Рентгенологиялық зерттеулер.
Рентгенологиялық зерттеулер.
Пневмониялық сатысы- 20-30 мм және одан да көп болатын формасы дұрыс емес, контуры тегіс емес, біркелкі емес құрылым өкпе тінінің қараюымен сипатталады. Өкепедегі қараю өкпе түбірінің кеңеюінен болады. Ол кейде онымен бірігіп кетеді және рентген суретінде анық көрінбейді. Қараю көбінесе өкпенің 3,4,5 немесе базальды сегменттерінде болады. 4-6 айға созылады.
50 баллдық емтихан сұрақ
(ҚОЛДАНАДЫ)
1. Сұрақ:Медициналық тексеру кезінде науқас Б, әйел адам, 45 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, флюорографиялық зерттеуде: оң өкпенің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған, сұрастыру кезенде келесі шағымдар анықталған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына екі ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене қызуы 37,5°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-20 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.2хІ0І2/л; Нв-130 г/л; T.K.-0,9; лейк. 7,5x109; ЭТЖ-25 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде II қабырға шамасында шоғырланған көлеңке анықталады, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос. Диафрагма контурлары тегіс. Жүрек, аорта – өзгеріссіз.
1. Синдромдарды анықтаңыз
2. Диагнозды құрастырыңыз
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.
Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.
Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.
Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.
Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.
|