Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Тақырыбы: "Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы (катарлы бронхопневмония, өкпе эмфиземасы)"Содержание книги
Поиск на нашем сайте №1 зертханалық жұмыс Жұмыстың мақсаты — өкпе ауруларының жіктелуін анықтау, катарлы бронхопневмонияның, өкпенің альвеолалық және интерстициялык эмфизе- масының макро- және микрокөрінісін сипаттау. Жұмысқа керекті құрал жабдықтар: 1. Құрал-саймандар, шыны ыдыстар, бекіту сұйықтары, микротом, микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар. 2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: жіті катарлы бронхопневмония, созылмалы ірінді-катарлы абсцесстенген бронхо- пневмония, ит өкпесінің альвеолалык эмфиземасы, қара малдың интерстициялық эмфиземасы. 3. Гистоколлекциялық микропрепараттар: торайдың катарлы пневмониясы, бұзаудың некроздалған іріңді-катарлы бронхопневмониясы, өкпенің альвеолалық эмфиземасы. Жұмысты орындау әдістемесі 1 тапсырма Тыныс алу мүшелерінің аурулары алуан түрлі биологиялық агенттердің (бактерия, вирус, гельминт, т.б.), физикалық және химиялық факторлардың әсерінен туындайды. Әсіресе өкпенің қабынуы (пневмония) жиі кездеседі. Қабыну процесі өкпенің бір бөлікшесін, бір бөлігін, тіпті оны түгелдей қамтуы мүмкін (лобулярлық пневмония, лобарлық пневмония, тотапдық пневмония). Пневмония дербес ауру немесе инфекциялық аурудың негізгі көрінісі, жұқпалы, не жұқпайтын аурудың асқынуы ретінде кездеседі. Ол бронхопневмония және крупозды пневмония болып екіге белінеді. Бронхопневмония әдетте төл арасында жиі кездеседі. Ол бронхтар мен өкпе альвеолаларының катарлы, катарлы-іріңді қабынуымен сипатталады. Себептері: бактериялар (әсіресе коктар), вирустар, микоплазмалар, гельминттер. Макропрепарат. Жіті катарлы бронхопневмония. Өкпенің жоғарғы және жүрек бөліктері зақымданған: көлемі ұлғайған, түсі кұрең-қызыл, көкшіл реңді (әдетте қызғылт түсті), консистенциясы нығызданған (әдетте серпімді). Макропрепарат. Созылмалы іріңді-катарлы абсцесстенген бронхопневмония. Өкпе үлкейген, оның сырты кедір-бұдырлы, түсі сұрғылт, нығызданған. Мүше тілігінің бетінде көптеген, ақшыл түсті, жүзім шоқтарына ұқсаған кішкене ошақтар және үлкенді-кішілі, іріңмен толған қуыстар (абсцесстер) бар. № 57 б гистопрепарат. Торайдың жіті бронхо- пневмониясы. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші, кейіннен орташа үлкейткішімен қарап, бронхтарды табыңыз: бронхтар қуысы эозинмен боялған катарлы экссудатпен толған, кілегейлі кабықтың эпителий торшалары дистрофияға ұшыраған, олардың кейбіреулері іргесінен ажыраған; бронхтарды қоршай гистиоциттер мен лимфоциттер жиынтықтары пайда болған. Енді өкпе альвеолаларын зерттеңіз. Капиллярлардың шамадан тыс қанға толуына (гиперемияға) байланысты альвеолалар арасы қалыңдаған, олардың қуысы сарысулы экссудатпен толған. Экссудат эозинмен боялған қызғылт сұйық заттан, азғана нейтрофилді лейкоциттерден, іргесінен ажыраған альвеолалардың эпителий торшаларынан тұрады. Сурет салыңыз: қабынған бронхтарды және альвеолалық ұлпаны көрсетіңіз. 2 тапсырма Өкпе эмфиземасы - (гр. - үрлеймін) - ауаның шамадан тыс жиналуына байланысты өкпе көлемінің ұлғаюы. Эмфиземаның альвеолалық (өкпе альвеолаларының ауамен кернелуі) және интерстициялық (ауаның аралық үлпа мен плевра астында жиналуы) түрлері бар. Макропрепарат. Ит өкпесінің альвеолалық эмфиземасы: екіге ұлғайған, бозғылт түсті, жұмсарған (мамық тәрізді), кескен кезде одан сытырлаған дыбыс естіледі, тілік беті кұрғақ. Себептері: өте ауыр жұмысқа байланысты өкпе қызметіне шамадан тыс күш түсу (жылқының ұзаққа шабуы, қара малды алысқа жылдам айдау, суға бату, тұншығу). Макропрепарат. Қара малдың интерстициялық эмфиземасы. Өкпе бөліктері аралығындағы дәнекер ұлпа тым жуандаған, мөлдір, көпіршікті. Өкпе жарақаттанғанда, жөтелген кезде өкпе ұлпасы жыртылады да, оған ауа кіреді: N°84 гистопрепарат. Өкпенің альвеолалық эмфиземасы. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарағанда өкпе альвеолаларының көлемі бірдей емес екендігін көруге болады: кей жерлерде өкпе альвеолалары тым кеңейген, олардың қабырғалары жұқарған, жыртылған. Жыртылған альвеолалар үлкен-үлкен қуыстарға айналған. Өкпе альвеолаларының жұқарған қабырғаларында капиллярлар көрінбейді, торшалар сопақша келген. Мұндай өзгерістер өкпе альвеолаларының шектен тыс ауаға толуына байланысты. Сурет салыңыз: Әдеттегі өкпе құрылысын, кеңейген өкпе альвеолаларын, олардың жұқарған, жыртылған қабырғаларын көрсетіңіз. Бақылау сұрақтары 1. Үй жануарында пневмонияның қандай түрлері кездеседі? 2. Катарлы бронхопневмонияның макро- және микро- көрінісі 3. Іріңді бронхопневмонияның макро- және микро- көрінісі 4. Эмфиземаның түрлері және оның себептері. 5. Альвеолалық эмфиземаның морфологияық көрінісі. 6. Интерстициялық эмфиземаның морфологиясы.
№2 зертханалық жұмыс Тақырыбы: «Өкпе ауруларының патологиялық морфологиясы (крупозды пневмония және ателектаз) Жұмыстың мақсаты - крупозды пневмония мен өкпе ателектазының морфологиялық ерекшеліктерін анықтау. Жұмысқа керекті кұрал жабдықтар: 1. Құрал-саймандар, шыны ыдыстар, бекіту сұйықтары, микротом, микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар. 2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: пастереллезден өлген қойдың крупозды пневмониясы, пастереллезден өлген қара малдың крупозды пневмониясы (аурудың көкіректік түрі), кара малдың жұғымтал плевропневмониясы (ала өкпе), өкпе ателектазы. 3. Гистоколлекциялық микропрепаратгар: крупозды пневмония (66), өкпе ателектазы (83). Жұмысты орындау әдістемесі
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.) |