Тақырыбы: Зат алмасу ауруларының патоморфологиясы
Содержание книги
- ші рейтинг сұрақтары
- Тақырыбы: "Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы"
- Тақырыбы: "Созылмалы бактериялық аурулардың патологиялық морфологиясы "
- Тақырыбы: "Эпителиотроптық вирустық аурулардың патологиялық морфологиясы"
- ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР
- Тақырыбы: "Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы (катарлы бронхопневмония, өкпе эмфиземасы)"
- Тақырыбы: "Бүйрек ауруларының патологиялық морфологиясы"
- Жұмысты орындау әдістемесі
- Тақырыбы: "Жіті бактериялық аурулар патоморфологиясы: сальмонеллез, пастереллез, шошқа тілмесі, некробактериоз"
- Тақырыбы: "Созылмалы бактериялық аурулар патоморфологиясы: сүт қоректілер мен құстар туберкулезі"
- Тақырыбы: "Паратуберкулез, бруцеллез, маңка патоморфологиясы "
- Жұмысты орындау әдістемесі
- Тақырып: "Нейротроптық вирустық аурулар патоморфологиясы: құтырық. Ауески ауруы"
- Жұмысты орындау әдістемесі
- Тақырыбы: "Жылқының вирустық аурулары: инфекциялық энцефаломиелиті (ИЭМ), инфекциялық анемиясы (ИНАН)"
- Жұмысты орындау әдістемесі
- Тақырыбы: "Микоздар патоморфологиясы: актиномикоз, аспергиллез"
- ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР
- Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- Тақырыбы: Ас қорыту мүшелері ауруларының патоморфологиясы
- Тақырыбы: Зат алмасу ауруларының патоморфологиясы
- Тақырыбы: Листериоз бен лептоспироздын патоморфологиясы
- Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- Тақырыбы: Иттің инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: оба, парвовирустық энтерит, инфекциялық гепатит
- Тақырыбы: Микоплазмоздар патоморфологиясы: ірі қара малдың жұғымтал плевропневмониясы, құстардың респираторлы микоплазмозы
- Тақырыбы: полицеллюляротроптык вирустық аурулар патоморфологиясы: шошқа меи щм обасы
- Тақырыбы: Протозооздар патоморфологиясы (пироплазмоз, тейлериоз, безноитиоз, эймериоз)
- Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
- Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)
№ 3 практикалық сабақ
Тақырыбы: Зат алмасу ауруларының патоморфологиясы
Сабақтың мақсаты - ең көп тараған зат алмасу ауруларының себебін, жіктелуін, макро- және микрокөрінісін зерттеу.
Құрал-жабдықтар:плакаттар, макропрепараттар.
Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Сапасыз азықтармен (рацион құрамында қажет заттардың аз не шамадан тыс көп болуы) азықтандыру мал организміндегі зат алмасу процессінің бұзылуына, осыған орай әр түрлі аурулардың туындауына әкеліп соғады.
Зат алмасу ауруларына алиментарлық дистрофия, алиментарлық остеодистрофия, алиментарлык анемия, кетоздар, ақ ет ауруы сияқты дерттер жатады.
Макропрепарат. Тауықтың алиментарлық дистрофиясы (жүдеуі). Қаңқа еттері кішірейген, барлық сүйектері ырсиып көрініп тұр, май ұлпасы жойылған.
Макропрепарат. Ешкінің жогаргы жақ сүйегінің фиброзды остеодистрофиясы. Танау мен маңдай қуысы ақшыл сұр түсті қаулап өскен дәнекер ұлпамен толған. Мұндай өзгеріс мал денесінде ұзақ уақыт минералды заттар жетіспеуінен, кальций мен фосфор алмасуының бұзылуынан туады. Бас сүйектері жұмсарып гранулалық ұлпамен алмасқан.
Макропрепарат. Бұзау көзінің А - авитаминозынан көмескіленуі. Көздің мөлдір қабығы ақшыл тартып көмескіленген: А-дәруменінің жетіспеуінен көз жасы бездерінің призмалық эпителиі метаплазияға ұшырап көпқабатты жалпақ эпителиге айналуына байланысты болады.
Макропрепарат. Күшік қабыргасындагы рахит таспихтары. Қабырғалардың шеміршекпен түйіскен жері жуандап тәспихқа ұқсаған. Мұндай өзгерістер төл организмінде ұзақ уақыт Д - дәрумені жетіспей, фосфор-кальций алмасуы бұзылып, төлдің рахит ауруына шалдығуынан болады.
Макропрепарат. А - гиповитаминозы кезінде бұзаудың қатпаршақ бүртіктерінің гиперкератозга ұшырауы. Кілегейлі қабықтың кейбір бүртіктері жуандап үлкейген, қара-қоңыр тартқан. Мұндай өзгерістер организмге А дәруменінің жетіспеуіне байланысты туындайды: бүртіктердің көп қабатты жалпақ жамылғы эпителиінде әдеттегіге қарағанда күсті (мүйізді) зат шамадан тыс көп пайда болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Алиментарлық дистрофия, анықтамасы, мал организміндегі патологиялық анатомиялық өзгерістер.
2. А және Д авитаминоздарында мал және қүс организмдерінде қандай патологиялық анатомиялық өзгерістер дамиды.
3. Рахит, онымен қай жастағы малдар ауырады, морфологиялық сипаттамасы.
4. Фиброзды остедистрофия дегеніміз не? Зақымданған сүйектердегі макро-, микроскопиялық өзгерістер, себептері.
5. Сиыр кетозындағы негізгі патологиялық анатомиялық өзгерістер.
|