Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
баллдық емтихан сұрақСодержание книги
Поиск на нашем сайте 50 баллдық емтихан сұрақ (ҚОЛДАНАДЫ) 4. Сұрақ:22 жастағы ер кici, емханаға келесі шағымдарымен қаралды: жалпы әлсіздік, түнгі тершеңдік, тәбеттің төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, басының ауыруы, құрғақ жөтел, ентігу. Ауырғанына он күндей болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Бұрын туберкулезбен ауырмаған. Қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: өкпеде тимпаникалық өкпе дыбысы, аускультацияда – қатқыл везикулярлы тыныс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.4хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 5,5x109; ЭТЖ-65 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: өкпенің екі жағында майда көптеген ошақты көлеңкелер анықталады, салыстырмалы симметриялы орналасқан. Синустары бос. 1. Синдромдарды анықтаңыз 2. Диагнозды құрастырыңыз 3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері 4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы. Диагноз: Екі өкпенің миллиарлы туберкулезі. Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.
20 баллдық емтихан сұрақ (ЕСТЕ САҚТАЙДЫ) 5. Сұрақ:Өкпенің шашыранды туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі. Жауап: Өкпенің шашыранды туберкулезі – көптеген, себілген ошақтармен сипатталатын клиникалық түрі. Шашыранды туберкулездің пайда болуы әрі ағымы туберкулез инфекциясының гемотогенді және лимфогенді жолдармен жайылуына байланысты. Клиникалық бейнесінің көптігі, ажыратудың қиындығы және әр түрлі нәтижесі осымен түсіндіріледі. Жеделдеу шашыранды өкпе туберкулезі Бөлінер жеріндегі бөлікаралық вена қабырғасының некрозы, ретикулярлы және надозды лимфангоитпен, экссудативті- продуктивті қабыну реакциясымен жүретін бір-бірімен қосылуға бейім төмпешікті топтар
Созылмалы шашыранды өкпе туберкулезі 1. Продуктивті қабыну реакциясымен жүретін полиморфты ошақтар 2. Өкпе тканінің диффузды склерозы мен эмфиземасы 3. Некротикалық казсозды массалардың іріңдіеруі мен жұқа қабырғалы кавернаның түзіліп ыдырауы 4. Плевраның тығыздалуы 5. Өкпеден тыс ошақтардың болуы.
Жеделдеу шашыранды туберкулез біртіндеп, толқын тәрізді басталады. Науқастың жағдайы нашарлап; дене қызуы фебрилді көтеріледі, қақырықты жөтел, ентікпе, ұйқы кезінде терлеумен білінеді, жүдеп, тері беті бозғылттанады. Қақырықта ТМБ жиі табылады. Өкпеде әдетте перкуторлы дыбыстың қысқаруы жоғарғы және ортаңғы бөліктерде кездеседі, осы жерде әр түрлі калибрлы сырылдар қысқарған бронхиалды тыныстың үстінде естіледі.
Созылмалы шашыранды туберкулез өкпеде гематогенді немесе лимфагематогенді қайталанатын шашыраулар арқылы пайда болады. Аурудың осы түрінде ұзақ уақыт толқын тәрізді ағымда қайта өршу мен ремиссиялар бір-бірімен алмасып отырады. Ауру білінбей пайда болады. Науқас шағымы әр түрлі, оның көбі вегетативті-эндокринді системаның бұзылуына байланысты. Процестің өршу кезеңінде науқастар тез шаршағыш, бас ауруы, жүректің жиі соғуы, кеуде қуысының ауруы, асқа деген тәбет пен ұйқының бұзылуы, құрғақ жөтел мен аздаған қақырықтың болуына шағымданады. Дене қызуы субфебрилді мен фебрилді төңірегінде. Физикалық күш кезінде ентікпе болады. Науқас жүдеген, терісі бозғылттанған, ашуланғыш келеді. Біртіндеп кеуде қуысы деформацияланады, қабырға арасы тарылып, ассиметрия дамиды. Перкуторлы дыбыс өкпенің жоғарғы бөлігінде қысқарған, ал төменгі бөлігінд еқорапты дыбыстар естіледі. Тыныс біркелкі емес – бронхиалды, кейбір жерлерде әлсіз, екі жақта да ұсақ ылғалды, әрі құрғақ сырылдар естіледі. Егер қуыс болса, сырылдың калибрі ұлғая түседі.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 53; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.198 (0.006 с.) |