Статистикалық өзгерме деп жиынтық біріліктерінің белгілеріне әсер етуінен болған сандық өзгерісті айтады. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Статистикалық өзгерме деп жиынтық біріліктерінің белгілеріне әсер етуінен болған сандық өзгерісті айтады.

Поиск

     Статистикалық зерттеуде және күнделікті тәжірбиеде экономикалық белгілер көрсеткіштері - өндірілген өнімнің құны, саны мен сапасы, еңбек өнімділігінің артуы немесе кемуі, жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы, олардың жұмыс стажы, халықтың жастық және жыныстық құрамдары сияқты көптеген құбылыстар ешуақытта тұрақты болмайды. Әрқашанда өзгеріп отырады. Демек, жалпы жиынтықтар түрлі сандық көрсеткіштермен сипатталады. Сондықтан, бұл көрсеткіштер жүйесінің ауытқу шамасының қаншалықты екенін анықтау үшін өзгерменің негізгі көрсеткіштері есептеледі. Ал олар мыналар: өзгерменің өрісі, орташа сызықтық ауытқу, шашырандылық (дисперсия), орташа шаршылық ауытқу және өзгерменің коэффиценті. Коэффициенттен бөлек өзгерменің басқа көрсеткіштері сол берілген белгілердің өлшем бірлігімен өлшенеді. Енді осы көрсеткіштердің есептелу тәсілдерін жеке қарастырайық.

Сонымен, өзгерменің өрісі деп сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші шамаларының арасындағы айырмашылықты айтады.

Ол осы екі шеткі шаманың айырмасын көрсетеді. Статистикада өзгерменің өрісі R - әрпімен белгіленеді және мына формула арқылы есептеледі:

                        R = X көп – Х аз

Орташа сызықтық ауытқу. Статистикада орташа ауытқу d - әрпімен белгіленеді және ол мына формуламен есептелінеді.

                            ∑ ( x – x ) f

                     d =    n                жай түрі

                         ∑ ( x – x ) f

                 d =   ∑ f            салмақталған түрі

Шашыранды немесе дисперсиядеп әрбір қатардағы белгінің ( x ) жеке мәнінен арифметикалық орташа шаманы ( x- ) алғандағы айырмаларды ( x – x-) және бір – біріне қосып, одан шыққан ауытқу қосындыны ∑ ( x – x- ) белгі санына ( n ), немесе дәрежеленген ауытқу көрсеткіштері жиіліктеріне ( f ) көбейтіп, оның қосындысын ( ∑ ( x – x-) 2 f ) сол жиіліктің жалпы жиынтығына ( f ) бөлгеннен шыққан бөліндіні айтады.

Шашырандының анықтамасын қысқарған түрде былай айтуға да болады: орташа сызықтық ауытқудың алымындағы жақша ішіндегі көрсеткіштерді дәрежелеу.

   Статистикада шашыранды гректің σ 2 ( сигма шаршы) - әрпімен белгіленеді және мына формула бойынша есептелінеді:

                                   ∑ ( x – x- )

                           σ =        n             жай түрі

                                     ∑ ( x – x- ) 2 f

                           σ =       ∑ f         салмақталған түрі

Орташа шаршылық ауытқу деп шашыранды көрсеткіштерін түбірлеуді айтады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)