Іріктеу мен сауалнама жүргізу 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Іріктеу мен сауалнама жүргізу

Поиск

 Респонденттерді іріктеу процессі өте маңызды болып табылады. Репрезентативті іріктеу кезінде респонденттерді іздеу белгілі қадам бойынша кездейсоқты жолмен жүргізіледі. Мысалы, әр бесінші пәтер сұрауға қатысады, пәтерде кімнің туған күні сұрау өткізу күніне сай келген адамға ғана сұрақтар қойылады (бұл әдіс кездейсоқтықты қамтаммасыз етеді).

Мақсатты іріктеуде, респонденттер арнайы дайындалған квоталар бойынша сұрастырылады (мысалы, айына сән салонына бірден жиірек баратын, 30-40 жастаға әйелдер). Жыл ағымындағы жалпы Республикалық статистика негізінде дайындалған квоталық жоспарлар әр интервьюерлерге беріледі (мини-модель дайындалады, мысалы, қалалық әйелдері).

Бір жобаның шеңберінде сұралатын респонденттердің көлемі, мақсатты нарықтың масштабына байланысты. Ол 300-ден 2000 адамға дейін өзгеріп тұрады. Сұрауға, респонденттердің аз көлемде қатысуы, алынатын мәліметтің дұрыстығына кері әсерін тигізуі мүмкін, демек, зерттеу нәтижелерінің негізінде қабылданған маркетингтік шешімдердің дәлдігіне күмән тууы ақиқат.

Сандық зерттеуді өткізу үшін сауалнамаға жинақталған сұрақтар тізімі дайындалады. Сауалнама өзінде жабық сұрақтар (ұсынылған варианттарының ішінен жауап беруді талап ететді) ғана емес, ашық сұрақтарды да кіргізеді (респоденттің ашық және толық жауап беруін жорамалдайды және т.б.)

Әртүрлі форматтағы алғашқы ақпаратты жинауға мүмкіндік беретін сандық зерттеулердің бірнеше түрлері бар:

1. Жеке сұрау (face-to-faсe)

2. Көшеде жүргізілетін интервью

3. Сатып алу орындарындағы интервью

4. Пәтерлік интервью (іріктеудің максималды репрезентативтілігін қаматамасыз ете алатын болғандықтан, ең кең тараған әдіс болып табылады)

5. Өнімді тестілеу (hall и home tests)

6. Тауар аудиты

Сандық зерттеуді өткізуде сауалнама мен іріктеуді дайындау мәселесі өте маңызды болып табылады. Сандық мәліметтерді жинаудың жартылай табысты болуына дұрыс құрастырылған сауалнама мен дұрыс іріктелген респонденттер қамтамасыз етеді.

1. Hall, Home testтер

Холл-тест мына сұраққа жауап береді: сатып алушылардың көбісі варианттың қайсысына дауыстарын берді?

Холл-тест тауарды немесе жарнаманың үлгілерін лабораториялық түрде сынау болып табылады. Олар жаңа өнімнің тұтынушылық қасиетін бағалау үшін қолданылады: дәмін, безендіруін, атауын, сонымен қатар бағаға сезімталдығын

Бағалық (бір тауармен) және салыстырмалы (бірнеше ұқсас тауарлар бекіту мен сатып алу ықтималдығын бағалау.

Холл-тестінің объектісі ретінде не бола алады?

Азық-түлік өнімдері, орама, постерлер, жарнамалық модульдер, бейнероликтер
Шындығында холл-тест қандай көрініс алады?

Адамдар көп жүретін жерлерде (белгілі мақсатқа арналған аудиторияның топтану орындары) жабдықьалғанбөлмелер орнатылады. Холл-тестінің ерекшелігі, оның көмегімен қол жеткізуге қиын түсетін белгілі мақсатқа арналған топтарды эффективті зерттеуге болатын мүмкіндігі болып табылады, сонымен бірге, көзбен шолуды, естуді, иіс сезуді, сезу мен дәмді сезу ақпараттарын сапалы бағалауға болады.

Жұмысты тексеру. Әдетте холл-тесте штаттық супервайзер қатысады, ол толық бақылауды және тікелей интервью барысында тексеруді жүргізеді. Холл-тесте респонденттер әркезде мекен-жайлары мен телефондарын өз еріктерімен бергілері келмегендіктен, тексерудің стандартты процедурасын ұйымдастыру оңайлыққа түспейді

Home-test лабораториялық жағдайда емес, ол асығыссыз сұхбат жүргізуге және тиянақты ойлауға мүмкіншілігі бар қолайлы үй жасауында жүргізіледі. Өз үйінде респондент өзін жабдықталған жағдайда сезінеді, іс-қимылын табиғи түрде ұстайды, шындыққа сүйенетін пікірді айтады. Ол сырт көзден аулақ, әдет бойынша жасайтын, жаңа өнімді өзіне үйреншікті жағдайда сынап көрді.

Үй жағдайындағы тестілеу жаңа тауардың позициялану процедурасын жетілдіруге, оның тұтынушылық қасиетін ұғынуын тексеруде, ұқсас тауарлармен салыстырғанда кемшіліктері мен артықшылықтарын анықтауда қызмет етеді.

Home-test тауар нарыққа шыққанға дейін өндірушіге қателіктен құтылуға мүмкіндік береді. Home-test әдетте өнімді бірнеше күн аралығында тестілеу қажет болғанда қолданылады немесе оның қолданылуы тек үй жасауы жағдайында ғана жүзеге асатыны

бағамдаулы, ал лабораториялық бөлмеде мөделін жасау мүмкін емес. Мысалы, балалар тауарларын, тазалау жабдықтарын немесе жеке гигиеналық құралдарын.

2. Жұмбақ сатып алушы

Mystery shopping - жалған құпиялы сатып алушылар рөлінде қызмет көрсету сапасын бағалайтын маркетинг зерттеулерiнiң әдiсi. Бұл әдiс қызметшiнiң жұмысын тұтынушының көзқарасымен қарап шығып, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн уақытында ойлануға мүмкiндiк бередi. Осы әдiстiң артықшылығы - тексерудiң құпиялығы және күтпегендiк.

Сандық зерттеулердің әдістерінің негізінде әр қашан математикалық және статистикалық моделдер жатыр, бұл жағдай өз алдына, нәтижесінде зерттеліп жатқан көрсеткіштердің нақты сандық мәндерін алуға мүмкіндік береді.

Зерттеу объектіліерін үлкен көлемде қамту, сұрау қатысушыларының анонимді қалу мүмкіндігі, көрнекті материалдарды пайдалануға болатындығы сандық зерттеулердің артықшылығы болып табылады

Холл-тест тауарды немесе жарнаманың үлгілерін лабораториялық түрде сынау болып табылады. Home-test лабораториялық жағдайда емес, ол асығыссыз сұхбат жүргізуге және тиянақты ойлауға мүмкіншілігі бар қолайлы үй жасауында жүргізіледі.

Mystery shopping - жалған құпиялы сатып алушылар рөлінде қызмет көрсету сапасын бағалайтын маркетинг зерттеулерiнiң әдiсi. Бұл әдiс қызметшiнiң жұмысын тұтынушының көзқарасымен қарап шығып, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн уақытында ойлануға мүмкiндiк береді.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)