баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

50 баллдық емтихан сұрақ

(ҚОЛДАНАДЫ)

2. Сұрақ:Емханаға келесі шағымдарымен 25 жастағы әйел қаралды: жалпы әлсіздік, түнгі тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, басының ауыруы, құрғақ жөтел, ентігу. Ауырғанына он күндей болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: өкпеде тимпаникалық өкпе дыбысы, аускультацияда – қатқыл везикулярлы тыныс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.4хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 5,5x109; ЭТЖ-65 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында:   өкпенің екі жағында майда көптеген ошақты көлеңкелер анықталады, салыстырмалы симметриялы орналасқан. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта – өзгеріссіз.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.    

Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.

Диагноз: Екі өкпенің миллиарлы туберкулезі.

Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

 

 

20 баллдық емтихан сұрақ

(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)

3. Сұрақ:Казеозды пневмония анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Казеозды пневмония – өкпе туберкулезінің аса ауыр формасының бірі. Ол бұрын сау болған адамда жеке ауру ретінде немесе туберкулездің басқа формасының ауыр асқынуы ретінде пайда болуы мүмкін .

Казеозды пневмонияның ерекшелігіне туберкулезді қабынудың казеозды-некрозды компаненттерінің айқындылығы , жедел өршуі және көптеген ыдырау қуыстарының түзілуі жатады. Көптеген ыдырау қуыстары тез өршуі және түзілуі жатады. Казеозды пневмония кезінде летальдық 50-60%-ға жетеді.Соңғы жылдары казеозды пневмонияны алғаш туберкулез анықталған науқастардың 3-5%-ы диагностикаланады.Казеозды пневмонияға иммунды жүйеде ауыр бұзылыстары бар адамдар –АИВ –зарарланғандар немесе ұзақ кортикостероидтармен және цитостатикалық препараттармен емделгендер бейім. Казеозды пневмониямен науқастардың тең жартысы ауыр әлеуметтік анамнезге ие. Адамда казеозды пневмонияның даму қаупін жоғарлататын маңызды факторларға дәрілерге төзімді , жоғары вирулентті ТМБ-сының жұғуы жатады.Лобарлы және лобурярлы казеозды пневмонияны ажыратады. Лобарлы пневмония жиі өздігінен туберкулездің клиника-анотомиялық формасы ретінде дамиды, ал лобулярлы өкпенің басқа туберкулездік формасын асқындырады.

Патогенез және патологиялық анотомия . Казеозды пневмония айқын иммунтапшылық кезінде, өкпе тінінде ТМБ қарқынды көбеіне байланысты дамиды. Оның тән белгісіне фагоцитоздаушы жасушалар мен лимфоциттердің метоболикалық қабілетсіздігі жатады, олардың апоптозға бейімділігі жоғарылайды. Нәтижесінде вирулентті микобактериялардан тиімді қорғану жоққа шығарылады. Иммунда жауапқа қатысатын жасушалардың патологиялық апоптоздың жоғарылауы казеозды пневмонияның дамуында алдыңғы патогенетикалық факторларға жатады. Казеозды пневмонияның бастапқы сатысы зақымдалу ошағында жасушалық элементтердің жаппай өлімділігі мен үлкен казеозды некроз аймағының түзілуімен сипатталады. Бұл кезде казеозды некрозды өзгерістер алғаш зақымдалған сегменттен асып таралады. Жақын жатқан өкпе тінінде , өзара қосылатын , казеозды ошақтар мен фокустар түзіледі.ТМБ ұсақ бронхтардың өзегіне , лимфа және қан тамырларына енеді. Казеозды өзгерістердің өршуі 2-3аптада ішінде жайылмалы зақымдалуына әкеледі. Макроскопиялық негізгі зақымдалу ошағында үлкен казеозды некроз өзгерістері жақсы көрінеді , сонымен қатар екі жақ өкпеде көптеген казеозды ошақтар мен фокустар көрінеді. Казеозды некроз тек өкпе тінінде емес сонымен қоса висцералды және париеталды плеврада анықталады .ТМБ-ның лимфагематогенді таралуы басқа ағзалармен жүйелердің туберкулезді зақымдалуына әкеледі. Казеозды массалардың еруі әр түрлі мөлшерлі көптеген қуыстардың –өткір каверналардың пайда болуына әкеледі.Өкпенің некроздалған аймақтары бос жатқан секвестрлерге айналуы мүмкін. ТМБ тіршілік өнімдерім мен өкпе тінінің ыдырау нәтижесінде түзілген биологиялық белсенді заттар гоместаздың қатаң өзгерістеріне әкеледі. Олар гиперфибриногенемия , плазманың фибринодиздік белсенділігінің жоғарылауынан , қан ағысында паракоагуляция өнімдерінің пайда болуымен , преальбумин концентрациясының жедел төмендеуімен көрінеді. Емсіз казеозды пневмония жиі өлім жағдайына әкеледі. Оның негізгі себебіне өкпе тіні зақымдалуы мен тез айқындалған уытталу көрінісінде пайда болған өкпе-жүрек жетіспеушілігі жатады. Дер кезінде басталған кешенді ем үдерістің өршуін тоқтата бастайды. Фибринозды массалар біртіндеп жинақталады , карнификацмя аймақтары пайда болады, қуыстар фибринозды кавернаға айналады, казеозда ошақтар инкапсуляцияланады. Казеозды пневмонияда өкпедегі өзгерістер айқын дәрежеде қайтымсыз болса , фиброзды-кавернозды туберкулезға ауысады. Үдеріс өкпе циррозымен аяқталады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)