баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

(ҚОЛДАНАДЫ)

3. Сұрақ:Науқас Г, ер адам, 23 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, медициналық тексеру кезінде флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде 1 см аспайтын ошақты көлеңке анықталған. Сұрастыру кезінде шағымдары анықталған: кешкі уақытта дене қызуының 37,5°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, дене салмағының аздап төмендеуі, еңбекке қабілетінің төмендеуі, тез шаршау. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,2°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-18 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде  өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – бронхиальды дыбыс естіледі.

1. Синдромдарды анықтаңыз

2. Диагнозды құрастырыңыз

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы.

Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының жалпы шолу рентгенограммасы. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Компютерлі томограмма. Фибробронхоскопия.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

 

20 баллдық емтихан сұрақ

(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)

4. Сұрақ:Миллиарлы өкпе туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Өкпенің шашыранды туберкулезі – көптеген, себілген ошақтармен сипатталатын клиникалық түрі. Шашыранды туберкулездің пайда болуы әрі ағымы туберкулез инфекциясының гемотогенді және лимфогенді жолдармен жайылуына байланысты. Клиникалық бейнесінің көптігі, ажыратудың қиындығы және әр түрлі нәтижесі осымен түсіндіріледі.

1. Ошақты зақымдану

2. Екі жақты (жиі симметриялы) шашыранды ошақтар

3. Апико-каудальді бағытта жайылған процесс

4. Патологиялық процеске өкпедегі дәнекер тіндердің қосылуы

5. Ошақтардың басым көпшілігі өкпенің кортикальді бөлігінде орналасады.

Шашыранды туберкулездің даму жолы екі факторға негізделген: бактеремия және нервті-қан тамырлы элементтердің гиперергиясы. Туберкулез бактеремиясының көзі болып жиі кеуде іші лимфа түйіндері саналады, сиректеу сүйектегі, бүйректегі және басқа мүшелердегі спецификалық ошақтар. ТМБ кеуде іші лимфа түйіндерінен кіші қанайналымына (өкпеге) кіреді. Егерде ТМБ өкпенің тінінде кідірмесе, онда олар үлкен қан айналымынаөтіп, әр түрлі органдарда спецификалық зақымдануды шақырады. Капилярларда ТМБ қан тамыры қабырғасын фибриноидты некрозды әкеліп соқтырады. Осы зонада спецификалық қабынупроцесі мен туберкулезді төмпешіктер пайда болады. Олар тамыр бойындағы интерстициалды тіндерде орналасады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)