, вирустық гастроэнтериттен, тілмеден, вирустық пневмониядан, Ауески ауруынан, листериоздан және домбығу ауруынан ажырата білген жөн. Африкалық оба - өте жұғымтал ауру. Ол геморрагиялық диатездің айқындығымен, талақтын шамадан тыс ұлғаюымен, ұлпасының жұмсаруымен, талақта инфарктілердің сирек кездесуімен, бүйрек іркілмелі гиперемиясымен ерекшеленеді. Пастереллез — спорадия, кейде энзоотия тұрінде өтеді. Талақта инфарктілер болмайды, геморрагиялық диатез әлсіз болады, жақ асты, мойын аймағында тері асты шелі сарысулы домбығады. Фибринді-некроздық пневмония, сарысулы лимфаденит болады. Сальмонеллез - геморрагиялық диатез нашар байқалады, көк бауырда инфарктілер болмайды. Ішектегі қабыршықтар борпылдақ, жалпақ, көп қабатты емес. Бауырда сальмонеллез түйіншектері мен некроз ошақтары бар. Балантидиозда - тоқ ішек катарлы геморрагиялық қабынады, көк бауырда инфактілер болмайды, нәжісін микроскоппен зерттеу арқылы балантидияларды көруге болады. Тілмеде - сарысулы лимфаденит, іркілмелі гиперемия, гломерулонефрит, көк бауырдың ұлгаюы, жіті катарлы гастрит болады. Тілменің созылмалы түрі артриттермен, эндокардитпен, терінің некроздануымен көрінеді. Ауески ауруы - бауырда, көк бауырда милиарлы некроздардың болуымен, крупозды-дифтериялық тонзиллитпен, өкпенің домбығуымен байкалады. Бақылау сұрақтары: 1. Шошқа обасының клиникалық-анатомиялық түрлері 2. Шошқа обасының сепсистік түрінде болатын патологиялык анатомиялық өзгерістер 3. Шошқа обасының пастереллезбен асқынған түрінде болатын патологиялық анатомиялык өзгерістер 4. Шошқа обасының сальмонеллезбен асқынған түрінде болатын патологиялық анатомиялық өзгерістер 5. Шошқа обасын басқа ұқсас аурулардан ажырату
10 дәріс Тақырыбы: "Микоздар мен микотоксикоздар патоморфологиясы" Мақсаты мен міндеттері: актиномикозда, аспергиллезде, стахиоботриотоксикозда болатын патологиялық анатомиялық өзгерістерді үйреніп, оларды есте сақтау. Дәріс жоспары 1. Микоздар мен микотоксикоздар туралы жалпы түсінік 2. Актиномикоздың патоморфологиясы 3. Аспергиллездің патоморфологиясы 4. Стахиоботриотоксикоздың патоморфологиясы Негізгі және қосымша әдебиет: 1. Ығылманұлы Ө. Ветеринариялық патологиялық анатомия. Алматы, 2010, 563-566, 575-579 бет. 2. Жаров А.В. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос, 2001, 490-493, 498-500 бет. 3. Вертинский К.И. Патологическая анатомия с/х животных. М., Колос. 1973, 395-401 бет. 4. Боль К.Г., Боль Б.К. Основы патологической анатомии с/х животных. М., 1961, 490-496 бет. 5. Жаров А.В., Иванов И.В. и др. Вскрытие и патологоанатомическая диагностика болезней с/х животных. М., Колос, 2003, 356-357, 359-360 бет. 6. Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия. Алматы, Ана тілі, 1993, 226-230бет. Дәрістің мазмұны Микроскопиялық саңырауқұлақтар қоздыратын жануарлар аурулары 2 топқа бөлінеді: 1) микоздар; 2) микотоксикоздар. Микоздар - мал және адам организміне микроскопиялық саңырауқұлақтардың еніп, көбеюіне байланысты дамитын аурулар. Табиғи жағдайда ауыратындар ауыл шаруашылық жануарлар, терісі бағалы аңдар, жыртқыш аңдар, кеміргіштер, балықтар, аралар. Көптеген микоздар адам мен малға ортақ болып келеді. Микотоксикоздар - саңырауқұлақтық уланулар, кұрамында саңырауқұлақтардың улы өнімдері бар азықты жегенде туындайтын аурулар - стахиоботритоксикоз, аспергиллотоксикоз, физариотоксикоз ж.б. жатады. Актиномикоз- мал мен адамның гранулематозбен сипатталатын созылмалы инфекциялық ауруы. Барлық мал түліктері, әсіресе жиі ірі қара мал ауырады. Қоздырушысы - сәулелі саңыраукұлақ Streptothrix actinomyces. Сыртқы ортада өсімдіктердің сапрофиттері ретінде тіршілік етеді. Мал организмінде саңырауқұлақ ортасы бірімен бірі қосылған жіңішке мицелий жіпшелерінен тұратын друзалар (колониялар) түзейді, бұдан шеттері колба тәрізді жуандаған гифтер тарайды. Бұл друзаларға сәулелік кұрылым береді. Жануар организміне саңырауқұлақ қатты өсімдіктер, жарақаттанған кілегейлі қабық немесе тері арқылы енеді. Саңырауқұлақ енген жерде гранулема пайда болады - ерекше қабыну ошағы. Ортасында саңырауқұлақ друзалары орналасады. Одан шапақты (сәулелі) гифтер тарайды. Түсі қызыл (оксифилді). Друзаның айналасында бірен-саран нейтрофилді лейкоциттер бар. Оның айналасында эпителиоидты, лимфоидты торшалар орналасады. Кейде алып торшалары кездеседі. Кейіннен друза өледі, сәулелілігі жойылады, көк түске боялады, әктенуі мүмкін. Друзаның айналасында ірің пайда болады. Лейкоциттер саны көбейіп, олар іріңді денешіктерге айналады. Гранулема айналасында дәнекер ұлпалы қабық пайда болады. Патологиялык-анатомиялық тұрғыдан актиномикоздың 5 түрін ажыратады: 1) түйіншектік; 2) ойылымды; 3) фунгозды; 4) диффузды; 5) актиномикоздық абсцесстер. 