Семинарлық сабақ 6. Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
Семинарлық сабақ 6. Туризмдегі ғылыми зерттеулер және менеджердің шығармашылық қызметтерінің ерекшеліктері
Мақсаты:туризмдегі ғылыми зерттеулердің шығармашылық бастамасы туралы, сонымен қатарнарық жағдайындағы менеджердің шығармашылық қызметінің ерекшеліктерін талдау болып табылады.
Сабақ түрі: тірек –сызба, кесте әзірлеу, эссе жазу
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:әлеуметтік, шығармашылық шешім, танымдық қабілет, тұлғалық, үлгі.
Тапсырма:
· Туризмнің бір түріне сапалық және сандық сипаттаманы қалай беруге болады?
· Туризмдегі зерттеуде ұқсастық, қайшылық, жеткілікті негізділік заңдары қалай көрінеді? Абстрактіден нақыға өту әдісі туралы не айтасыз?
· Туризмнің нақты бір түрінде менеджерге логикалық қайшылықтың мәнін анықтау қажет пе?
· Туризм туралы ғылымның заңдарының, қағидаларының, ережелерінің шынайылығын қалай анықтауға болады?
· Мамандарда теориялық және практикалық ойлаудың біртұтастығын қалыптастыру үшін не қажет?
· Нарық жағдайындағы менеджердің шығармашылық қызметінің рөлі мен ерекшелігі қандай?
· Туризм менеджерін қалай түсінесіз? Сипаттаңыз (слайд, кесте, тірек-сызба)
· Пән бойынша 100 глоссарий дайындап, жаттаңыз
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
Семинарлық сабақ 7. Экскурсияларды ұйымдастыру әдістемелері және денсаулықты сақтау әдістері
Мақсаты:Экскурсия дайындаудың кезектілігі мен экскурсия жүргізудің тақырыптары, экскурсия маршрутын таңдау, объектінің паспортына енгізілуі қажет мәліметтер, оларды өткізу,түрлері.Сонымен қатар экскурсия жүргізушісінің жұмысы,туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер ментуристерге сауықтыру бағдарламаларының модульдік тұрғызуы жайлы сұрақтар қарастырылады.
Сабақ түрі: экскурсиялық сараптама сабағы
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:экскурсия маршруты, ландшафт, экскурсовод, климактерий тәсілі, биотелеметрия әдісі және т.б.
Тапсырма:
· Экскурсия даярлау және өткізу әдістемесі, экскурсияларды жүргізу не үшін ұйымдастырылады?
· Туризмде қолданылатын медико – биологиялық әдістер туралы өз пікіріңіз
· Туристер үшін сауықтыру бағдарламаларына модульді қалай тұрғызуға болады?
· Ақмола облысындағы «Алжир» лагеріне экскурсия ұйымдастырып, экскурсия бойынша сараптама жүргізіп, есеп жазу
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
|