Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

Поиск

6. Білім алушының өздік жұмысы үшін тапсырмалар және олардың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау

 

1.Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері

Мақсаты:Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері мен қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері, қаржылық қызметін талдауды қарастыру,әдебиеттерге шолу жасауды зерттеп қарастыру.

Сабақ түрі:әдебиеттермен жұмыс

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.Туристік кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістері

2.Туристік кәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметінің баланстық және ішінара әдістері

3.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметін талдау

4.Әдебиеттерге шолу

Тапсырма:

Туристік көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып, ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтері негізіндеталдау жүргізіңіздер және ҚР-дағы туристік кәсіпорынның даму жағдайына баға беріңіздер (3 жылдық көрсеткіштер бойынша) және әдебиеттерге шолу жүргізіңіздер, глоссарий әзірлеңіздер

Студенттің міндеті:

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;

– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;

– ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтерін талдап, түсіндіре білу.

– Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.

 

2.Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі аудиторлық бақылау әдістері мен ревизия

Мақсаты:Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісінің жүргізу тәсілдерін, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау мәселелерін қарастыру болып табылады.

Сабақ түрі:зерттеушілік

Талқылауға арналған сұрақтар:

1.ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтері негізінде талдау жүргізіңіздер.

2.Әдебиеттерге шолу

Тапсырма:

ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтерін қолдана отырып талдау жүргізіңіздер және кәсіпорынның қаржылық қызметіне ішкі аудиторлық тексеріс жүргізіңіздер. (бір жылдық көрсеткіштер бойынша)

Студенттің міндеті:

– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;

– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;

– ҚР-ның статистикалық жинақ мәліметтерін талдап, түсіндіре білу.

– Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)