Дәрістерге әдістемелік нұсқау 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәрістерге әдістемелік нұсқау

Поиск

Бақылау сұрақтары

1. Маркетингтік зерттеулер дегеніміз не?

2. Маркетингтік зерттеу қалай жүзеге асады?

3. Сапалық зерттеулердің қандай ерекшеліктері бар?

4. Фокус-тобы әдісінің маңызын көрсетіңіз

5. Тереңдетілген интервью әдісіне тән ерекшелікті атаңыз

6. Бөлмеде жүргізілетін зерттеу қандай ақпараттар арқылы іске асады?

 

Қорытынды

Маркетингтік зерттеулер дегеніміз – маркетингтің дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәлімсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтер жинау, оларды өңдеу, талдау процессі болып табылады.

Сапалық зерттеулер нарық пен нақты тауар туралы әртүрлілі мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

Тобтық фокусталған интервью әдісі немесе тобтағы фокустау әдісі заң бойынша, Модератордың басқаруында (1-ден 2,5 сағатқа дейін) белгілі уақыт аралығында 8-12 респонденттерден сұрау жүргізуге негізделген. Модератор, тапсырыс берушінің алдын ала дайындаған және бекіткен гайдтты басшылыққа алады.

Тереңдетілген интервью әдісі респонденттерді сұрауға негізделген. Өнімнің/қызмет көрсетудің жай тұтынушысы және сол сияқты нарықтың эксперттері респонденттер ретінде сұрауға қатыса алады. Олар ең ұсақ мәнісін білуге, және маркетингтік зерттеу міндеттерінің шешіміне өте маңызды болуы ықтимал респонденттерінің мінез-құлқы мен реакцияларының бүкіл аспектілерін анықтауға да мүмкіндік береді. Тереңдетілген интервью жиі заңды құқығы бар адамдар өкілдерін немесе қол жеткізуге қиын түсетін сегменттердегі жеке тұлғаларды сұрауда қолданылады.

Бөлмеде жүргізілетін зерттеу маркетологты, нарықтың жалпы жағдайы (көбінде оның сыйымдылығы туралы) мен оның даму тенденциясы туралы маңызды мәлімдемелермен қамтамасыз етеді. Бөлмеде жүргізілетін зерттеу кезінде зерттеушілер кең көлемдегі ақпараттарды тез өңдеуге қабылеттері болады және әр түйіршіктерден бағалы ақпарат жинай алады.

Студент тақырыпты оқығаннан кейін маркетингтік зерттеулер маңызын, түрлерін, негізгі әдістер туралы мәліметтер алулары керек.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)