имылдық ойын: «Фигура жасап шық»
Қимылдық ойын: «Фигура жасап шық»
Картотека № 3
Бақылау: Күнді бақылау.
Мақсаты: Күн көзінің жарығын күннен тараған сәуле ( жарық) оның бүкіл табиғат үшін пайдалы да қажеттілігін ашу.
Қимылдық ойын:«Таяқшадан аттап өт», «Қуаласпақ»
Мақсаты: Жылдамдыққа , ептілікке баулу.
Еңбек: Гүл шоғы.
Мақсаты: Алаңдағы жапырақтарды жинап , олардан әдемі гүл шоғын жасау.
Жеке жұмыс: Е.Өтетілеуұлы . «Бағдаршам»
Мақсаты:Бағдаршаммен таныстыру.Жолда жүру ережелерін түсіндіру.
Е.Өтетілеуұлы «Бағдаршам»
Сақта көше тәртібін
Бағдаршамның ал «тілін»
Біліпт алдым мен де:
Жасыл жанса, демде
Алға кетем лезде.
Сары жанса , сабыр
Сақтай тұрам әзір.
Жанса қызыл шоқтай,
Қаламын кілт тоқтай.
Қимылдық ойын: «Үрпек төбет»
Картотека № 4
Бақылау:Ауа-райын бақылау.
Мақсаты: Күннің қанша градусқа төмендегенін бақылау. Күзгі табиғат құбылыстарын түсіндіру.
Еңбек: Гүл тұқымдарын жинау.
Мақсаты: Гүлдің тұқымнан өсетінін түсіндіру, көктемде тұқымды гүлзарларға себетіндігіміз, тұқымнан гүл өсетіндігін түсіндіру.
Жеке жұмыс: Сипап өткен самалға,
Тербеледі сары алма.
Көз салып едім бақшаға,
Қауын біткен сары ала.
Дидактикалық ойын: «Жемістер мен көкөністер».
Мақсаты: Жемістер мен көкөністерді ажырату.Олардың адам ағзасына тигізер пайдасын түсіндіру.
Қимылдық ойын: «Тышқан мен мысық»
Картотека № 4
Бақылау: Желді бақылау.
Мақсаты:Желдің түрлерімен таныстыру;салқын жел, жылы жел, ұйытқып соққан жел.Желдің күштілігі ауа-райының салқындығын үдететіндігін түсіндіру.
Еңбек: «Әдемі гүлдер»
Мақсаты:Гүлзардағы гүлдерді суару.Өсімдіктерге қамқор болу, аялау, күту.
Жеке жұмыс: Тақпақ. «Жел»
Мақсаты:Балаларға жел туралы өлең жаттату арқылы тілдегі дауыс ырғағының мәнерлілігін сезіне білуге мүмкіндік туғызу.
Жел улейді у-у-у.
Құйын келіп билейді зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқтыгу-гу-гу,
Жапырақтар қол соқты ду-ду-ду.
Қимылдық ойын:«Айгөлек-ау, айгөлек».
Мақсаты:Қандай жағдайда әр нәрсенің қажеттілігін білу мақсатында ойнату.Шапшаңдыққа баулу.
Қимылдық ойын:«Орамал тастау».
|