Дәрістерге әдістемелік нұсқау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Поиск

Бақылау сұрақтары

1. Статистикалық график дегеніміз не? Оны қалай құруға болады?

2. Графикалық әдістің негізгі түрлері қандай?

3. Картограмма және картодиаграмманың бір –бірінен айырмашылығы қандай?

4. Орташа шама не үшін қажет?

5. Мода және медианадегеніміз не?

6. Шашыранды немесе дисперсия деп нені атаймыз?

Қорытынды

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Диаграмма. Графикалық әдістің ішіндегі ең жиі қолданылатын және көп тараған түрі. Диаграмма – ( diagramma) – грек сөзі. Бейне, сурет, сызба деген мағынаны білдіреді.

Диаграмманы құру үшін жазықтықтар мен сызықтар, ал кейде диаграммалар бағаналы, сызықты, шаршылы, шеңберлі, секторлы, фигуралы және “Варзардың белгісі” атты болып бөлінеді.

Картограмма географиялық контурлы картаға әр түрлі белгілер арқылы диаграммалар түсіру деген сөз. Орташа шама деп, біртектес жиынтықты белгілі жағдайда және белгілі бір уақытта өздеріне тән белгісі бойынша жинақтап көрсететін орташа сан мөлшерін, яғни біртектес жиынтық бірліктерінің орта есеппен алынатын барлық бірліктерге жатқызылатын сандық шамасын айтады. 

Статистикалық қатарлардың ішінде ең жиі кездесетін белгінің үлкен шамасын айтады, яғни өзгермелі сандық қатарда жиіліктің үлкен мәні жатқан белгіні мода деп атайды. Медиана деп статистикалық өзгермелі қатардың ортасында жатқан белгіні айтады.

Статистикалық өзгерме деп жиынтық біріліктерінің белгілеріне әсер етуінен болған сандық өзгерісті айтады,түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, бұл көрсеткіштер жүйесінің ауытқу шамасының қаншалықты екенін анықтау үшін өзгерменің негізгі көрсеткіштері есептеледі. Ал олар мыналар: өзгерменің өрісі, орташа сызықтық ауытқу, шашырандылық (дисперсия), орташа шаршылық ауытқу және өзгерменің коэффиценті.

Студент тақырыпты оқығаннан кейін статистикалық график, графикалық әдіс, картограмма, картодиаграмма, статистикалық өзгерме түсініктерімен танысып, орташа шаманың арифметикалық,геометриялық, құрылымдық, үйлесімдік және шаршылық  (квадраттық) орташа шамалар сияқты шамаларды практикалық қолдана алулары керек



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)