Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
баллдық емтихан сұрақСодержание книги
Поиск на нашем сайте 30 баллдық емтихан сұрақ (ТҮСІНЕДІ) 1. Сұрақ: Біріншілік туберкулез жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы. Жауап:Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі Біріншілік туберкулезді жиынтық Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі Өкпенің шашыранды туберкулезі Өкпенің милиарлы туберкулезі Өкпенің ошақты туберкулезі Өкпенің инфильтративті туберкулезі Казеозды пневмония Өкпе туберкулемасы Өкпенің кавернозды туберкулезі Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі Өкпенің цирротикалық туберкулезі Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема) Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі Туберкулездік уытталудың клиникалық симптомдары ретінде ОЖЖ зақымдалуы дамиды. Ол, әсіресе, балаларда айқын білінеді. Науқас бала жылағыш, қозғыш, тез өкпелегіш келеді. Тәбеті және физикалық ойнау қабілеті, зейіні, сонымен қатар көңіл бөлу қабілеті де төмендейді. Функциональды вегетативті және қан тамырлар өзгерісі тершеңдікпен, тахикардиямен, гипотаниямен білінеді.Кейде жүрек ұшында систолалық шу анықталады. Миокардта дистрофиялық өзгерістер пайда болып, ЭКГ-да білінеді. Нейроэндокриндік бұзылыстар нәтижесінде жасөспірім қыз балаларда етеккірі бөгелуі немес аурған уақытта тоқтауы мүмкін. Периодты түрде дене қызуының субфебрильді деңгейге көтерілуі, әсіресе, тәуліктің екінші жартысынан дамиды. Мектепке дейінгі балаларда уытталудың дамуы лимфоидты тіннің гиперплазиясымен және перифериялық лимфа түйіндерінің үлкеюімен қатар жүреді. 5-7 топтардағы лимфа түйіндер пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз, диаметрі 5-15 мм. Олар периаденит және тері қабаттарының қабынусыз жұмсақ эластикалық болады. Көкірек аралық лимфа бездерінің үлкеюінен жоғары қақпа жаншылып қалуы мүмкін. Жоғарғы қақпа көктамыр синдром көк тамырлық қысымның жоғарылауымен кеуденің беткей тері асты көк тамырларының кеңеюуі, бастың ауруы, беттің ісінуі, цианоз, мойын көлемінің үлкеюімен сипатталады. Құрғақ көкжөтелдің пайда болуы мүмкін. Ол кеңірдектің кеуде бөлігінің ұлғайған лимфа бездерінің және оны бифуркация аймағының қысымына негізделеді. Кейбір науқастарда кеңірдектің және басты бронхтарды қысымынан стридорозды тыныс алу пайда болады. Кеуде ішілік лимфа бездер туберкулезінің стетоакустикалық симптомдары без аймағындағы тіндердің арнайы қабыну кезінде пайда болады. Өкпе дыбысы парастерналды және паравертебральды аймақтарда тұйықталады, кеуде омыртқасының сүйір өсіндісінің үстінен бронхофония күшейеді, төс сабының үстінен басты тез артқа шалқайтқанда «волчок шуы» пайда болады. Бастапқы туберкулездік кешен жедел немесе жеделдеу басталады. Жағдайдың ауырлығы уытталу синдромының айқындылығына жергілікті зақымдалу сипатына және ұзақтығына байланысты. Дене қызуы 38-38,5 С градусқа көтеріледі. Қақырықты жөтел, зақымдалған аймағында ауырсыну сезімдері пайда болады. Ол өкпеден плевраға өткенде дамиды. Туберкулездік кешенннің көлемі өкпе сегментінің көлемінен үлкен болып келсе, перкуссиялық және аускультациялық белгілер анықталады. Зақымдалған аймақ үстінен өкпе дыбысының тұйықталуы, тыныс шығырудың күшеюі мен әлсіреуі естіледі. Жөтелген кезде ұсақ көпіршікті сырылдарды естуге болады. Диагностика. Кликалық анализді талдау кезінде, науқастың жасына, туберкулездік науқаспен қатынаста болғанына, отбасында туберкулезбен ауырғандарға мән береді. БЦЖ вакцинациясының маңызы зор. Туберкулиндік диагностика. Балалар мен жасөспірімдерде вакцианция кезінде туберкулинге оң реакция анықталады. Ол вакцинадан кейінгі аллергиямен байланысты. Ал ТМБ жұқтырған болса аллергиялық реакция жұқпалық реакцияға ауысады. Ол кезде Манту сынамасында 2 ТЕ енгізген жерінде инфильтрат көлемі алдыңғы сынамаға қарағанда 6 мм үлкейеді. Бактериоскопиялық зерттеу.Жөтел және қақырық бөлінгенде жасайды. Кіші балаларда араннан жағынды, бронх пен асқазаннан шайынды алады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.006 с.) |