1. Түйіншектік түрі – актиномикоздық гранулемалардың пайда болуымен сипатталады. Домалақ, көлемі әртүрлі, сұрғылт-сары немесе ақшыл-сарғыш түсті, таспих тәрізді орналасады. Түйіншектер бірі бірімен қосылып, ірі құрылымдарға айналады. Ірі түйіншектердің ортасы іріңдеп, балқиды. 2. Ойылымды түрі - кілегейлі қабықтарда түйіншектер бүлініп, олардың орнында эрозиялар мен ойылымдар пайда болады. Ауыз қуысының, ішектің кілегейлі қабығында кездеседі. Ойылымдардың жиегі біртегіс, түсі қоңыр- қызыл. 3. Фунгозды түрі — сыртқы көрінісі ісікке ұқсаған, көлемі грек жаңғағындай немесе тауық жұмыртқасындай, түсі қоңыр-сарғыш, құрылымдар эрозиялар мен ойылымдардың орнында дәнекер ұлпаның пайда болуына байланысты дамиды. 4. Диффузды түрі — дәнекер ұлпаның жайылып өсуіне, кейіннен фиброзды ұлпаға ауысуына байланысты. Тілді, өкпені, теріні зақымдайды. Тілдің тығыздығы қатаяды, «ағаш тәрізді тіл» деп атайды. 5. Актиномикоздық абсцесстер - сирек кездеседі. Іріңнің құрамында саңырауқұлақ друзалары табылады. Жақ асты лимфалық түйіндер зақымдалады. Ірің қою, саз балшыққа ұқсас, иіссіз, ақшыл-сұр түсті болады. Абсцесстің кабығы қалың болып келеді. Статистика мәліметтері бойынша актиномикозбен негізінен бас аймағы зақымдалады. Аспергиллез - Aspergillus тобына жататын саңырауқұлақтар қоздыратын құстар мен сүтқоректілердің ауруы. Қоздырушысы - Asp. negri, Asp. fumigatus, Asp. flavus. Aypy аэрогенді жолмен жұғады. Құстардан жиі ауыратын тауық, күрке тауық, үйрек, қаз. Ауру жыл бойы байқалады, көктемде жиі болады, жіті, жітілеу және созылмалы түрде жүреді. Негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер тыныс алу мүшерінде болады. Өкпе домбығып, онда көптеген ақшыл түсті түйіншектер пайда болады. Кеңірдектің кілегейлі қабығы кілегейлі затпен мол жамылады. Ауа қапшықтары үлкейеді, фибринді қабынады. Аурудың екі түрі болады: 1) түйіншекті; 2) диффузды. Түйіншектер домалақ, ақшыл-сұр түсті болады. Диффузды түрінде кілегейлі және сірлі қабықтар қалыңдайды, ақ зеңмен жабылады. Түйіншектің микроскопиялық құрылымы - ортасы казеозды некроздалған, айналасы эпителиоидты, лимфоидты торшалардан тұрады. Алып торшалар да кездеседі. Осы түйіншекте саңырауқұлақ қысқа жіпшелер түрінде көрінеді. Гемотоксилин-эозинмен әлсіз боялады, Шифф реактивімен қанық қызыл түске боялады. Стахиоботриотоксикоз - малды улы Stachybotris alternans саңырауқұлақтарының уытты штамымен зақымданған азықпен азықтандырғанда туындайтын ауру. Негізінен жылқы ауырады. Ауру ас корыту жолдарының қабынуымен, некробиозымен, лейкопениямен, геморрагиялық диатезбен сипатталады. Аурудың екі түрі бар: типтік және атиптік. Типтік түрі 3 даму сатысында өтеді: 1) катарлы стоматит - ауыз қуысының, әсіресе ерін бұрыштарының некрозымен сипатталады; 2) жасырын түрі - клиникалық белгісі жоқ, қанның физикалық-химиялык, морфологиялық құрамы өзгереді: тромбопения, лейкопения, агранулоцитоз, байқалады; 3) дене қызуы кенеттен жоғарылайды (41,5°), ауыз қуысында екінші кезекте некроз ошақтары пайда болады, іш өтеді, жүрек қызметі нашарлайды. Атиптік түрі — жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Диагноз қою қиын емес. Өлексені сойып зерттегенде - еріндегі, ауыз куысындағы, ішектегі некроздар, геморрагиялық диатез бұған дәлел болады. Бақылау сұрақтары: 1. Микоз және микотоксикоз дегеніміз не, олардың арасындағы айырмашылық қандай? 2. Актиномикоздық зақымданулар қандай мүшелерде жиі кездеседі 3. Актиномикоздық гранулеманың макро- және микрокөрінісі 4. Аспергиллезде болатын өзгерістер 5. Жылқы стахиоботриотоксикозының патоморфологиясы II БӨЛІМ
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.011 с.) |