баллдық емтихан сұрақ
50 баллдық емтихан сұрақ
(ҚОЛДАНАДЫ)
2. Сұрақ:Науқас Р, ер адам, 31 жаста, бұрын туберкулезбен ауырмаған, емханаға келесі шағымдармен қаралған: таңертеңгі уақытта қақырық тастау, сирек жөтел, кешкі уақытта дене қызуының 37-38°С-ға көтерілуі, түнгі тершеңдік, тәбетің төмендеуі, салмақ тастау, жалпы әлсіздік, тез шаршау. Ауырғанына бір ай болған, суықтап қалуымен байланыстырады. Қарағанда:жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,8°С. Дене бітімі қалыпты, терісі ылғалды, түсі калыпты. Кеуде сарайы нормостениялық, екі бөлігі де тыныс актісіне бірдей қатысады, ТЖ-22 рет 1 мин. Перкуссияда: оң өкпеде өкпе дыбысы тұйықталған, аускультацияда – везикобронхиальды дыбыс естіледі, аз мөлшерде ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Лабораториялық мәліметтері: Қан анализі: эр. 4.4хІ0І2/л; Нв-100 г/л; T.K.-0,9; лейк. 9,5x109; ЭТЖ-45 мм/сағ. Кеуде сарайының рентгенограммасында: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде I-II қабырға шамасында дөңгелек пішінді, мөлшері 4,0 х 4,0 см, жабық сақиналы көлеңке анықталады. Перикавитарлы аймақта аздаған ошақтар бар, өкпе түбірімен «жолақша» арқылы байланысқан, оның құрылымында жұпжолақты инфильтративті қабырғалы дренажды бронх анықталады. Басқа өкпе аймақтарында ешқандай өзгеріс жоқ. Синустары бос.
1. Синдромдарды анықтаңыз.
2. Диагнозды құрастырыңыз.
3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері
4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.
Жауап: Синдромдар: интоксикация синдромы, бронхиальды өткізгіштіктің бұзуылуы.
Диагноз: Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің инфилтративті туберкулезі.
Әдістері: Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы. Фибробронхоскопия.
Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.
|