Тақырыбы: "Бүйрек ауруларының патологиялық морфологиясы" 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тақырыбы: "Бүйрек ауруларының патологиялық морфологиясы"

Поиск

  1тапсырма

 Крупозды пневмония (фибринді пневмония) - өкпенің жіті экссудациялық қабынуы. Негізгі сипаты: өкпе альвеолаларына фибринді экссудат толады, мүшенің бір немесе бірнеше бөлігі зақымдалады.

 Себептері: пневмококктар (қатты салқын тиген кезде), пастереллездің, ала өкпенің, жылқының жұғымтал перипневмониясының, ешкі кебенегінің, т.б. қоздырушылары.

Крупозды пневмонияның дамуы бірі-біріне ұласқан 4 кезеңнен тұрады: гиперемия кезеңі, қызыл гепатизация кезеңі, сұр гепатизация кезеңі және шешуші кезең.

Макропрепарат. Пастереллезден өлген қойдың крупозды пневмониясы. Шыны ыдыста біркелкі қызыл және біркелкі сұр түсті өкпе кесінділері бар. Олар крупозды қабынған өкпенің қызыл гепатизация және сұр гепатизация жерлерінен алынған. Бекіту сұйығына салмай тұрып зерттегенде мұндай өкпенің едәуір үлкейгені, бауырға ұқсап қатайғаны, тілік бетінің құрғақ екені анықталды.

Макропрепарат. Пастереллезден өлген қара малдың крупозды пневмониясы (аурудыц көкіректік түрі). Өкпе үлкейген, бірыңғай сұр түсті, қатайған (мал крупозды пневмонияның сұр гепатизация кезеңінде өлген).

Макропрепарат. Қара малдың жұғьмтал плевропневмониясы (ала өкпе). Плевра бетінде ақшыл-сұр түсті, торлы шөгінді бар (фибринді плеврит). Өкпенің тілік беті біртүсті емес: мүшенің кейбір бөліктері қызыл түсті (крупозды пневмонияның қызыл гепатизация кезеңі), екінші бір бөлігі сұр түсті (сұр гепатизация кезеңі).

№66 гистопрепарат. Крупозды пневмония. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, препаратты әрлі-берлі жылжыта отырып, оның түсіне назар аударыңыз. Препарат бір түсті емес: қызыл түсті ошақтар мен көкшіл түсті ошақтар алма-кезек орналасқан. Өкпе альвеолаларының іші әдетте бос болады, ал зерттеліп отырған препаратта экссудатпен толған. Препараттағы қызыл түсті ошақты микроскоптың үлкен ұлғайтқышымен қараңыз. Өкпе альвеолаларының қабырғалары капиллярлардың кеңеюіне байланысты қалыңдаған, кейбір жерлері ирелеңдеп, альвеолалар ішіне кіріп тұр. Альвеолалар ішінде қызғылт түсті нәзік талшыктар бар, олардың кұрамында аздаған эритроциттер мен лейкоциттер кездеседі. Бұл фибринді экссудат. Осы көрінген өзгерістер крупозды пневмонияның қызыл гепатизация кезеңіне тән көрінісі.

Енді препаратты әрлі-берлі жылжытып, оның көк түске боялған жерлерін зерттеңіз. Өкпе альвеолалары (көпіршіктері) жөнді шектелмеген, капиллярлар ұдайы көріне бермейді, қанға толмаған, көпіршіктер қуысы ядросы таға секілді лейкоциттерге толған, торша ядролары ыдырау сатысында. Лейкоциттермен қатар өкпе альвеолалары ішінде қызғылт түсті фибрин жіпшелері бар. Аталған өзгерістер крупозды пневмонияның сұр гепатизация кезеңіне тән. Препаратта крупозды пневмонияның гиперемия кезеңіндегі ошақтар бар: қатар жатқан альвеолалар арасындағы перделер капиллярлардың қанға толуына байпанысты қалындаған, альвеолалар бірен- саран лейкоциттер араласқан экссудатпен толған.

Препаратта көргеніңізді суретке салыңыз: крупозды пневмония сатыларына тән өзгерістерді көрсетіңіз.

   2тапсырма

Өкпе ателектазы — (грек. ateles - толық емес, ektasis - созылу) - өкпе альвеолаларының ауасыздануы. Зақымданған жерлер сырттай қарағанда кішірейген, нығыздығы ет тәрізді күрең-қызыл түсті. Ателектазға өкпенің кейбір бөлікшелері, сегменттері не тұтас бір бөлігі ұшырауы мүмкін.

№83 гистропрепарат. Өкпе ателектазы. Гематоксилин-эозинмен боялған. Микроскоптың кіші үлкейткішімен қарап, көлемі кішірейген, ауасыз өкпе альвеолаларын табыңыз. Олар тарылған, саңылаулар түрінде көрінеді. Альвеолалар аралығында қаңға толы капиллярлар айқын көрінеді. Өкпе альвеолаларының мұндай күйге ұшырауы бронхтың катарлы экссудатпен, тоғышар құрттармен, т.б. толып, тығыңдалуынан, сондай-ақ өкпенің плевра қуысында жиналған экссудатпен, ауамен, т.б. қысылып жаншылуынан болады.

Сурет салыңыз: ателектазға ұшыраған және әдеттегі өкпе альвеолаларын көрсетіңіз.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Крупозды пневмонияның анықтамасы, даму кезендері

2. Крупозды пневмонияның макро- және микрокөрінісіне сипаттама беріңіз

3. Ателектаз дегеніміз не?

4. Ателектаздың түрлері, себептері, морфологиялық

белгілері

 

№3 зертханалық жұмыс

Жұмыстың мақсаты - нефроздар, нефриттер және басқа бүйрек ауруларының мәнін, морфологиялық көрінісін және жіктелуін анықтау.

Жұмысқа керекті құрал жабдықтар: 1. Микроскоптар, балауса секциялық материал, альбомдар, түрлі-түсті карандаш, плакаттар.

2. Патологиялық анатомиялық мұражайлық макропрепараттар: қара малдың гематогендік ірінді нефриті, қара малдың урогенді нефриті, шошқаның «ақ- шұбар бүйрегі» (ошақты интерстициялық нефрит), диффузды интерстиялық нефрит (итте), іріңді нефрит, бұзаудың үлкен дақты бүйрегі, геморрагиялық цистит, гидронефроз.

3. Гистоколлекциялық микропрепараттар:

интракапилярлық гломерулонефрит (68), екінші кезекті бүріскен бүйрек (созылмалы гломерулонефрит) (69).



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.007 с.)