баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

30 баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

1. Сұрақ:Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі жіктемесі, клиникалық белгілері, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап:Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі

Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

Біріншілік  туберкулезді жиынтық

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

Өкпенің шашыранды туберкулезі

Өкпенің милиарлы туберкулезі

Өкпенің ошақты туберкулезі

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Казеозды пневмония

Өкпе туберкулемасы

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

Өкпенің цирротикалық туберкулезі

Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)

Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі

 Кеуде ішілік лифма бездердің туберкулезі және бастапқы туберкулезді кешен-туберкулездік уытталу синдромымен, сонымен қатар арнайы жергілікті зақымдалумен жүреді.

Емшек еметін және ерте жастағы балалардағы кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі және бастапқы туберкулездік кешеннің клиникалық көріністер айқын емес болады.

Кеуде ішілік лимфа бездер туберкулезінің кіші формасында диаметрі 15 мм болатын 2 кеуде ішілік лимфа бездері зақымдалады. Аурудың ағымы инапперцентті.

Кеуде ішілік лимфа бездер туберкулезінің үлкен формасында жеделдеу басталып, уытталу синдромы біртіндеп үдей бастайды. Перинодуллярлы экссудативті реакциясынан және кеуде ішілік лимфа бездердің бірнеше топтарының зақымдалуынан жедел басталады. Осы кезде фебрильді қызба және жалпы анық функционалды бұзылыстар дамиды.

Көкірек аралық лимфа бездерінің үлкеюінен жоғары қақпа жаншылып қалуы мүмкін. Жоғарғы қақпа көктамыр синдром көк тамырлық қысымның жоғарылауымен кеуденің беткей тері асты көк тамырларының кеңеюуі, бастың ауруы, беттің ісінуі, цианоз, мойын көлемінің үлкеюімен сипатталады. Құрғақ көкжөтелдің пайда болуы мүмкін. Ол кеңірдектің кеуде бөлігінің ұлғайған лимфа бездерінің және оны бифуркация аймағының қысымына негізделеді. Кейбір науқастарда кеңірдектің және басты бронхтарды қысымынан стридорозды тыныс алу пайда болады.

Кеуде ішілік лимфа бездер туберкулезінің стетоакустикалық симптомдары без аймағындағы тіндердің арнайы қабыну кезінде пайда болады. Өкпе дыбысы парастерналды және паравертебральды аймақтарда тұйықталады, кеуде омыртқасының сүйір өсіндісінің үстінен бронхофония күшейеді, төс сабының үстінен басты тез артқа шалқайтқанда «волчок шуы» пайда болады.

Диагностика. Кликалық анализді талдау кезінде, науқастың жасына, туберкулездік науқаспен қатынаста болғанына, отбасында туберкулезбен ауырғандарға мән береді. БЦЖ вакцинациясының маңызы зор.

Туберкулиндік диагностика. Балалар мен жасөспірімдерде вакцианция кезінде туберкулинге оң реакция анықталады. Ол вакцинадан кейінгі аллергиямен байланысты. Ал ТМБ жұқтырған болса аллергиялық реакция жұқпалық реакцияға ауысады. Ол кезде Манту сынамасында 2 ТЕ енгізген жерінде инфильтрат көлемі алдыңғы сынамаға қарағанда 6 мм үлкейеді.

Бактериоскопиялық зерттеу.Жөтел және қақырық бөлінгенде жасайды. Кіші балаларда араннан жағынды, бронх пен асқазаннан шайынды алады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 47; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.007 с.)