кпенің созылмалы шашыранды туберкулезі
Өкпенің созылмалы шашыранды туберкулезі
Клиникалық көріністері. Толқын тәрізді ағым тән: Ремиссия кезінде клиникалық симптомдар жартылай басылады, өршу кезінде күшееді. Интоксикациялық белгілері айқын емес. Көп жағдайда науқастар өздерін қалыпты сезінеді, бірақ мұқият сұрастыру кезінде жалпы әлсіздік және физикалық жүктемеден кейінгі ентігу анықталады. Өкпедеге деструктивті өзгерістерге алып келетін өршу кезінде интоксикация белгілері айқындала бастайды. Кейіннен, созылмалы өкпелік жүрек белгілері байқала бастайды (ентігу, диффузды цианоз).
Фиброз дамуы салдарынан өкпенің жоғарғы бөліктерінде бронхэктаздар түзіледі (перкуссияда – өкпе дыбысының қысқаруы), төменгі бөлігінде эмфизема дамиды (перкуссияда - тимпанит). Аускультацияда – паравертебральды аймақта – құрғақ, кей жағдайларда – ылғал сырылдар естіледі.
Рентгенологиялық белгілері:
· Әр түрлі көлемді ассиметриялы орналасқан полиморфты ошақтар – «жұлдызды аспан» симптомы, жоғарғы бөліктерінде – тығыздығы жоғарылау ошақтар.
· Штампты бөлек каверналар
· Өкпедегі фиброзды өзгерістер – «жылауық тал» симптомы
· Бронхэктаздар, эмфизема белгілері
Қандағы өзгерістер
Миллиарлы туберкулез
Жеделдеу шашыранды
Созылмалы Шашыранды
СОЭ жоғарылайды, қалыпты немесе аздаған лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз.
Лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз,
СОЭ жоғарылайды.
Ремиссия кезінде қалыпты болуы мүмкін. Өршу кезеңінде - лейкоцитоз, лимфопения, моноцитоз,
СОЭ жоғарылайды.
Туберкулин сынамалары
Миллиарлы туберкулез
Жеделдеу шашыранды
Созылмалы шашыранды
Гипоергиялық немесе
теріс мәнді анергия
Нормергиялық, гиперергиялық
Нормергиялық, Гиперергиялық
ТМБ анықтау жиілігі
Миллиарлы туберкулез
Жеделдеу шашыранды
Созылмалы шашыранды
Сирек
96 % дейін
60 % дейін
|