Семинарлық сабақ 2. Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі ауди-торлық бақылау әдістері мен ревизия
Семинарлық сабақ 2. Туристік кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі ішкі ауди-торлық бақылау әдістері мен ревизия
Мақсаты: Туристтік кәсіпорынның қаржылық қызметінің ішкі аудиторлық тексерісінің жүргізу тәсілдерін, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау, санаториялық жолдамаларды іске асырудағы ішкі бақылау мәселелерін қарастыру болып табылады.
Сабақ түрі: зерттеу, сараптама жүргізу
Тақырып бойынша негізгі түсініктер: ревизия, регистр, инвентаризация, ревизор, аудит, аудитор, ішкі тексеру.
Тапсырма:
· Туркәсіпорынды ішкі және сыртқы тексеру қалай жүргізіледі?
· Туркәсіпорынның қаржылық қызметін ішкі аудиторлық бақылау әдістері
· Ревизорға қойылатын талаптар және орың кәсіпорынды тексеруде негізгі қолданатын әдістері туралы ой түйіндеңіз
· Сіз аудитор болып бір туркәсіпорынды тексерсеңіз басты назарды неге аударасыз?
· Бір туркәсіпорынға аудиторлық тексеріс жүргізіңіз, ой түйіндеме жасаңыз
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
Семинарлық сабақ 3. Туристік қызметтер зерттеулеріндегі психология әдістері және кезеңдері
Мақсаты: Туризмдегі психологияның негізгі міндеттерін, туристік кәсіпорын қызметкерлерінің психикалық қасиеттерін зерттеуде қолданылатын әдістер мен кезеңдер түрлерін қарастыру болып табылады.
Сабақ түрі: топпен жұмыс
Тақырып бойынша негізгі түсініктер:Роршах әдісі, анамнез әдісі, бихевиоральды әдіс, индукция және дедукция, аналогия мен экстраполяция және т.б.
Тапсырма:
· Психологиялық зерттеу әдістері және түрлері туралы тірек –сызба ұсыныңыз
· Топ 3 топпен жұмыс:
- психологиялық әдістерді практикада қолдану ерекшеліктерін позициясын қорғау (3 мин)
- өздері білетін әдістерді қолдана отырып, түрлі ситуациялық жағдайлар ұйымдастыру
- «Туркәсіпорын қызметкерінің біліктілігін анықтау» мақсатында психологиялық тест әзірлеу
Студенттің міндеті:
– көрсетілген әдебиеттерге шолу жасау;
– тақырып бойынша негізгі ұғымдарды пайдалану;
– әртүрлі бағыттар мен теорияларды нақты айта білу;
– әртүрлі көзқарастарды салыстыра білу;
– өзінің жеке көзқарасы мен пікірін айта білуі тиіс.
Сабақ соңында студенттер тақырып бойынша нақты тұжырымдарын қорытындылау
|