Дәріс 15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері

Поиск

Әдебиеттер

1. Барчуков И.С. и др. Туризм: организация, управление, маркетинг. - СПб.: Книжный дом, 2005.

2. Квартальнов В.А. Туризм: Теория и практика. Избранные труды.В 5 т. Т.1: Гуманитарные проблемы развития туризма: история и современность. Т.3: Новые цели и функции туризма: экономика и управление.– М.: Финансы и статистика, 1998.

3. Оразбаева К.Н. «Маркетинг». –Алматы, 2007, 135 б.

Дәріс сұрақтары:

1.Сандық зерттеулер әдісі

2.Іріктеу мен сауалнама жүргізу

3.Hall, Home testтер

4.Жұмбақ сатып алушы

Дәрістің мақсаты:Туризмдегі маркетингтік зерттеулердің маңызын анықтау, негізгі маркетингтік зерттеулерді қарастыру, сапалық зерттеулер, фокус-тобы әдісі сияқты маркетингтік зерттеулерді терең зерттеу

Тақырып бойынша негізгі түсініктер:Сапалық зерттеулер, тереңдік –сұхбат әдісі, фокус-тобы әдісі

 

Сандық маркетингтік зерттеу алғашқы қолдан алатын ақпараттарды жинау мен талдау болып табылады. Мұндай түрдегі зерттеулер әдетте, нақты статистикалық салыстырмалы тексерілген сандық мәліметтер керек кезде жүргізіледі. Сандық зерттеулердің әдістерінің негізінде әр қашан математикалық және статистикалық моделдер жатыр, бұл жағдай өз алдына, нәтижесінде зерттеліп жатқан көрсеткіштердің нақты сандық мәндерін алуға мүмкіндік береді.

Сандық зерттеулер (тұтынушыларды зерттеу) «Қанша» деген сұраққа жауап алуға мүмкіндігі, зерттеліп жатқан параметрлердің таралуын бағалауды мүмкін етеді, сонымен қатар, олардың көлемін де: нарықтағы үлесін, белгілілігін және т.б. Сандық зерттеулер арқылы шешілетін міндеттер:

· Заттай мен ақшалай түрдегі нарықтың көлемі мен кеңдігінің потенциалды және айқын бағалау

· Пайыз түрінде негізгі конкуренттер арасында нарықтық үлестердің бөлінуін бағалау

· Тұтынушылардың негізгі сегменттерін анықтау

· Тұтынушының өнімді сатып алуға дайын екенін анықтау, өнімнің нарықтағы перспективалары мен бар болу тенденциялары

· Тұтынушының бейнесін анықтау: әлеуметтік-демографиялық және психологиялық сипаттамалар негізінде

· Өнімге тұтынушылардың көзқарасын сипаттайтын, берілген параметрлер бойынша өлшемдер өткізу

· Жаңа өнім мен көрсетілетін қызметті пайдаланғандардың ішінен қайта сатып алатындар жүйесін жоспарлау

· Өнімге ең жақсы ораманы анықтау

· Тауар мен қызмет көрсетуге оптималды бағаны анықтау

· Бос жатқан кеңістікті анықтау

· Нарықтың талаптарына сай келетін бар өнімді бағалау

· Басқа коммуникациялық араналар мен жарнама кампаниясының эффективтілігін бағалау

· Тауар мен қызмет көрсетілудің сатылу деңгейін бағалау

· Өнімнің бөлшектеп сатылатын желілердегі болуын бағалау

Сандық зерттеу әдісінің артықшылығы:

· Зерттеу объектіліерін үлкен көлемде қамту (респонденттер, орындар және т.б.). бірақ та қол жеткізуге қиын түсетін сегментерді (мысалы, жоғарға/төменгі қабаттағы халық) дәстүр бойынша сапалық зерттеу әдісін пайдаланады (case study)

· Сұрау қатысушыларының анонимді қалу мүмкіндігі бар. Сандық сұрауды өткізуге арналған сауалнама анонимді сипатта болуы мүмкін. Сандық сұрау өткізу кезінде интервьюер респонденттің аты-жөнін, оның мекен-жайы мен телефонын біледі, бұл өз алдына интервьюерлердің жұмыстарын сапалы тексеру жүргізуге жағдай туғызады.

· Көрнекті материалдарды пайдалануға болады (карточкалар, фотосуреттер, жарнама



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.008 с.)