Семинарлық сабақ 9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
Семинарлық сабақ 9. Туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
Мақсаты:Ішінара бақылау әдісін, бақылау қателерін және оның түрлерін қарастыру, П.Л.Чебышев теоремасы, А.М. Ляпуновтың теоремасымен Лаплас интегралының мағынасын ұғыну болып табылады.
Сабақ түрі: сараптау, есеп шығару
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:бақылаудың қатесі, П.Л.Чебышев теоремасы, А.М. Ляпуновтың теоремасы, Лаплас интегралы, шекті қателіктер формуласы, жікті (типтік немесе аудандау) сұрыптау, сериялы сұрыптау
Тапсырма:
· бақылаулар қатесі дегеніміз не?
· тіркеу қателіктері және репрезентативті қателіктер анықтамасын айтып, айырмашылықтарын көрсетіңіз
· мүмкін болған ең үлкен қателік дегеніміз не?
· Лаплас интегралын түсіндіріңіз
· типтік сұрыптау қателіктерінің формулаларын түсіндіріңіз
· сериялы сұрыптау қалай жүргізіледі?
· туризмдегі статистикалық сұрыптау әдістері
· тақырып бойынша есептер шығару
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
Семинарлық сабақ 10. Ішінара бақылаулар түрлері
Мақсаты:Ішінара бақылаулар түрлерін қарастыру, айырмашылықтарын ажырата білу, қателіктерді есептеп үйрену
Сабақ түрі: сараптамалық сабақ
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: механикалық сұрыптау, Құрама, көпсатылы, көпфазалы, кіші сұрыптаулар, кезеңдік бақылау әдісі, орташалардың ауытқулар
Тапсырма:
· Механикалық сұрыптау әдісі нені зерттейді?
· Сұрыптаулар түрлерін атаңыз
· Кезеңдік бақылау әдісінің мәні неде?
· Дисперсиялық талдау элементтері нені білдіреді?
· Статистика Агенттігінің кітабына сүйене отырып, сұрыптау жүргізу
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
|