Рентгенологиялық зерттеулер. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Рентгенологиялық зерттеулер.

Поиск

Рентгенологиялық зерттеулер.

Пневмониялық сатысы- 20-30 мм және одан да көп болатын формасы дұрыс емес, контуры тегіс емес, біркелкі емес құрылым өкпе тінінің қараюымен сипатталады. Өкепедегі қараю өкпе түбірінің кеңеюінен болады. Ол кейде онымен бірігіп кетеді және рентген суретінде анық көрінбейді. Қараю көбінесе өкпенің 3,4,5 немесе базальды сегменттерінде болады. 4-6 айға созылады.

50 баллдық емтихан сұрақ

(ҚОЛДАНАДЫ)

1. Сұрақ:50 жастағы әйел, бұрын туберкулезбен ауырмаған, дем алғанда күшейетін кеудесінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, дене қызуы 380С көтерілуіне, әлсіздікке, қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданады. Екі апта бұрын суықтап ауырған. Қарағанда: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері, кілегей қабаттары таза, ылғалды. ТАЖ 24 рет мин. Тыныс алуда кеуденің оң жақ бөлігі қалыңқы, оң жақ жауырын асты аймақта дауыс дірілі күшейген. Перкуссияда перкуторлық дыбыс қысқарған. Аускультацияда везикалық тыныс оң жақ жауырын асты аймақта әлсіреген. Жалпы қан анализінде: эр. 4,8x1012 \л, Лей. 15,2х109 \л Т\ядро нейтрофил 27% сегмент ядролы 58%. Лимф. 10% Моноцит 5% ЭТЖ 37 мм\сағ. Рентгенде: өкпенің оң жақ төменгі - латериальды бөлігінде қиғаш орналасқан гомогенді көлеңке анықталды.

1. Синдромдарды анықтаңыз.

2. Диагнозды құрастырыңыз.

3. Негізгі диагнозды дәлелдеу үшін ең қажетті қандай зерттеу әдістері.

4. Негізгі ауруды емдеу үшін ең қажетті дәрілерді жазу.

Жауап: Синдромдар: ауырсыну синдромы, плевра қабатында сұйықтық жиналу, интоксикация синдромы.

Диагноз: Оң өкпенің төменгі бөлігінің эксудативті плевриті.

Әдістері: Плевральды қуыстың ультра дыбыстық зерттеуі.

Плевральды пункция.

Плевральды сұйықтықты МБТ бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Қақырықты МБТ микроскопиялық және бактериологиялық зерттеу. Кеуде қуысының рентген томограммасы.

Емі: Туберкулезге қарсы препараттар: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, препараттардың мөлшері дене салмағына қарай тағайындалады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.008 с.)