Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Поиск

Макропрепарат. Созылмапы фасциолезбен ауырган қойдың бауыры. Зақымданған ет өзектері ақшыл-сары түсті, диаметрі 2-3 см, жіпке ұқсап көрініп тұр. Өт өзегінің қабырғасы қалыңдаған, шамамен 3-5 мм- дей. Өзек кеңіп, қоңыр түсті, затпен фасциолаларға толған.

Макропрепарат. Цистицеркозбен ауырган қозы бауырындагы “бұрғылау жолдары».  Зақымданған бауырдың тысы мен паренхимасында ұзындығы 2-4 мм-дей ирелеңкі, қызыл тусті жолақтар көрінеді. Бұл жолақтар жас паразитггердің қан тамырларынан бауыр паренхимасы арқылы ағзаның сыртқы бетіне қарай жылжуына байланысты пайда болған іздер.

Макропрепарат. Бауыр эхинококкозы. Мүшеде көптеген диаметрі 3-4 см-ге жететін күлдіреуіктер көрініп тұр, ағза паренхимасы семген.

Макропрепарат. Ми ценурозы (айналма, тентек). Мида іші сұйықпен толған, көлемі тауық жұмыртқасындай, күлдіреуік бар. Күлдіреуік қабырғасының ішкі бетінде көптеген ақшыл түсті, сколекстер көрініп тұр. Күлдіреуік орналасқан жерде ми заты семген.

Макропрепарат. Жылңының алдыңғы шажырқай артериясының деляфондиозы. Қан тамыры кеңейіп жуандаған (аневризма) тамыр түтігі тромбпен бітелген. Артерия қабырғасы дәнекер ұлпаның қаулап өсуіне байланысты қалыңдаған.

Бақылау сұрақтары:

1. Фасциолездің жіті және созылмалы түріндегі негізгі патологиялық өзгерістер.

2. Ларвалдық цестодоздзрда (эхинококкозда, ценурозда, цистицеркозда) қандай өзгерістер байқалады.

3. Аскаридозға, деляфондиозға, протостронгилезге тән морфологиялық өзгерістер.

 

IV БӨЛІМ

Студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)

Реттік

нөмірі

Сағат

саны

Тақырып

Өткізу

формасы

Плевриттер, өкпенің домбығуы, ұйқы безінің аурулары

 Дөңгелек

 үстел

Бауырдың токсикалық дистрофиясы

Талқылау

Микроэлементтердің жеткіліксіздігінен туындаған аурулар

 Сұрақ-жауап

Метриттер мен маститтердің патоморфологиясы

 Сұрақ-жауап

Топалаңның патоморфологиясы «Бактериялық аурулардың патоморфологиясы» тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 Дөңгелек

 үстел

Ірі қара малдың қатерлі катарлы қызулануының және кеуек тәрізді энцефалопатиясының патоморфологиясы

Талқылау

Клостридиоздардың патоморфологиясы

 Сұрақ-жауап

Уланудың (ФОҚ, ХОҚ, нитраттар мен нитритгерден) патоморфологиясы

 Сұрақ-жауап

Баяу инфекциялардың патоморфологиясы

 Сұрақ-жауап

Аскаридоз, деляфондиоз, протостронгиллез патоморфологиясы

 Дөңгелек

 үстел

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.009 с.)