Дәріс 11, 12. Статистикалық графикалық әдіс туралы түсінік және оның қолданылуы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 11, 12. Статистикалық графикалық әдіс туралы түсінік және оның қолданылуы

Поиск

Дәріс сұрақтары:

1.Статистикалық график

2.Графикалық әдістің негізгі түрлері. Картограмма және картодиаграмма

3.Орташа шаманың мәні мен маңызы және қолданылу шарттары. Мода және медиана

4.Өзгерменің көрсеткіштері туралы түсінік және оны есептеу тәсілдері

Дәрістің мақсаты:

Статистикалық график туралы түсінікті, негізгі түрлерін біле отырып, график құра білу, өзгерменің өрісі, орташа сызықтық ауытқу, шашырандылық (дисперсия), орташа шаршылық ауытқу және өзгерменің коэффиценті туралы нақты анықтама алу

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Статистикалық график, графикалық әдіс, картограмма, картодиаграмма, статистикалық өзгерме.

 

Статистикалық график – берілген сандық көрсеткіштердің мазмұнын геометриялық сызықтар, нүктелер және фигуралар арқылы бейнелеу немесе географиялық картосхемалар арқылы көрнекті түрде кескіндеу үшін салынған сурет.

Статистикада графикалық әдістің қолданыла басталуы, шамамен, бұдан 200 жылдай уақыт бұрын болған. Оның алғашқы қолданылуы Англияның экономисі У. Плейфейрдің 1786 – жылы шығарған “Коммерциялық және саяси атлас” атты еңбегінен көруге болады. Бұл кітапта бірінші рет статистикалық көрсеткіштер сызықты, секторлы және бағаналы диаграммалар арқылы көрнекті түрде бейнеленген.

 Статистикалық график арқылы сандық көрсеткіштердің өсуін немесе кемуін, лоардың өзара байланыстылығын, заңдылығын анықтау үшін, оның алдына қойған мақсатына көңіл бөле отырып, негізгі талаптарды орындауға тиіспіз. Ол талаптар төмендегідей:

1. Графикте көрсетілген мәліметтер айқын шындықты бейнелуі керек. Ол, сонымен бірге, өмірдегі болған өзгерістерді толық мазмұндайды және сана – сезім, ойлау жүйесі арқылы суреттегі көрсетілген көрсеткіштерге талдау жасайды.

2. Графиктің құрылымы назар аударарлықтай көрнекті, түсінікті болуы және жеңіл оқылуы тиіс, ал мүмкіншілік болған жағдайларда көркем өрнектелінгені дұрыс.

3. Графиктегі көрсетілген көрсеткіштердің мазмұнына байланысты оның толық аты, орны, уақыт мерзімі және шартты белгілері көрсетілуі тиіс.

Графиктің негізгі элементтері. Статистикалық графикті геометриялық жазықтықта бейнеленген шартты белгілері дей отырып, әрбір графиктің төмендегідей негізгі элементтерін ажырата білуіміз керек: 1) графиктің негізі – геометриялық белгілер, яғни нүктелердің, сызықтардың, фигуралардың көмегімен бейнеленген статистикалық шама жиынтығы. 2) графиктің өрісі – бұл оның кеңістікте бейнесі мен белгілері орналасатын орны. 3) кеңістік бағыты (нысаны), яғни геометриялық белгілердің графтік өрісі бойынша орналасуын анықтау. 4) масштабтың бағыты (нысаны), яғни осы белгілердің сандық өлшем бірләктерін, мөлшерін анықтау. 5) графиктің экспликациясы, яғни графиктің атымен оның жеке бөліктеріне, геометриялық белгілеріне сәйкес сөзбен түсініктеме беру.

Геометриялық белгілердің қолданылуына қарай нүктелі және сызықтыболып екіге бөлінеді. Нүктелі график деп график негізінің жиынтықтары нүкте ретінде, ал сызықтық график деп сызықтардың қолданылуына байланысты болатын жол – жолды, төрт бұрышты, шеңбер тәріздес және т.б түрінде берілгендерін айтамыз. Кейбір кездерде графиктер геометриялық емес фигуралармен (әр түрлі суреттермен, көмескі, бұлдыр кескіндермен) белгіленеді. Мұндай грфиктердің түрлерін бейнелі график деп атайды.

Сандық мәліметтерді график арқылы бейнелеу үшін, алдымен шкаласын түсіреміз. Масштаб (мөлшер) деп графикке түсірілетін сандық шаманы шартты өлшем бірлігіне ауыстыруды айтамыз. График немесе масштаб шкаласы деп әрбір статистикалық сандық көрсеткіштерді белгілі бір межемен көрсететін жеке нүктелер мен сызықшаларды айтады

Статистикалық графикте сызылуына қарай түзу сызықты (түзу сызылған сызықтың сантиметрге немесе миллиметрге бөлінуі) және қисық сызықты (шеңбердің 360 градусқа бөлінуі) масштаб шкаласы қолданылады. Сондай – ақ, масштаб шкаласына қарай біркелкіжәне біркелкі емес болып екіге бөлінеді. Біркелкі немесе арифметикалық масштаб шкаласы дегеніміз, әрбір белгіленген белгінің сандық мәніне пропорционалды сәйкес екендігін көрсету. Және ол статистикада жиі қолданылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.008 с.)