баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

20 баллдық емтихан сұрақ

(ЕСТЕ САҚТАЙДЫ)

2. Сұрақ: Ошақты өкпе туберкулезі анықтамасы, этиологиясы, патогенезі.

Жауап: Ошақты туберкулез дегеніміз клиникалық ағымы аз симптомды,ощақтарының диаметрі 10 мм ге дейін және жайылу көлемі 1-2 кесіндімен шектелетін өкпедегі қабыну процессі.

Ошақты туберкулез балалар мен жасөспірімдерге қарағанда,ересектерде жиі кездеседі. Себебі ол бірінші рет инфицирленген соң көп жылдардан кейін немесе біріншілік туберкулез инфекциясының екіншілік периодында дамып пайда болады.Соңғы жылдары халықтың үнемі жүйулі түрде профилактикалық флюорографиялық тексеруден өткізілуіне байланысты ошақты туберкулез біршама азайған.

 

Патогенезі.

Ошақты туберкулез екіншілік форма болып саналады,яғни ол алғашқы немесе екіншілік туберкулезді емдегеннен кейінгі өзгерістер кезінде инфекцияның реактивациясынан немесе аэрогенді,алиментарлы суперинфекция салдарынан дамиды.Еліміздің көптеген қолайлы эпидемиялогиялық жағдайдағы жерлерінде,эгдогенді реактивация,ошақты туберкулез патогенезінде негізгі рол атқарады.Алкоголизм,наркомания да реактивацияға жол береді.Туберкулез ошағы негізінен өкпенің 1нші 2нші кесіндіде жиі орналасады.Егер микобактериялар өкпе паренхимасына бронх пен лимфа тамырлары арқылы енсе,туберкулез бір окпеде,ал қан тамырлары арқылы енсе екі өкпеде де кездеседі.Жаңа ошақты туберкулез емделмесе ол созылмалы түріне өршиді.

Патологиялық анатомиасы.

Ошақты туберкулез өкпенің аз мөлшерде шектелу жарақатталуымен сипатталады.Олар әдетте өкпенің картикальды бөлігінде 1 нші 2нші кесіндіде орналасады.

Жас ощақты туберкулез кезінде ошақтар экссудативті лобулярлы сипатта,бірақ кһп жағдайда продуктивті ацинозды және нодозды сипатта болады.Ошақ айналасы лимфоциттермен полинуклеарлы клеткалармен қоршалған.

Созылмалы ошақты туберкулез кезінде казеоз дәнекер тінмен қоршалған олар клеткалық элементтермен инфильтрацияланған.Ошақтын әктенуге ұшырауы мүмкін бұл кезде қабыну процессі жоғалады.Мұндай ошақтар кальцинат немесе петрификат деп аталады.Склерозды өзгерістер плеврада да байқалады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 48; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)