Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік». 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Поиск

Картотека №6

Бақылау:Ауа-райын бақылау.

Мақсаты:Ауа-райын бақылай отырып, күз мезгілінің өзіне тән ерекшеліктерін көрсете сипаттау.

Еңбек: «Таза алаң».

Мақсаты: Аула сыпырушыға көмектесу.Тазалыққа, кішіпейілдікке үйрету.Үлкендердің еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуов «Күшік».

Мақсаты: Ү дыбысының айтылуына жаттықтыру.Тақпақты мәнерлеп айтуға үйрету.

Е.Өтетілеуов. «Күшік».

Үреді үйшікте

Аулада күшіктер

Біреуі оның қап-қара,

Біреуі сары ала

Біреуі қардай ақ,

Біреуі сұр жолақ

Бәрібір, бәрінің жұмысы біреу-ақ:

Үреді абалап

Ойын:«Қасқыр мен қаздар».

Мақсаты: Топ болып ойнауға, рөлдерді бөліп ойнауға қалыптастыру.

Қимылдық ойын:«Тымпи-тымпи».

 

 Картотека № 4

 Бақылау:Аязды бақылау.

 Мақсаты:Қыс мезгіліндегі күннің суықтығы-аяз. Аяздан бетіміз бен қолымыздың тоңатынын, үсіріп жібе

руі де мүмкін екенін, сол үшін де колғап, мойын

 орауыш тағатынымызды түсіндіру.

Еңбек:Ауладағы қарды күреу.Мақсаты:Балаларды еңбек сүйгіштікке, бірлесіп жұмыс жасауға үлкенге көмек беруді үйрету. Күректі дұрыс ұстауға үйрету.

 Қим.ойын: «Сырғанақ тебу».  

Мақсаты:Балаларды ұйымшыл тату ойнауға, шанамен ойнауға шақыру, таудан төмен сырғанау әдісін үйрету.       Жеке жұмыс:Жұмбақ. Терезеге қонады,

 Әсем ою ояды.(Аяз).

Мақсаты:Жұмбақ жаттату арқылы есте сақтау, ойлау қабілет

терін дамыту, сөздік қорларын молайту.

 

 Картотека № 14

Бақылау:Күнді бақылау.

 Мақсаты:Тірі табиғат үшін күннің маңызы, пайдасы, қажеттілігі. Қыста күннің қызуы төмендейтіні туралы түсінік беру.          Еңбек: «Қыс қызығы».

Мақсаты:Балалар мен ата-аналар біріге отырып, ойын алаңын әшекейлеу, қардан сырғанақ жасау. Бірлесіп еңбек етуге үйрету, үлкендердің еңбегіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс: Ақ сандығым ашылды,                              Ішінен жібек шашылды.

(Күн)

Мақсаты:Балаларға жұмбақтарды жаттата отырып, тіл байлықта-

рын дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру.

Қимылды ойын: «Айгөлек».

 Мақсаты: Денені шынықтыру, шапшан-

дыққа , ептілікке баулу.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.176 (0.007 с.)