Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Бақылау сұрақтары
1. Туризмдегі мамандардың шығармашылық қызметінің мәні қандай?
2. Ммандардың шығармашылық қызметіндегі интуицияның рөлі қандай?
3. Сезімдік танудың сипаты қандай?
4. Сезімдік танудың нысандары қандай?
5. Туризмдегі ғылыми зерттеуде шығармашылық бастаманың рөлі қандай?
6. Туризмде шығармашылық қызмет қандай рөл ойнайды?
Қорытынды
Туризм мамандарының шығармашылық қызметінің маңыздылығының артуы шығармашылық үдеріс мәнін, оның әдістемелік және психологиялық негіздерін, жүзеге асырудың практикалық жолдарын ашып көрсету қажеттілігін туғызды. Шығармашылық үдерісті талдауға, туризмдегі менеджерлердің шығармашылық қызметін арттыру жолдарын іздеуге арналған көптеген еңбектер пайда болды.
Мамандардың шығармашылығын ашу тәсілдерінің ғылыми әдістемелік алғышарты, тәжірибелік қызметінің негізінде шынайылықтың адам санасында белсенді түрде көрініс табу үдерісі ретінде тану мәнін түсіну, яғни диалектика болып табылады.
Қабылдаудың сапалылығы менеджердің жүйке жүйесі мен көңіл күйінің жағдайына тәуелді болып келеді. Егер ол ашулы күйде болатын болса, онда болып жатқан оқиғаларды объективті түрде қабылдай алмайды. Қабылдаудың бұл ерекшелігін күтпеген жағдайлар көп кездесетін, психологиялық қабылдау артып кететін нарық жағдайында ескеру қажет.
Студенттер мамандардың шығармашылығын ашу тәсілдерінің ғылыми әдістемелік алғышарты, тәжірибелік қызметінің негізінде шынайылықтың адам санасында белсенді түрде көрініс табу үдерісі ретінде тану мәнін түсіну, туристік қызмет көрсету нарығы сегментін қабылдай отырып менеджер, алға қойылған міндеттерді орындауға қажетті жақтарын жан-жақты білуі керек.
|