Дәрістерге әдістемелік нұсқау
Бақылау сұрақтары
1. Сандық зерттеулер әдісінің ерекшелігі неде?
2. Сандық зерттеулер арқылы қандай міндеттер шешіледі?
3. Сандық зерттеулердің негізгі артқышылықтары қандай?
4. Іріктеу мен сауалнама жүргізудің қандай ерекшеліктері бар?
5. Hall, Home testтер не үшін жүргізіледі және не үшін керек?
6. Жұмбақ сатып алушы түсінігі қашан және не үшін қолданылады?
Қорытынды
Сандық маркетингтік зерттеу алғашқы қолдан алатын ақпараттарды жинау мен талдау болып табылады. Мұндай түрдегі зерттеулер әдетте, нақты статистикалық салыстырмалы тексерілген сандық мәліметтер керек кезде жүргізіледі. Сандық зерттеулердің әдістерінің негізінде әр қашан математикалық және статистикалық моделдер жатыр.
Респонденттерді іріктеу процессі өте маңызды болып табылады. Репрезентативті іріктеу кезінде респонденттерді іздеу белгілі қадам бойынша кездейсоқты жолмен жүргізіледі. Мақсатты іріктеуде, респонденттер арнайы дайындалған квоталар бойынша сұрастырылады. Холл-тест тауарды немесе жарнаманың үлгілерін лабораториялық түрде сынау болып табылады. Олар жаңа өнімнің тұтынушылық қасиетін бағалау үшін қолданылады: дәмін, безендіруін, атауын, сонымен қатар бағаға сезімталдығын
Home-test лабораториялық жағдайда емес, ол асығыссыз сұхбат жүргізуге және тиянақты ойлауға мүмкіншілігі бар қолайлы үй жасауында жүргізіледі. Өз үйінде респондент өзін жабдықталған жағдайда сезінеді, іс-қимылын табиғи түрде ұстайды, шындыққа сүйенетін пікірді айтады. Ол сырт көзден аулақ, әдет бойынша жасайтын, жаңа өнімді өзіне үйреншікті жағдайда сынап көрді.
Mystery shopping - жалған құпиялы сатып алушылар рөлінде қызмет көрсету сапасын бағалайтын маркетинг зерттеулерiнiң әдiсi. Бұл әдiс қызметшiнiң жұмысын тұтынушының көзқарасымен қарап шығып, қызмет көрсету сапасын жақсарту үшiн уақытында ойлануға мүмкiндiк бередi. Осы әдiстiң артықшылығы - тексерудiң құпиялығы және күтпегендiк.
Студент тақырыпты оқығаннан кейін сандық зерттеулер ерекшелігі неде, ол арқылы міндеттер шешіледі, іріктеу мен сауалнама жүргізудің қандай ерекшеліктері бар, Hall, Home testтер не үшін жүргізіледі туралы ақпаратты біліп шығулары тиіс.
|