Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
баллдық емтихан сұрақСодержание книги
Поиск на нашем сайте 30 баллдық емтихан сұрақ (ТҮСІНЕДІ) 2. Сұрақ:Өкпенің фиброзды – кавернозды туберкулезі жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері. Жауап:Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі Біріншілік туберкулезді жиынтық Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі Өкпенің шашыранды туберкулезі Өкпенің милиарлы туберкулезі Өкпенің ошақты туберкулезі Өкпенің инфильтративті туберкулезі Казеозды пневмония Өкпе туберкулемасы Өкпенің кавернозды туберкулезі Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі Өкпенің цирротикалық туберкулезі Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема) Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі Клиниклық көрінісі. Алғаш анықталған фиброзды - кавернозды өкпе туберкулезімен ауыратын науқастарға әлсіздік, есеңгіреу, тәбетінің төмендеуі, арықтау, қақырықты жөтел, ал аурудың асқынған жайылмалы түрінде қызба гектикалық түрде, түнгілік тершеңдік, ентігу шағымдары тән. Ұзақ уақыт бойы фиброзды – кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарда созылмалы уытталу симптомы, ентігу, аз мөлшерлі қақырықпен, сирек қан араласқан жөтел анықталады. Өршу кезінде көп шағымдар және жағдайының қанағаттанарлық болуы тән. Ремиссия ұзақтығы үлкен емес. Фиброзды – кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарда қабырға аралықтардың , бұғана үсті және асты шұңқырларының зақымдалған аймаққа қарай ішке тартылуы анықталады. Өкпе көлемінің барынша кішірейгенде , кеңірдектің ауытқуы мен кеуде қуысы мүшелерінің зақымдалған жаққа қарай ығысуын анықтайды. Зақымдалған өкпе үстінде перкуторлы дыбыс, әдетте , қысқарған, бронхиалды тыныс әлсіреген болып келеді. Фиброзды – кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарды ұзақ үздіксіз емдеу нәтижесінде үдерістің тұрақтылығы және зақымдалған аймақтың шектелуі басталуы мүмкін. Грануляциялық және казеозды – некроздық қабаттың және айқындылығы және перикавитарлы қабынуы азаяды, бронхогенді және лимфогенді туберкулезді ошақтар сіңіріледі. Бұл динамика жиі шектелген фиброзды – кавернозды туберкулезде байқалады. Бірақ біраз уақыт өткен соң арнайы үрдіс үдей түседі. Фиброзды – кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастардың өкпесіндегі, бронх және плеврасындағы молрфологиялық өзгерістердің қайтымысздығын есіне ала отырып , хирургиялық ем қолдану мәселелерін қарастыру маңызды болып саналады. Зақымдалудың шектеулі уақыты кезінде фиброзды кавернаны және жақын жатқан өзгерген тіндерді алып тастағанда тұрақты клиникалық жазылуға қол жеткізу сирек кездеседі. Фиброзды - каврнозды туберкулездің өршуі және асқынуы кезінде хирургиялық араласу мен кешенді емнің әсері, көбіне төмен болады. Таралған және асқынған фиброзды – кавернозды туберкулезі бар науқастарда хирургиялық емдеу әдісіне мүмкіндік болғанымен , көбінесе операцияға қарсы көсеткіштердің болуымен шектеледі. Өкпенің фиброзды – кавернозды туберкулезінің диагностикасында көп жағдайда қиындық тудырмайды. Осындай науқастардың көпшілігінің анамнезінде ерте анықталған туберкулез мәліметтері бар. Созылмалы ағымды аурулар, оның климаттық көрінісінің сипаты , ал өкпенің рентгенологиялық зерттеулерінде қалыптасқан каверналар анықталады. Рентгенологиялық