Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырыбы: "Паратуберкулез, бруцеллез, маңка патоморфологиясы "Содержание книги
Поиск на нашем сайте 2 тапсырма Құс туберкулезі бауырда, көк бауырда, ішекте, және сүйек кемігінде туберкулдердің пайда болуымен сипатталады. Мүшелерді сырттай қарағанда бұл туберкулдер домалақ келген, сарғыш-сұр түсті, нағыз түйіншектер түрінде көрінеді. Олардың көлемі тарының дәніндей, бұршақтай болады. Гистологиялық тұрғыдан алғанда туберкулез гранулемасы (туберкул) бастапқы кезде эпителиоидты және лимфоидты торшалардан тұрады, кейін гранулема ортасындағы торшалар некрозданады. Бұл некрозды айнала қоршай радиалды орналасқан эпителиоидты және алып торшалары болады. Құс туберкулы сирек әктенеді. Макропрепарат. Тауық бауырының милиарлы туберкулезі. Бауыр үлкейген, сұрғылт түсті, онда көптеген домалақ, үлкенді-кішілі, көбінесе тарының дәніндей (лат. - milium - тары) туберқулез ошақтары бар. Макропрепарат. Тауық көк бауырының туберкулезі. Көк бауыр үлкейген, беті кедір-бұдырлы. Ақшыл түсті, домалақ, үлкенді-кішілі, нығыз ошақтар - туберкулезбен зағымданған жерлер. Макропрепарат. Түйе құс мүшелерінің (бауыр, көк бауыр, өкпе) туберкулезі. Зерттеліп отырған мүшелердегі үлкенді-кішілі бұршақтай, тарының дәніндей, ақшыл-сүрғылт ошақтар-туберкулез ошақтары. Макропрепарат. Тауық ішегінің туберкулезі. Ішектің сірлі қабығында ақшыл-сұр түсті домалақ, бұршақтың үлкендігіндей, нығыз туберкулез ошақтары орналасқан. №7ба гистопрепарат. Тауық бауырының милиарлы туберкулезі. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, туберкулез ошақгарын (төмпешіктерді) табыңыз: олардың пішіні домалақ келген, көлемі де құрылымы да әртүрлі. Ұсақ туберкулдер сұрғылт боялған, ал ірі көлемді туберкулдер бір түсті емес: орта шені қызғылт, ал шет жағы сұр немесе көк түсті. Енді туберкулдерді микроскоптың үлкен үлкейткішімен зерттейік. Алдымен ұсақ төмпешіктерге назар аударыңыз. Олар иін тіресіп нығыз орналасқан эпителиоидты торшалар жиынтығынан тұрады: сопақша, сұрғылт боялған ядролы ірі торшалар. Дамудың соңғы сатысындағы ірі көлемді туберкулдердің ортасы ұсақ түйіршікті, эозинмен қызғылт түске боялған некроз койыртпағынан тұрады. Некрозды қоршай радиалды тығыз бірқатарда алып торшалар орналасқан. Олардағы ядролар саны 10-нан аспайды. Бұл алып торшалардан тұратын белдеу, сырында эпителиоидты және лимфоидты торшалар шоғырланған. Сурет салыңыз: әртүрлі даму сатысындағы екі төмпешіктің (туберкулдың) суретін салыңыз.
Бақылау сұрақтары: 1. Туберкулез дегеніміз не? Онымен қандай малдар ауырады және кандай мүшелер зақымданады? 2. Туберкулездік қабыну түрлері (пролиферациялық, экссудациялық, альтерациялық). 3. Туберкул дегеніміз не, оның құрылымдық элементтері және морфогенезі. 4. Өкпе, лимфалық түйін, сірлі қабық, желін туберкулезінің түрлері және морфологиясы. 5. Құс туберкулезі туралы жалпы түсінік. 6. Құс туберкулезінде қандай мүшелер зақымдалады? 7. Туберкулезбен зақымданған тауық мүшелерінің сырт көрінісі. 8. Құс туберкулының морфологиясы (сырт көрінісі, гистологиялық ерекшелігі).
6 зертханалық жұмыс Жұмыстың мақсаты - паратуберкулез, бруцеллез, маңқаның морфология-лық ерекшеліктерін анықтау. Жұмысқа керекті кұрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар. 2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепаратгар: сиыр аш ішегінің паратуберкулездік қабынуы, сиыр шажырқай лимфалық түйінінін паратуберкулездік зақымдануы, қошқардың инфекциялық эпидидимиті, жылқы өкпесінің милиарлы маңкасы, жайылмалы некрозды-фибринді ринит, кеңсіріктің кілегейлі қабығындағы маңқа ойылымдары мен тыртықтары, тері маңқасы, бауырдың жіті веналық гиперемиясы, ит бауырының, көкбауырының және бүйрегінің жіті гиперемиясы, бауырдың созылмалы іркілмелі гиперемиясы («жұпар жаңғағына ұқсас бауыр»). 3. Гистоколлекциялық микропрепараттар: жайылмалы пролиферациялық паратуберкулездік энтерит (сиырдың)(78), паратуберкулезбен ауырған ірі қара малдың шажырқай лимфалық түйіні (786), жылқы өкпесіндегі экссудациялық маңқа түйіні (77).
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.007 с.) |