баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

20 баллдық емтихан сұрақ

(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)

1. Сұрақ:Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі- біріншілік туберкулездің жиі кездесетін түрі. Ол ТМБ популяциясының жоғарылауынан және иммунды жүйенің зақымдалуынан дамиды. Осындай жағдайларда кеуде ішілік лимфа түйіндеріндегі арнайы қабыну үдей түседі. Зақымдалу деңгейі ауқымдалады. Ақырындап лимфа түйіндернің тіні толығымен грануляциялық тінге аламасады. Патологиялық үрдіске көкірек аралықтың лимфа түйіндері мен тіндері ұшырайды. Зақымдалу аймағы ауқымды болсада, әдетте өкпе тінінде арнайы өзгерістер болмайды. Бірақ асқынудың салдарынан лимфогематогенді және бронхогенді жайылу болуы мүмкін.

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі-өкпе тінінде арнайы өзгеріссіз лимфа түйіндерінің зақымдалуымен сипатталатын бастапқы туберкулездің формасы.

Лимфа ағысының заңына сәйкес аурудың ерте кезеңінде көбінесе бронхопульмональды және трахеобронхиальды лимфа түйіндері зақымдалады. Бронхопульмональды лимфа түйіндерінің туберкулезді қабынуын бронхоаденит деп атайды.

Кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі инфильтративті және туморозды (ісікті) деп бөлінеді. Инфильтративті формады зақымдалу аймағы ауқымды емес, казеозды-некротикалық өзгерістер әлсіз, қоршаған тіндерде инфильтративті реакция бар. Туморозды формада зақымдалу аймағы ауқымды, казеозды-некротикалық өзгерістер көп, қоршаған тіндерде инфильтративті реакция әлсіз болады.

Асқынбаған кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезін ерте анықтағанда және дер кезінде емделгенде ағымы жақсы өтеді. Перифокальды инфильтрация сіңіріліп, казеозды массаның орнына кальцинаттар пайда болады. Лимфа түйіндерінің капсуласы гиалинизирленіп, қоршаған тіндері фиброзды өзгерістерге ұшырайды. Аурудың басталғаннан 2-3 жылдан кейін қалдықты өзгерістер мен клиникалық сауығу дамиды.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 54; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)