зерттеулері кезінде бір немесе бірнеше сақина тәрізді көлеңкелерді , өкпенің зақымдалған аймағының кішірейгенін , бронхогенді себілуде полиморфты ошақты көлеңкелерді анықтайды. Сақина тәрізіді көлеңкенің диаметрі 2-4см-ден өкпе бөлігінің мөлшеріне дейін, пішіні домалақ болуы мүмкін, бірақ ол жиі дұрыс емес немесе лициклдық ( бірнеше каверналарды біріктіргенде) болып келеді. Кейде кавернаның кіреберісінде секвестрлер немесе сұйықтық деңгейі анықталады. Өкпенің төменгі бөлігіндегі кавернаның жоғарғы бөліктік орналасуында фиброзды тәждік, бронхогенді себілу ошақтары мен фокустар анықталады. Өкпе көлемінің кішіреюі кеуде аралық мүшелердің зақымдалған жаққа ығысуына әкеледі. Қабырға аралықтары тарылады, көкет көтеріледі. Екі жақ өкпенің төменгі және ортаңғы бөліктерінде бронхогенді себілу ошақтары көрінеді, олар өршу кезінде фокусқа және ыдырау қуысына айналады. Екі жақты фиброзды - кавернозды туберкулез кезінде гемотогенді дессимирленген қалыптасқан каверналар, фибринозды өзгерістер өкпенің жоғарғы бөлігінде орналасады. Төменгі бөлікте өкпе алаңының тұнықтығы артады. Верификация диагнозы үшін бактериалогиялық әдіс қолданылады. Өкпенің кавернозды - туберкулезімен алғаш анықталған науқастарға қақырық микроскопиясы ақпаратты болып табылады. Фиброзды - кавернозды туберкулез кезінде бактерия шығару массивті болады, әсіресе, бірінші рет анықталған науқастарда , сол себепті ТМБ тура бактериоскопия әдісімен анықтайды. Бактериологиялық зерттеу кезінде микобактерия таза өсіндісін бөліп алу және туберкулезға қарсы химиялық дәрілерге олардың сезімталдығын анықтау қажет. Сирек жағдайда микобактериялар бірнешеуіне сезімтал болып келеді, жүргізген химиялық терапияның тиімсіз екенін түсіндіреді. Фиброзды - кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарда қақырықты зерттеу кезінде ТМБ қатар холестерин кристалдары , аморфты фосфат тұздары , Эрлих үштігінің эластикалық талшықтары анықталады. Сонымен қатар жиі әр түрлі бактериалық саңырауқұлақтық флоралар жүреді. Сол себепті қақырық анализіне бактериограмманы және саңырауқұлақты зерттеу кіру керек. Күрделі диагносткикалық жағдайларда , ПЦР –ді, сонымен қатар биоптатты гистологиялық зерттейтін бронхоскопиялық биопсияны қолданады. Фиброзды - кавернозды туберкулезбен ауыратын науқастарда туберкулин диагностика нәтижесі туберкулинге сезімталдығы нормоергиялық болады. Ауру асқынған жағдайда туберкулинге сезімталдығы теріс анергияға дейін төмендейді. Жалпы қан анализінің өзгерістері туберкулез үрдісінің кезеңіне байланысты. Қабыну реякциясының күшеюі кезінде, лейкоцитоз солға жылжумен , лимфоциттер саныынң азаюымен , ЭТЖ – ның артуымен анықталады. Өкпенің қан кетуі кезінде сонымен қатар мүшенің ішкі амилоидозы кезінде анемия пайда болады. Аурудың айқын кезінде жалпы зәр анализінде аздаған протеинурия, бірен -саран лейкоциттер және эритроциттер байқалады. Фиброзды -кавернозды туберкулезбен аурыатын науқастарда сыртқы тыныстың функциясы, бауыр, бүйрек, асқазан және ішек, гипофиз және бүйрек үсті қыртысы жүйесінің жасушалық иммунитеті тежеледі. Метаболикалық үрдіс бұзылысы және гипоксемия байқалады. Өкпелік жүректік, өкпелік - жүрек жетіспеушілігі дамыса , ол өлімге себеп болып табылады.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 45; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.196 (0.011 с.) |