баллдық емтихан сұрақ
20 баллдық емтихан сұрақ
(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)
5. Сұрақ:Көз туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.
Жауап: Көз туберкулезі барлық жаста кездеседі.
Патогенезі:Көз туберкулезі екіншілік туберкулез, көбінесе созылмалы біріншілік туберкулезден кейін, шашыранды немесе ошақты туберкулезден кейін, туберкулезді менингит, өкпеден тыс туберкулезден кейін дамиды. Көз туберкулезінің түрлері туберкулезді – аллергиялық және гематогенді. Туберкулезді – аллергиялық түрінде қабыну диффузиялық түрде дамиды, гранулемалар түзбейді. Көз алмасының сыртқы қабаты қабынады.
Гематогенді түрі өкпе туберкулезі мен кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезінен кейінгі қалдықтарының белсенуінен пайда болады. Көбінесе көздің тамырлы торы зақымданады.
30 баллдық емтихан сұрақ
(ТҮСІНЕДІ)
5. Сұрақ: Көз туберкулезі жіктемесі, клиникалық белгілері. зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.
Жауап:Өкпеден тыс туберкулездің клиникалық жіктемесі
Басқа мүшелері мен жүйелердің туберкулезі
Ми қабығының қабынуының туберкулезі
Ішек туберкулезі
Сүйек – буын туберкулезі
Несеп- жыныс мүшелерінің туберкулезі
Тері туберкулезі
Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезі
Көз туберкулезі
Клиникалық көрінісі.Балалар мен жасөспірімдердің белсенді біріншілік туберкулезбен ауырған кезде көбінесе көз туберкулезінің туберкулезді-аллергиялық түрі кездеседі. Көбінесе кератиттер, конъюнктивиттер, кератоконъюнктивиттер. Ауру жедел түрде басталады: жарықтан қорқу, көзден жас ағу. Көз қарашығында тамырлардың гиперемиясы, конъюнктивтің ісінуі. Фликтен пайда болады — майда сұр тәрізді жартылай мөлдір түйіндер. Қолайлы жағдайда бірнеше күннен соң фликтеналар сорылады. Қабыну процессі тез регрессияға ұшырайды, бірақ рецидивтер жиі кездеседі. Көз алмасының қабығының гематогенді түрімен зақымдалуы жиі ересек адамдарда кездеседі. Ауру симптомсыз басталады, содан соң алдыңғы увеит, шеткері увеит, хориоретинит немесе жалпы увеит болады. Көбінесе түйіндер 0,5- 2 мм диаметрлі көлемде 10-12 дейінгі ақшыл-сұр немесе сарғыш ошақтар көрінеді. Кейде шақтардың саны көбееді. Олардың шекаралары айқын емес, қосылуы мүмкін. Диффузиялық түрлерінде жіті қабыну реакциясы, ісіну, шынытәрізді дененің көміскіленуі, бірнеше түйіннің пайда болуымен сипатталады.
Диагностикасы.Туберкулинодиагностикасы оңды болады. Офтальмологиялық арнайы аспатық зерттеулер жүргізіледі.
|