баллдық емтихан сұрақ 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

баллдық емтихан сұрақ

Поиск

30 баллдық емтихан сұрақ

(ТҮСІНЕДІ)

4. Сұрақ:Өкпенің циррозды туберкулезі жіктемесі, клиникалық көрінісі, зертханалық-аспаптық зерттеу әдістері.

Жауап:Өкпе туберкулезінің клиникалық жіктемесі

Балалар мен жасөспірімдердегі туберкулезді уыттану

Тыныс алу мүшелерінің туберкулезі

Біріншілік  туберкулезді жиынтық

Кеуде ішілік лимфа түйіндерінің туберкулезі

Өкпенің шашыранды туберкулезі

Өкпенің милиарлы туберкулезі

Өкпенің ошақты туберкулезі

Өкпенің инфильтративті туберкулезі

Казеозды пневмония

Өкпе туберкулемасы

Өкпенің кавернозды туберкулезі

Өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

Өкпенің цирротикалық туберкулезі

Туберкулезді плеврит (соның ішінде эмпиема)

Бронх, трахея, жоғары тыныс жолдарының туберкулезі

 Клиникалық көріністері.Циррозды туберкулездің симптоматикасы бірінші кезекте өкпенің құрылысы бұзылуына, брох бұтақтарының деформациясына және газ алмасуының қарқынды бұзылыстарына әкеледі. Науқастар ентігуге, қақырық тастайтын жөтелге шағымданады. Өкпелік – жүрек жетіспеушілігінің біртіндеп өршуі тән. Кезеңді түрде спецификалық үрдістің асқынуы пайда болады. Ұзаққа созылған үдерісте ішкі ағзалардың амилойдозы дамиды.

Туберкулез өршуінде уытталу, жөтелдің күшеюі, қақырық көлемінің көбеюі симптомдары байқалады, жиі спецификалық емес қабыну реакциясынан айыру қиын. Туберкулез өршуінің негізгі симптомы бактерия бөлудің қайталануы.

Өкпеден қан кету циррозды туберкулездің қатерлі асқынуы болып табылады, ол аспирациялық пневмонияны нмесе өлімге әкелетін асфиксияны дамытады.

Циррозды туберкулезбен науқасты объективті тексергенде, қол және аяқ саусақтарының шеткі фалангларының өзгерістері барабан таяқшалары түрінде, ал тырнақта сағат әйнегі түрінде болады. Бір жақты зақымдануда кеуде қуысының ассиметриялығы және зақымданған аймақтың тыныс алуда қалыс қалуы анықталады. Кеуде қуысы қалыңдаған, қабырға аралықтары тарылған. Жүректің тұйықталу шекарасының кеңеюі, өкпе артариясы тұсында екінші тонның акценті, қанайналым декомпенцациясында бауыр ұлғаюы, перифериялық ісінулер, кейде асцит болады.

Туберкулездің барлық өлімділік көрсеткіштері ішінде циррозды туберкулез 3%-ды құрайды. Тәелді емес өлім себептері өкпелік-жүрек жетіспеушілігі, өкпеден қан кету, ішкі мүшелердің амилайдозы болып табылады. Аускультацияда – қатты тыртықтық сырылдар, өзіңе сықырлауық дыбыстар естіледі. Өкпе дыбысының тұйықтылуы, тыныстың әлсіреуі, зақымдану аймағында құрғақ немесе ұсақ көпіршікті монотонды сырылдар естіледі.

Циррозды туберкулездіңдиагностикасыанамнезге және клиникалақ- рентгенологиялық мәліметтерге сүйенеді. Қақырықты бактериологялық тексеруде асқынған циррозды туберкулездің тек өршу кезеңінде ғана ТМБ анықталады. Қақырықта бір уақытта түрлі спецификалық микрофлораны анықтайды, ол тыныс жолдарында қабыну реакциясында спецификалық компоненттерге негізделген.

Жалпы қан анализінде қабыну өршігенде, таяқша ядролы нейтрофильдер және ЭТЖ артады, ал созылмалы гипоксияда эритроциттер саны мен гемоглобин құрамы артады. Ұзақ уытталу нәтижесінде қышқылды- негізді жағдайы бұзылып, метоболитикалық ацидозға әкеледі.

 

Рентгенологиялық белгілері.Зақымдалған жаққа қарай кеудеаралық мүшелердің ығысуы – «ашалы» симптом, айқын қараб және өкпелік алаңның таралуы, өкпе түбірінен диафрагмаға қарай ауырлануы – «жылауық тал» симптомы.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 55; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.21 (0.006 с.)