Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
3.Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
Мақсаты:Туризмдегі психологияның негізгі міндеттерін,туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеуде қолданылатынәдістер мен кезеңдер түрлерін қарастыружәне студенттердің дайындықтарын тексеру.
Сабақ түрі: Ғылыми бақылау жүргізу
Талқылауға арналған сұрақтар:
1. Туристік қызметті зерттеулердегі психологияның әдістері
2. Туризмдегі психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері мен кезеңдері
Тапсырма:
Туристік көрсеткіштер жүйесін қолдана отырып, туризмдегі ғылыми зерттеулердің ерекшеліктеріне, психологиялық әдістерге талдау жүргізіңіздер және ҚР-да туризмнің даму жағдайына баға беріңіздер.
Студенттің міндеті:
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.
4.Туризмдегі зерттеулерде психологиялық әдістерді қолдану
Мақсаты:Туризм теориясы мен тәжірибесінде психологиялық зерттеулердің қалыптасу түрлерін, әдістер жіктелімін, ғылыми бақылаудың ішкі және сыртқы түрлерін, психологиялық және зертханалық эксперименттің маңызы туралы студенттердің ойларын байқау.
Сабақ түрі: Шығармашылық сабақ
Талқылауға арналған сұрақтар:
1.Туризмде модельдеу және конструкциялау әдістері қандай мақсаттар үшін қолданылады?
2.Туристік қызметтердің табиғи жағдайларында эксперимент нені білдіреді?
3.Психологиялық зерттеулерде тестілеу қандай мақсаттар үшін қолданылады?
Тапсырма:
Психологиялық зерттеулер жүргізу үшін тесттер әзірлеңдер, жасалған тест қандай әдіс арқылы жасалды, тесттен басқа қандай зерттеулер жүргізе алар едіңіздер, сіздің ұсынған әдістіңмаңыздылығын дәлелдеңіздер.
Студенттің міндеті:
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс;
– Ой қорыта білу, психологиялық зерттеулер жүргізе алу.
– Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау.
|