баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

30 баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

4. Сұрақ: Тері туберкулезі жіктемесі, клиникалық белгілері. зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап:Өкпеден тыс туберкулездің клиникалық жіктемесі

Басқа мүшелері мен жүйелердің туберкулезі

Ми қабығының қабынуының туберкулезі

Ішек туберкулезі

Сүйек – буын туберкулезі

Несеп- жыныс мүшелерінің туберкулезі

Тері туберкулезі

Шеткі лимфа түйіндерінің туберкулезі

Көз туберкулезі

Клиникалық көрінісі.  Волчанкамен көбінесе балалар ауырады. Көбінесе беттің терісі, мұрын мен ауыз қуысының шырышты қабаты, мойын, кеуде, аяқ ,қол терісі зақымдалады.  Бірінші клиникалық белгісі бір немесе бірнеше бір біріне жақын орналасқан түйіндер (люпом) пайда болады, диаметрі 1—3 мм, ақшыл – қызыл түсті болады.  Түйіндеріндер баяу түрде шеткеріден ұлғайып, бір біріне қосылып, жоғарыға көтеріліп бляшкілер пайда болады. Түйіндерді басқан кезде алма желесіне ұқсап тұрады, түйметәрізді зондпен басқанда қанның тамшыларымен көрінетін шұңқыр пайда болады.

Люпомды бляшкілер жойылған кезде беткей тыртықтар пайда болады.  Кейде люпомалар бір біріне қосылып инфильтраттар түзейді. Бұндай инфильтраттар тері терең қабаттарын, тері асты қабатты, бұлшық еттерді, сіңірлерді, сүйекті зақымдайды.  Бұл жаралардың орны үлкен деформациялармен тыртықтанады. 

Скрофулодермамен көбінесе балалар мен жасөспірімдер ауырады, созылмалы біріншілік туберкулезбен ауыратын. Мойын, кеуде, қолтықтың астын көбінесе зақымдайды. Скрофулодерманың белгілері терінің терең қабаттарында тығыз, ауырсынусыз түйіндер пайда болады. Түйіндер ұлғайып, бір бірімен қосылады. Түйіннің үстіндегі тері жұқарып, қызыл көк түсті болады. Бірнеше апта немесе айлар бойы инфильтратар ауырмайды, біраз уақыт өткен соң олар жұмсарып, беті ашылады. Жыланкөздер арқылы сұйық іріңдер шығады. Аузы ашылып әртүрлі пішінді жаралар пайда болады. Жазылған кезде әртүрлі пішінді тыртықтар пайда болады. Көбінесе келоидты тыртықтар түзіледі.

Диагностикасы.  Биопсия және гистологиялық зерттеулер арқылы  қойылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 50; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)