баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

20 баллдық емтихан сұрақ

(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)

5. Сұрақ:Өкпенің туберкулемасы анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Туберкулема-диаметрі 1 см немесе одан көп болған,фиброзды қабықты казеозды фокусты айтамыз. Өкпе туберкулемасының 6-10%-і алғаш туберкулезбен ауырған адамдар арасында кездеседі.ал оның туберкулезге қарсы күресетін диспансердегі контингенттер арасындағы жиілігі 10-12%. Туберкулема балаларда және жасөспірімдерде өте аз кездеседі. Туберкулеманың морфологиясын және даму кезеңдерін туберкулездің әр түрлі клиникалық түрлері түзеді. Туберкулеманың негізгі формасы екіншілік туберкулезінен құрылады. Туберкулеманың түзілуі ауруға жоғарғы табиғи қарсылық көрсететін және туберкулезге қарсы иммунитеті бар адамдарда байқалады, бұларда туберкулездік қабыну дәнекер тінмен және эпителиоидтық клеткамен шектеледі. Туберкулемалар туберкулез ошақтарының өршу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Алдымен каезозды қабыну , сонымен қатар продуктивті дәнекер тінді реакция түзеді. Көп рет өршулер болғанда туберклема ядросының капсуласы дәнекер тіндері сақиналарымен бөлінген қабаттардан тұрады. Сонымен қатар туберкулема инфильтраттың және топталған ошақтардың орнында түзілуі мүмкін. Диаметрі 1см-ден үлкен туберкулемалар өршігенде өкпеде каверналармен бірге бронхогенді, яғни кеңірдек тамырлары арқылы тараған ошақтар пайда болады. Туберкулемалар аппозиционды өсу арқылы, сондай ақ инфекцияның лимфогенді және гематогенді таралуымен конгломерат түзіп өршиді. Туберкулема көбінесе өкпенің сыртқы бөліктерінде орналасады. Каезозды біркелкі заттардан құрылады немесе бірнеше қабаттан тұрады,олар бір бірімен коллагенді талшықтар арқылы бөлініп тұрады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 52; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)