Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
15. Туризмде қолданылатын негізгі маркетингтік зерттеу әдістері
Мақсаты :Туризмдегі маркетингтік зерттеулердің маңызын анықтау, негізгі маркетингтік зерттеулерді қарастыру, сапалық зерттеулер, фокус-тобы әдісі сияқты маркетингтік зерттеулерді терең зерттеу
Сабақ түрі:зерттеушілік
Талқылауға арналған сұрақтар:
1 Сандық зерттеулер әдісінің ерекшелігі неде, негізгі артқышылықтары қандай?
2 Іріктеу мен сауалнама жүргізудің қандай ерекшеліктері бар?
3 Hall, Home testтер не үшін жүргізіледі және не үшін керек?
4 Жұмбақ сатып алушы түсінігі қашан және не үшін қолданылады?
Тапсырма:
Маркетингтік зерттеулер бойынша қосымша кітаптардан тірек-сызба жасаңыз, нақты бір зерттеуге тоқталыңыз.
Студенттің міндеті:
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін жазуы тиіс;
– жазба жұмысының соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылауы қажет.
7. Практикалық сабақтарды өткізу жоспары және оларға дайындалу бойынша әдістемелік нұсқау
Семинарлық сабақ 1. Туристік кәсіпорында қолданылатын қаржылық-экономикалық қызметтердің әдістері
Мақсаты: Туристік қызметті зерттеудің методологиялық әдістерін қарастыру, тур қызметті зерттеуде жалпы ғылыми әдістерді қолдану, тур бизнестегі менеджмент және маркетинг әдістері, кәсіпорынның экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін қарастырып, негізгі ерекшеліктерін анықтау болып табылады
Сабақ түрі: топтау, сараптау, ой түйіндеу
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: жүйелік әдіс, эмпериялық, теориялық талдау, модельдеу, маркетингтік зерттеулер, PIMS- талдау, экономикалық тиімділік көрсеткіштері, баланстық және таңдау әдістері
Тапсырма:
· Ғылыми зерттеу әдістеріне тірек-сызба не кесте түрінде ой түйіндеңіз
· Ғылыми зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
· Менеджмент және маркетингтік зерттеулер ерекшеліктерін анықтап, бір-бірінен айырмашылықтарын ажыратыңыз
· Тур кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерін қандай әдістер арқылы анықтауға болады?
· Турөнімді өндіруде және өткізуде көрсеткіштер графигі қандай мақсатта құрылатынын анықтаңыз?
· Туркәсіпорынның қаржылық-экономикалық қызметіндегі баланстық және таңдау әдістерін талдаңыз
· «Туристік қызметтегі ғылыми зерттеулер ерекшелігі» тақырыбына эссе жазыңыз
· Пәнге библиографиялық тізімдеме жасаңыз
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
|