баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

30 баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

4. Сұрақ:Миллиарлы өкпе туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы.

Жауап:Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі

Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

Біріншілік  туберкулезді жиынтық

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

Өкпенің шашыранды туберкулезі

Өкпенің милиарлы туберкулезі

Өкпенің ошақты туберкулезі

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Казеозды пневмония

Өкпе туберкулемасы

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

Өкпенің цирротикалық туберкулезі

Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)

Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі

 Миллиарлы туберкулез бір уақытта өкпеде және басқа да органдарда көптеген ұсақ төмпешіктер біркелкі және симметриялы орналасумен сипатталады. Жедел басталып, дене қызуы 39-400 С көтеріледі, бас ауырады,тоңазиды, цианоз бен ентікпемен сипатталады. Тыныс алу жиілігі минутына 30-40, тахикардия. Науқастың жалпы жағдайы ауыр, есі айқын болмауы мүмкін. Физикалық тексеруде алғашқы 4-6 күнде ешқандай өзгеріс болмайды, кейінірек төмендегеннемесе везикулярлы тыныс үстінде құрғақ және ұсақ ылғалды сырылдар естіледі. Бауыр мен көкбауыр әдетте үлкееді, теріде токсикалы розеолезді бөртпелер болуы мүмкін. Миллиарлы туберкулез симптомдар түрінің басымдығына қарай шартты түрде өкпелі және сүзекті болып бөлінеді. Өкпелі түрінде өкпе зақымы симптомдары басым да, сүзекті түрінде жалпы интоксикация симптомдары басым.Қандағы өзгерістер: СОЭ жоғарылайды, қалыпты немесе аздаған лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз. Туберкулин сынамалары: Гипоергиялық немесе теріс мәнді анергия.Рентгенологиялық көрінісі: Көптеген симметриялы (төмен үдемелі) мономорфты ұсақ ошақты көлеңкелер, өкпе алаңдарының айқындылығы төмендеген, өкпе суретінің анықтығының азаюы, ұсақ тордың пайда болуы, контрасттығының төмендеуімен сипатталады.

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 46; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.005 с.)