Тақырыбы: Иттің инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: оба, парвовирустық энтерит, инфекциялық гепатит 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: Иттің инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: оба, парвовирустық энтерит, инфекциялық гепатит

Поиск

№ 6 практикалық сабақ

Тақырыбы: Иттің инфекциялық ауруларының патоморфологиясы: оба, парвовирустық энтерит, инфекциялық гепатит

Сабақтың мақсаты - иттің вирустық инфекцияларының (оба мен парвовирустық ауру) патоморфологиялық ерекшеліктерін анықтау.

Құрал-жабдықтар:плакаттар, макропрепараттар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Ит обасы - вирустық ауру. Негізгі сипаты: жоғарғы тыныс жолдары, өкпе, қарын мен ішек қатарлы қабынады. Кейде тері бетіне экземалар шығып зақымданады, кейде орталық жүйке жүйесінің қабынып зақымдануы басым болады.

Макропрепарат. Ит обасына тән фибринді-геморрагиялық гастрит. Қарынның кілегейлі қабығы ісінген, кедір-бұдырлы, барқытқа ұқсаған заттармен көмкерілген, оның кейбір жерлері қызарған, ойылымдар кездеседі.

Макропрепарат. Ит обасы кезіндегі катары уроцистит. Қуықгың кшегейлі қабығы ісінген, қызарған, қанталаған.

Иттің парвовирустыц инфекциясы - жіті түрде өтетін жұқпалы ауру, онымен негізінен 6-айға толмаған күшік ауырады. Ауру энтериттік және миокардитгік түрде байқалады. Энтеритгік түрі жиі кездеседі: аш ішек, әсіресе мықын ішек қатарлы-геморрагиялық қабынуға, шажырқай лимфалық түйіндері сарысулы - геморрагиялык қабынуға ұшырайды. Гистологиялық зерттеу арқылы ал ішектің жабынды эпителиі мен крипталық эпителидің жаппай бүлінгені, бүрлердің семгені анықталады.

Макропрепарат. Парвовирустық энтериттен өлген күшіктің аш ішегі. Аш ішектің кігелейлі қабығы ісінген, көмескіленген, қызарған, кілегейлі заттың мөлшері көбейген, лимфоидты құрылымдар кішірейген, ішектің сыртқы қабығы қызарған.

Бақылау сұрақтары:

1. Ит обасының патологиялық анатомиялық көрінісі.

2. Иттің парвовирустық инфекциясының патологиялық-анатомиялық көрінісі. Аш ішектегі гистологиялық өзгерістер.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 84; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.005 с.)