баллдық емтихан сұрақ
30 баллдық емтихан сұрақ
(ТҮСІНЕДІ)
2. Сұрақ: Ошақты өкпе туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, диагностикасы.
Жауап:Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі
Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану
Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі
Біріншілік туберкулезді жиынтық
Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі
Өкпенің шашыранды туберкулезі
Өкпенің милиарлы туберкулезі
Өкпенің ошақты туберкулезі
Өкпенің инфильтративті туберкулезі
Казеозды пневмония
Өкпе туберкулемасы
Өкпенің кавернозды туберкулезі
Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі
Өкпенің цирротикалық туберкулезі
Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)
Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі
Клиникалық көріністері:
Көбінесе профилактикалық тексеру кезінде анықталынады.Клиникалық белгілері өте аз.Шартты түрде улану және тыныс ағзаларының жарақаттану белгілері пайда болады.Дене қызуы тұрақсыз субфебрилды,жұмысқа қабылетінің нашарлауы,қалжыраумен,вегетативті тамырлар дистониясымен тершеңдікпен сипатталады.Науқастар бүйіріндегі ауырсынуға,құрғақ жөтелге шағымданады.
Рентгенологиялық көрінісі.
Ошақты туберкулез диагностикасының ең негізігі әдісі болып есептеледі.
Бояу қанықтығы әлсіз , нәзік торлы, пішіні анық емес, жолақ тәріздес көлеңкелер (лимфангит, бронхит) көрінеді. Әрі қарай оның тұсында шектелген көлеңке көлемі 1 см-ге дейін немесе одан жоғары пішіні дұрыс емес, қанықтығы әлсіз шекарасы анық емес топтасқан көлеңкелер байқалады.
Лабароториялық зерттеу.
Науқас қақырығынан қоздырғышты табу,кейбір наустарда ЭТЖ жоғарлау,лимфоциттің көтерілуі,зат алмасу өзгерістері байқалады.
|