ткізу уақыты және орны: 2 семестр, сабақ кестесіне сәйкес
2.Оқу пәні: Туризмдегі ғылыми зерттеу негіздері, Зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу Код - TGZN1202, ZNMO1202
Кредит саны - 1
ECTS кредит саны- 2
3.Өткізу уақыты және орны: 2 семестр, сабақ кестесіне сәйкес
4.Пререквизиттер: география, математика; Постреквизиттер:туризмдегі маркетинг, туризмдегі статистика; дипломдық жұмыс
5.Модульдің сипаттамасы
5.1.Модульдің бағыты:
Студенттерді ғылымның негізгі міндеттері, оның әдістерімен, туристік саланың мәселелері және мазмұнымен таныстыру.
5.2.Модульді оқытудың мақсаты: туризм сферасында өз бетінше нақты бір зерттеулер жүргізуге тәжірибелік және теориялық білімі бар болашақ мамандарды даярлау.
5.3.Модульдің міндеттері:
Студенттерге турбизнес негіздері, туризмнің ғылыми зерттеулерінің мақсаты мен міндеттерін, туристік қызметтерді зерттеуге әдістемелік көзқарастарды, туризмдегі ғылыми зерттеулерде диалектиканың негізгі заңдарын, туристік қызметті зерттеулердегі жалпығылымдық әдістерді, заманауи туризмді дамытудың негізгі принциптерін қолдану туралы түсініктемелерді беру.
5.4.Модульдің мазмұны
- Туризм сферасында ғылыми зерттеулердің даму бағыттары;
- Туризм сферасында ғылыми зерттеудің әдіснамасы;
- Туризм аумағында ғылыми зерттеудің әдісі мен әдістемесі. Ғылыми зерттеулерді іздену, рәсімдеу және өңдеу әдістемесі;
- Туризм аумағында ғылыми зерттеудің тақырыптарын және бағытын таңдау. Ізденгенде, әдебиеттердің қайнар көздерін зерттегенде және нәтижелерін өңдегенде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану;
- Туризм сферасында ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындаудың негізгі кезеңдері;
- Ғылыми – зерттеу жұмыстары бойынша есепке қойылатын талаптар.
|