Жеке жұмыс: Мақал-мәтел.
Жеке жұмыс: Мақал-мәтел.
Таза болса- табиғат,
Аман болар –адамзат.
Мақсаты: Баланың сөздік қорын жетілдіріп, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту, балалардың табиғат , денсаулық туралы түсініктерін тереңдету.
Ойын: «Біз кішкене отбасы»
Мақсаты: Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.Отбасы мүшелерін дұрыс атауға үйрету.
Қимылдық ойын: « Шымшық доп»
Ойын барысы: Алаңның ортасындағыбір тағанның
Картотека № 15
Бақылау: Күздегі өсімдіктердің түсін бақылау.
Мақсаты: Күзде өлі табиғатта болатын құбылыс өсімдіктерге деәсер ететіндігін түсіндіру.
Еңбек: Біздің ойын алаңы
Мақсаты: Ойын алаңындағы сарғайып түскен жапырақтарды жинау.Еңбекқорлыққа баулу.
Жеке жұмыс :
Жел тынымсыз гуілдеп,
Болып кетті тым бұзық
Шуылдайды тал терек,
Жапырағын жұлғызып.
Мақсаты: Тақпақ үйрету арқылы балалардың есте сақтау қабілетін дамыту, тілдегі дауыс ырғағының мәнерлігін сезінуге үйрету..
Қимылдық ойын: «Айгөлек-ау, айгөлек».
Мақсаты: Қимыл-қозғалысын дамыта отырып, шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Қимылдық ойын: «Фигура жасап шық»
Картотека № 3
Бақылау: Күнді бақылау.
Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу.
Қимылдық ойын:«Таяқшадан аттап өт», «Қуаласпақ»
Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.
Еңбек: Гүл шоғы.
Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.
Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»
Мақсаты:Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.
Е.Өтетілеуұлы «Бағдаршам»
Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал «тілін»
Біліпт алдым мен де:
Жасыл жанса, демде
Алға кетем лезде.
Сары жанса , сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
Қимылдық ойын: «Үрпек төбет»
Картотека № 4
Бақылау:Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Көктемгі табиғат құбылыстарын түсіндіру.
Еңбек: Жердегі сынып түскен бұтақтарды жинау
Мақсаты:тазалыққы баулу.
Жеке жұмыс: Сипап өткен самалға,
Тербеледі сары алма.
Көз салып едім бақшаға,
Қауын біткен сары ала.
|